Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары


Slide 1

№15 Практикалық сабақ Тақырыбы:«Бала өмірінің алғашқы жылының психикалық дамудың негізгі бағыттары»

Орындаған:Иманжан Жаннат

Тобы:Дов 20-1

Оқытушы:Оспанбаева А. Р

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Slide 2

Жоспары:

1. Бір жастағы балалардың әлеуметтік жағдайы және анатомиялық физиологиялық дамуы. Бала тілінің даму барысында дербес сөзді мәні. Баланың дербес сөздері түсінуі. Автономиялық сөйлеу әрекетіне көшуі. Өзіне ғана түсінікті дербес сөздің ерекшеліктері.

2. Баланың актив және пассив сөздер

Slide 3

Бала физикалық, психикалық және әлеуметтік тұрғыда баланың дамуы өте тез, аз уақыт ішінде дәрменсіз жаңа туған нәрестеден туа біткен реакциялардың аз жиынтығымен үлкен жолды еңсеріп, белсенді сәбиге дейін өтеді, ол қарап, тыңдауға, әрекет етуге, көмек алуға, қуануға қабілетті.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Баланын сөйлеу тілі дамуын екі негізгі кезеңге бөледі:

Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін)

Сөйлеу тілі шыққанға дейін кезеңді дайындық кезең деп атайды. Өйткені бұл кезде сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады. Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әліде адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек.

Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады.

Сөйлеу тілі шыққан кезең. (бір жастан кейін) .

Мектеп жасына дейінгінің алдыңғы кезеңі бір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі оны құрайтын компоненттері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы.

Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен немесе дыбыс тіркестерімен бала затты, сезімін, өтінішін білдіреді) . Мысалы, «су» деген «мынау су», «су бер», «су суық» дегенді білдіруі мүмкін. Баланы тек ситуацияға қарай түсінуге болады. Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды. Бұндай сөйлеуде бала жест және мимика көп қолданады.

Slide 7

Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням-ням, мам-мам, ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем.

Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды.

Slide 8 Slide 9

Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады. Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай:

1ж. 6 айда - 10-15 сөз;

2ж. Соңында - шамамен 300 сөз

3ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.

3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді, содан кейін қарапайым фразалармен. («Апа Мина шай іш»-Апа, Амина шай ішеді. ) .

Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабілетіне қарағанда жоғары болады.

Slide 10

2. Баланың актив және пассив сөздері

Актив сөздер - күн сайын жиі қолданылатын сөздер.

Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады.

Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен, күн сайын қолданылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.

Slide 11

Балабақшада сөздік жұмысын жүзеге асыратын сабақтардың бірнеше

түрі бар. Олар:

1) Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары;

2) Сөз мағыналарын меңгерту сабақтары;

3) Сөздерді бейнелі қолдануға үйрету сабақтары. Бұл сабақтардың қай-

қайсысында да төмендегідей әдістер қолданылады:

1. Бақылау әдісі;

2. Сурет қарастыру әдісі;

3. Техникалық құралдарды қолдану әдісі;

4. Көркем шығарманы, оқу, жаттау, талдау әдістері.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Балалардың сөздік қорын дамытуға арналған жаттығулар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
Сөздік қорларын байыту
Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік, стилистикалық жаттығулардың маңызы туралы ақпарат
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
Математиканы оқытудағы дайындық кезеңі
Тілдік қанығу мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың тиімді технологиясы ретінде
Менің ойыншықтарым
Тіл дамыту әдістемесінің курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz