Қазақ халық ойындарының жіктемесі балалардың жас


Slide 1

М. Х. Дулати атындағы ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

таҚЫРЫБЫ: «Мектеп жасына дейінгі шығармашылық ойындар»

Орындаған:Иманжан Жаннат

Тобы:ДОВ 20-1

Қабылдаған:Шынива Р. Т

Slide 2

Ойын түрлері

Шығармашылық

Ережелі

Сюжетті-рольдік ойын

Театр ойыны

Құрылыс ойыны

Режиссерлік ойын

Қимыл-қозғалыс ойыны

Ермек

Дидактикалық

Ұлттық

Компьютерлік

Slide 3

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л. А. Венгер, О. М. Дьяченко, Т. К. Жикалкина, т. б. )

Қазақ халық ойындарының жіктемесі балалардың жас ерекшеліктеріне (А. Диваев), ойын сипатына (М. Гуннер, Е. Сағындықов, Б. Төтенав) ; дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М. Тәнекеев, Ж. Төлегенов, Т. Бекбатшаева, Т. Қуанышов) ; ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А. К. Айтпаева) сәйкес жасалды.

Slide 4

Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р. М. Жуковская, Д. В. Менджерицкая, Т. А. Маркова, Н. Я. Михайленколардың айтуынша, балалардың өздігінен көріністік-рөлдік ойындар ойнауы үшін білім-машықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдірін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезеңдерді нақтылы білуі қажет. Ол кезеңдер мыналар: жоспарлау, дайындау, іске асыру (ойынды өздігінен) ойын шартының дұрыс орындалуын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынасы, тәртібі.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің ”Ойыншы адам”, Д. Б. Элькониннің ”Ойын психологиясы”, Эрик Берннің ”Адамдар ойнайтын ойындар” атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары:А. В. Вербицкий, Т. В. Кудрявцев, И. П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров т. басқалар.

Slide 5

«Балабақшадағы тәрбие программасы» ойын түрлерін мазмұнына қарай былай бөледі:

Сюжетті-рольді ойындар

Қимылды ойындар

Құрылыс материалдарымен ойнау

Музыкалық-дидактикалық

Драмалық

Дидактикалық ойындар

Slide 6

Алуан түрлі сюжетті-рольді, құрылыс, дидактикалық, қимылды ойындарды балалардың бейімділігі мен құмарлығына сай ұйымдастырып, сыпайы, әдепті мінез-құлық дағдыларын және бірлесіп іс-әрекет етудегі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Балалардың білуге талпынуын, таным қабілетін, қимылын жетілдіру керек.

Кішкентайлар тобында ойын 5-6 минут, естияр тобында 6-8 минут, ал ересектер тобында 8-10 минут болғаны дұрыс. Ойын уақыты тәрбиеші түсіндірген сәтпен есептеледі.

Slide 7

Сюжетті-рольдік ойындар

Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы - рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

Ойын - әрбір баланың творчестволық бастамасын, көңіліндегі ойын жүзеге асыра білуін, өз ісін бір-бірімен келістіріп, үйлестіре, сюжеті мен ережелеріне сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін дамытады.

Slide 8

Балалар қимылды ойындарды өте ұнатады. Тәрбиешінің міндеті -бағдарламада көрсетілген қимылды ойындарды ережесіне сай үйрету. Жыл аяғында балалар ойындарды білуі тиіс, мұнда олар ережені дәлме-дәл орындаулары керек. Балалардың қай ойыны болсын үлкендердің басшылығымен дамиды.

Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіргенде әрі қысқа, әрі анық айтуға ерекше мән берген жөн. Әсіресе, тәрбиеші өзіне таныс емес ойынды ұсынбас бұрын оны аса зер салып түсініп алып, ойша ойнап көруі керек. Себебі тәрбиешінің ойын процесінде жіберген кемшілігі оның сапасын төмендетеді.

Slide 9

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Ұлттық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту
Тұлғаның қалыптасуындағы ойынның алатын орны
Қазақ халық әдебиеті
Қимыл – қозғалыс ойындарының теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарату
Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер
Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау
Асық ойындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz