Сенсорлық тәрбиенің мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері: мектепке дейінгі педагогика тұрғысынан


Slide 1

М. Х. Дулати атындағы ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

таҚЫРЫБЫ: «Сенсорлық тәрбиенің мақсат, міндеттері, ерекшеліктері»

Орындаған:Иманжан Жаннат

Тобы:ДОВ 20-1

Қабылдаған:Қашқынбаева Загира Қожабергеновна

Slide 2

Сенсорлық тәрбие

Slide 3

Баланың сенсорлық дамуы

Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли т. б. ) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.

Slide 4

«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М. Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді. Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі. (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) .

Slide 5

Сенсорлық тәрбиенің мақсаты

Сенсорлық тәрбие - балалардың сенсорлық процесінің мақсатын жетілдіру, (сезінулерді, қабылдауларды, ұсыныстарды) дамыту.

Сенсорлық тәрбиенің мақсаты: балалардың сенсорлық қабілеттілігін қалыптастыру.

Slide 6

Сенсорлық тәрбиенің мідеттері:

1) Балалардың естілім жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;

2) Балалардың сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;

3) Балалардың танымдық пен практикалық әрекетте естілім және сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін өз бетінше қабылдауды қалыптастыру.

Slide 7

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық дамуы және сенсорлық тәрбие әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік және сенсорлық дамуы
Мектепке дейінгі кезеңдегі сенсорлық тәрбие және оны ойын арқылы дамыту
Мектепке дейінгі жастағы сенсорлық даму мен тәрбиелеу: теория, әдістемелер және дидактикалық ойындар
Мектепке дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесі: Монтессори принциптері мен ойынның рөлі
Патриоттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері және құралдары
Мектепке дейінгі және кіші мектеп кезеңдеріндегі балалардың сенсорлық және танымдық дамуы
Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік негіздері және процесінің ерекшеліктері
Математиканы оқытудың мектепке тән үш негізгі мақсаты мен міндеттері
Тәрбиенің мақсаты мен әлеуметтік негіздемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz