МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК - РОЛЬДІК



таҚЫРЫБЫ: «Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары. »

Жоспары:
1. Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойынына сипаттама.
2. Сюжеттік ойынға тәрбиешінің жетекшілігі және ұйымдастыру әдістемесі.
3. Ойын барысында балалардың қарым-қатынасы.

Сюжетті-рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып табылады және олардың өміріне елеулі орын алады.
Сюжетті-рольді ойынның ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және творчестволық сипатта болады Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
1. Мектепке дейінгі балалардың
сюжеттік-рольдік ойынына сипаттама.

Балалардың өз ынтасынан туатын сюжетті-рольді ойындарды жоғары бағалай келіп, Н. К. Крупская былай деп жазды: «Балаларға ең сүйікті, ең қажетті ойындар - ойынның мақсатын балалардың өздері белгілейтін ойындар. Ойын процесі - сол мақсатты жүзеге асыру: бала жоспар жасайды, соны жүзеге асырудың құралын таңдап алады. Бұл жерде жоспар құру процесінің өзі маңызды».
Психолог Д. Б. Эльконин творчестволық сюжетті-рольді ойынға мынадай анықтама береді: «Мектепке дейінгі балалардың рольді немесе творчестволық деп аталатын, ойыны дамыған түрінде балалар өзіне ересектердің ролін алатын және жинақталған формада ойын жағдайында ересектердің қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта жасайтын іс-әрекет болып табылады. Бұл жағдайға тән нәрсе - ересектер қызметінің шын құралдарын алмастыратын алуан түрлі ойын құралдарының пайдаланылуы».

Сюжетті-рольді ойында оптимистік, өмір сүйгіш сипат айқын көрінеді, оларда ең қиын істердің өзі абыроймен сәтті аяқталып отырады: капитандар корабльдерді теңіз дауылы мен бұрқасынан аман алып өтеді, шекарашылар шекара бұзушыларды ұстайды, доктор ауруларды емдеп жазады.
Творчестволық сюжетті-рольді ойында бала өмір құбылыстарын белсенді түрде қайталап жасайды, солардан тебірене әсерленеді, осының бәрі оның өмірін бай мазмұнмен толтырады.
Балалардың өнерпаздығын, қоршаған өмір фактілері мен құбылыстарын творчестволықпен қайталап жасауды және бейнелеуді дамытуда және байытуда қиял орасан роль атқарады. Нақ осы қиялдың күшімен ойын ситуациялары, ондағы бейнелейтін кейіпкерлер, шын, кәдімгі нәрсені ойдан шығарылған нәрсемен ұштастыру мүмкіндігі жасалады, мұның өзі балалар ойынын тек соған ғана тән қызыққа айналдырады.

2. Сюжеттік ойынға тәрбиешінің жетекшілігі және ұйымдастыру әдістемесі.
Ойындардың бұл түріне басшылық үлкен шеберлік пен педогтық әдептілікті талап етеді. Тәрбиеші ойынды бұзбай, бағыттап отыруға, балалардың ойын әрекетінің өнерпаздық және творчестволық сипатын, қиналудың шынайлығын, ойын шындығына деген сенімді сақтауға тиіс.
Педагог ойынның түпкі ниеті мен дамуына ықпал жасайды, балалар өмірінің мазмұнын байытады: олардың ересектер еңбегі мен тұрмысы туралы, адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы ұғымын кеңейтеді, сол арқылы қандай да бір ойын ролінің мазмұнын нақтылайды. Осы тәсілдердің бәрі ойынға тікелей ықпал жасамайды, олар балалар ойын мазмұнын алатын қайнар бұлақты неғұрлым тереңірек ашуға, олардың рухани дүниесін байытуға бағытталған.
Педагог балалар орындайтын рольдер арқылы тәрбиелік ықпал жасайды.
Мысалы, ол «дүкен» ойынында меңгеруші ролін атқарушы баладан касса қайда, кассир кім, дүкенде ана зат неге жоқ, мына зат неге жоқ, сатып алушының өзіне керекті затты таңдап алуына қолайлы жағдай жасалған ба, сатып алынған затты кім орап береді деп сұрайды, сатып алушылар алғыс айтады, ал сатушы дүкеннен зат сатып алу үшін тағы да келіңіз деп сыпайы ізет білдіреді деп ойнаушылардың есіне салады.

Басшылық етудің ең тиімді тәсілі ойынға педагогтың өзінің қатысуы болып табылады. Өзі орындайтын роль, ойын әрекеттері арқылы ол ойынның мазмұннын дамытуға ықпал жасайды, оған барлық балалардың әсіресе жасқаншақ, ұялшақ балалардың қатысуына көмектеседі, олардың өз күшіне сенімін оятады, оларға басқа балалар тарапынан ықылас сезімін туғызады. Сонымен бірге ойынға ересек адамның қатысуы кейде құрдастарының инициативасын басып тастайтын, коллективке өзінің ойын, жоспарын, өз қалауын таңатын бастаушы балаларды тежеуге мүмкіндік береді.
Ойын аяқталған соң тәрбиеші балалардың ынтымақты тату қимылдарын атап өтеді, ересектерін ойынды талқылауға тартады, ойынға қатысушылардың жағымды қарым-қатынастарын тап көрсетеді. Осының бәрі балалардың келесі ойындарға деген ынтасын дамытады.
Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы балалардың сюжетті-рольді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

3. Ойын барысында балалардың
қарым-қатынасы.
Ойында қарым-қатынастың ойындық және нақтылы деп аталатын екі түрі болады. Ойындағы өзара қарым-қатынас мазмұн мен рольдің қарым-қатынасын бейнелейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz