Геннің экспрессиясы




Презентация қосу
Геннің экспрессиясы; Эукариоттағы
гендердің транскрипциясы

Орындаған: Әмірхан
Дінмұханбет
Қабылдаған:Жанатбеков Баян
Тобы:101Б
КІРІСПЕ

Генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан а-РНҚ-ға көшіріп
жазуын транскрипция деп атайдыТранскрипция процесі
ядрода арнайы фермент –РНҚ-полимеразаның көмегімен
ДНҚ және синтезделген а-РНҚ нуклеотидтерінің
комплементарлы жұптасуы жолымен іске асырылады. а-
РНҚ нуклеотидтерінің комплементарлы жұптасуы
жолымен іске асырылады. а-РНҚ тізбегінің синтезделуін 5’-
3’бағытында жүреді, яғни жаңа нуклеотид синтезделетін
а-РНҚ тізбегінің тек 3’-OH ұшына жалғанады.
Транскрипция тұтас бір хромосоманың бойында емес, тек
ДНҚ-ның бір тізбегінің жеке учаскелерінде жүреді. ДНҚ
молекуласының екі тізбегі бір-бірінен қызметтер бойынша
ажыратылады. Тізбектердің біреуі мағыналы немесе
кодтаушы, екіншісі матрицалық тізбек деп аталады. Осы
матрицалық тізбек қана транскрицияланады
ГЕНДІК ЭКСПРЕССИЯ

Эукариоттық организмдердегі гендер экспрессиясының реттелу механизмі
прокариоттармен салыстырғанда айтарлықтай күрделі процесс. Өйикені
эукариоттардың құрылыс ерекшеліктері, дамуы мен тіршілік процестерінің
күрделілігі гендер жұмысының реттелуін де күрделендіреді. Атап айтқанда,
клеткада ядро қабығының болуы, хромосомалар санының көп (диплоидты
жиынтық) болуы, гендердің күрделі өзара әрекеттесулері, оператор гендері
санының артуы, ДНҚ-да экзонинтронды учаскелердің болуы, сонымен қатар
структуралық гендер транскрипциясында индуктор ретінде гармондардың,
жүйке жүйесінің қатынасуы т.б. П.Георгиев ұсынған схема (1972) бойынша әр
оперон информациясы жоқ акцепторлық зонадан және информациясы бар зона
немесе структуралық гендерден тұрады. Акцепторлық зонада промотор және
оператор гендері орналасқан. Бұлар реттеуші (регулятор) белоктар арқылы
структуралық гендердің жұмысын басқарады. Бұл структуралық ген бірнеше
рет қайталанып құрылымдары біркелкі көптеген тізбектер түзуі мүмкін.
Олардың жұмысы бір мезгілде басталып, бір мезгілде тежеледі. Жануарлар мен
адамның әр оперонында бірнеше реттеуші гендер болуы мүмкін. Жалпы
алғанда, эукариоттық гендер экспрессияның реттелуі 5 кезеңде немесе
деңгейде өтеді: гендік, транскрипциялық, посттранскрипциялық,
трансляциялық, посттрансляциялық кезеңдер.
Гендік экспрессия кезеңдері
Гендік кезең. Структуралық гендердің көпшілігі сирек қайталанатын ДНҚ кесінділерінен
тұрады. Ол ДНҚ-ның жартысынан көбі активті емес бөліктерден (интрондар) құралғаны
айтылды. ДНҚ кеінділеріндегі көшірмелердің саны синтезделетін белоктың мөлшерін
анықтайды. Егер көшірмелердің саны аз болса, белок та жеткіліксіз мөлшерде түзіледі (зат
алмасу бұзылады). Мысалы, гемоглобинопатиялар.

Транскрипциялық кезең. Мұнда ладымен ДНҚ-ның құрылысына сәйкес про-и РНҚ түзіледі.
Ол экзонинтонды учаскелерден тұрады. Мутацияға байланысты нуклеотидтер ретінің
өзгеруі, генетикалық игформацияны да өзгертеді, аномальдық про-и РНҚ түзіледі.

Постранскрипциялық кезеңде түзілген про-и РНҚ процессинг және сплайсингтың
нәтижесінде жетілген и РНҚ-ға айналды. Бұл кезде де қажетті эндонуклеаза
ферменттерінің жеткіліксіздігінен интрондардың қырқылып түсуі немесе экзондардың бір-
бірімен дұрыс жалғануы жүрмейді, мұның нәтижесінде аномальдық и РНҚ түзіледі (жүйке
аурулары, β-талассемия).

Трансляциялық кезеңде коллинеарлық принципке сай аминқышқылдарынан полипеитилтік
тізбектер түзіледі. и РНҚ-да болатын мутациялық өзгерістерге байланысты
аминқышқылдардың реті, саны өзгеріп, не алмасып басқа белоктар синтезделіп ауытқулар
байқалуы мүмкін (О.К.А. т.б.).

Пострансляциялық кезеңде синтезделген полипептидтік тізбектерден арнайы
ферменттердің қатынасуымен сутекті, гидрофобты және S –S байланыстар түзілуі
нәтижесінде екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымды белоктар қалыптасып, қызмет
атқаруға бағытталады. Қажетті ферметтердің жеткіліксіздігінен белоктың күрделенуі
жүрмейді, яғни ол қызмет атқара алмайды.
Эукариоттардағы
транскрипция
Эукариоттағы транскрипция 3 кезеңнен
тұрады;
1.Инициация
2.Элонгация
3.Терминация
Фермент Жасушадағы Траескрипци Ά-
орны ч аминтаминге
нәтижесінде сезімталдығы
түзілген өнім
РНҚ – Ядрошық р-РНҚ(50-70%) Сезімталдығы
Полимераза І 5S р-РНҚ ны жоқ
қоспағанда

РНҚ – Нуклеоплазма а- РНҚ(20-40%) Сезімтал
Полимераза ІІ
РНҚ – Нуклеоплазма т-РНҚ(~10%) + Жануарларда
Полимераза ІІІ 5S қызмет
р-РНҚ атқармайды.Н
жануарларда асекомдар мен
ашытқы
саңырауқүлақт
арында
активті.
Эукариоттарда РНҚ –
полимеразаның түрлері
мынадай қызмет
атқарады
1. РНҚ –полимераза І рибасомалық РНҚ лардың
(р-РНҚ) 18S;28S;5,8S синтезін бақылайды.
. РНҚ –полимераза ІІ а-РНҚ ның кейбір
кішіядролық (кя) РНҚ лардың синтезін
бақылайды.тек бір ерекшелігі ,транскрипция
нәтижесіндесинтезделген гистондық про-а-
РНҚ,процессингтің нәтижесінде жетілген а-
РНҚ ның 5 түрлі типтерін түзеді.
РНҚ –полимераза ІІІ т-РНҚ және 5S РНҚ ның
синтезін бақылайды.
Осы аталғвндардың ішінде . РНҚ –полимераза ІІ
құрылысы мен қызметі жақсы зерттелген
Эукариоттардағы
транскрипцияның ерекшелігі

Эукариоттардағы транскрипцияның ерекшелігі
сол РНҚ –полимераза өздігінен иницияциялай
алмайды.Оның активтілігі үшін транскрипцияның
жалпы факторы деп аталатын бірқатар белоктар
қажет.ТФЖ РНҚ –полимеразамен байланысатын
стандарт нүктені қоршай орналасқан кешен
қалыптастырады.Қазіргі кезде транскрипцияның
6 түрі зерттелген
Олар; ТФ ІІА,ТФІІВ,ТФІІД,ТФІІЕ,ТФІІF және ТФІІН
Бұлардың ішінде ТФІІД қызметі ерекше оның
құрамында ТАТА-бокс байланыстырушы белоктар
және сегізге жуық молекулалар ТАТА-бокс
байланыстырушы факторлар болады.
Транскрипциялық
факторлар
Транскрипцияны бастауға қажетті
белоктар.Олар РНҚ полимеразаның
құрамына кірмейді. Тек ДНҚ мен РНҚ
полимеразамен байланысып
транскрипциялық кешен түзуге
көмектеседі.Оларға тән қасиеттер;
Гендегі
энхансерлік ,промоторлық және
басқа реттеуші учаскелердің арнайы
нуклеотидтер жүйесінің тани білуі
ДНҚмолекуласына жалғанғаннан кейін
транскрипциялық аппараттың басқа да
компанеттерімен байланыса алуы
Аминқышқылдарының арнайы
жалпылама орналасу реті

1.Стероидтық гормондардың рецепторларын
ДНҚ мен байланыстыратын домендер
2.Мырыштытық саусақтар
3.Шиыршық айналма шиыршық
4.Шиыршық ілмек шиыршық
5.Лейциндік ілмек
.Стероидтық гормондардың
рецепторларын ДНҚ мен
байланыстыратын домендер
Әр рецептор нақты бір стероидтың
байланысуы нәтижесінде активтенеді
Мырыштытық саусақтар

Типтесжалпы
аминқышқылдық
жүйелер.Алғаш мұндай
жүйелер TFIIA
транскрипциялық
факторларда
табылған,кейін жалпы
басқа да
транскрипцияларды бар
екені анықталған
Лейциндік ілмек

Бұл белок әр 7 орында лейцин
орналасқан аминқышқылдар
жүйесінен тұрады. Екі
белоетың жалпы
аминқышқылдары әрекеттесіп
димер түзейді
Қорытынды

Транскрипция процесінің реттелуін зерттеу молекулалық
биологияның маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Ақпараттың көшірілуі ДНҚ молекуласынан РНҚ-ға ғана емес,
сондай-ақ, кері бағытта, РНҚ-дан ДНҚ-ға да көшірілуі мүмкін.
Мұндай кері Транскрипция құрамында РНҚ молекуласы бар ісік
тудыратын вирустарда болады. Олардың құрамында жасуша
зақымданғаннан кейін вирустың РНҚ-сын ДНҚ тізбегін
синтездеуге матрица ретінде қолданатын фермент болады.
Соның нәтижесінде ДНҚ молекуласының бір тізбегі, яғни ДНҚ –
РНҚ гибриді түзіледі. Алғашқы РНҚ молекуласының барлық
ақпаратын алып жүретін вируспен зақымданған қос спиральды
ДНҚ молекуласы жасушаның хромосомасына еніп, қатерлі ісік
тудырады. Кері Транскрипцияның ашылуы Ресей ғалымы Л.А.
Зильбер (1894 – 1966) ұсынған қатерлі ісік вирусты-
генетикалық теорияның дұрыс екенін дәлелдеді. Кері
Транскрипция қалыпты жасушаларда ақпараттың
жинақталуында және оның іске асуында (мысалы, эмбрионды
даму кезеңінде) маңызды рөл атқаруы мүмкін
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
Молекулалық биология негіздері-
Қуандықов Е.Ө,Аманжолова Л.Е
«Алматы -2018»
https://kk.wikipedia.org/wiki/
Транскрипция_(биология)
https://ru.wikipedia.org/wiki/
Цинковый_палец
https://ru.wikipedia.org/wiki/
Мотив_«спираль-поворот-спираль»
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗДАРҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Ген экспрессиясы
Сүткоректілердің клеткалармен жұмыс істеу
ПРОКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНДЕР ЭКСПРЕССИЯСЫН РЕТТЕЛУ
ДНҚ бөлімі
Өсімдіктердің гендік инженериясының негіздері
Ақуыздың түзілуі
Рекомбинантты ДНҚ - ны құрастыру
Геномдық импринтинг аурулары
Гендік инженерия және жұмысының кезеңдері
БИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРКҚОРЛАРДЫ АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ
Пәндер