Клиникалық биохимия пәні
Презентация қосу
“Клиникалық биохимия” пәні
№1 дәріс
Тақырыбы: “Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні”
Дәріскер: химия магистрі, аға оқытушы С.Н. Салханова
Дәрістің мақсаты:
Клиникалық биохимияның қысқша даму
тарихы және оның зерттеу объектісі мен
әдістері туралы жалпы түсінік беру.
Негізгі терминдер:
КЛИНИКАЛЫҚ БИОХИМИЯ, ҚАН, ЗӘР, НАТРИЙ ЦИТРАТЫ, ОКСАЛАТТАР,
ТРИЛОН Б, ГЕПАРИН, ТОЛУОЛ, ТИМОЛ, ХЛОРОФОРМ, ФОРМАЛИН,
ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ, ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ, ЭЛЕКТРОАНАЛИТИКАЛЫҚ,
ОПТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР.
Дәрістің жоспары:
1. Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні.
2. Клиникалық биохимияның зерттеу объектісі.
3. Клиникалық биохимияда қолданылатын
әдістер.
Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні
Клиникалық биохимия биохимияның қолданбалы
саласы. Биохимия — тірі организмдердің химиялық
құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың
синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен
қасиеттерін, молекулалық құрамын, клеткалардың
биологиялық, биохимиялық және физиологиялық
қызметтерін зерттейтін ғылым.
Клиникалық биохимия жануарлар организмінің
патологиялық немесе ауру жағдайындағы
өзгерістерін, осы өзгерістерді анықтайтын әдістерді
зерттейді.
Клиникалық биохимия пәнінің негізін салушы
ғалымдар
Қазіргі кезде Биохимия саласындағы жүйелі зерттеулермен Ұлттық
академиялық аграрлық зерттеу орталығының институттары, медициналық, ауыл
шаруашылығы оқу орындары айналысады. Витаминдер Биохимиясы, бұғақ
ауруы мен қан ұю әсерінен туатын биохимиялық өзгерістер зерттелді (Б.И.
Ильин-Какуев). Гистохимия мәселелері, миоглобин, гемоглобин ақуыздары,
тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысатын ферменттер биохимиясы (
З. Қайыпова, А. Өтешев, т.б.), зерттелді. Микроорганизмдер мен вирустар
Биохимиясы дамытылды (Х. Жұматов, Е. Исаева). Гипоксия (оттегі жетіспеуі)
кезінде адамға қажетті ақуыз, май, көмірсулар, витамин мөлшерлері анықталды (
А. Алдашев). Қой организміндегі биохимиялық өзгерістер, төл организміндегі зат
алмасу процесі зерттелді (Ө.Ташмұхаметов, Ә. Сәрсенов, Е. Ертаев, Б. Қарабалин
), малда сүт шығару механизмі ашылды (Қ. Тәшенов). Сиыр мен бие сүтіндегі
ақуыздар, липидтер зерттеліп, осының нәтижесінде төлдің тіршілікке бейімділігін
арттыру шаралары белгіленді (З. Сейітов, Ж. Жұмашев). Аусыл, сарып,
эхинококкоз, ценуроз патогенезіне биохимиялық тұрғыдан сипаттама берілді
(В.М. Красов, Т. Омаров, т.б.). Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық
бөлшектердің жаңа класы — ақпараттық рибонуклеин қышқылы (аРНҚ) ашылды
(М. Айтхожин).
Клиникалық биохимияның міндеттері:
Әртүрлі жануарлардың паталогиялық
жағдайдағы организмнің биохимиялық
көрсеткіштерін зерттеу;
Биохимиялық зерттеудің дәстүрлі және
перспективті (жаңа) әдістерін меңгеру;
Биохимиялық зерттеулердің нәтижелеріне
клиникалық түсініктер беру;
Зертханалық саралауларды
(талдауларды) есепке ала отырып, емдеу-
профилактика-лық шараларды әзірлеу.
Клиникалық биохимияның зерттеу объектілері
Клиникалық биохимияның объектісі – зерттеуге алынған
жануардан алынған түрлі биологиялық материалдар, сонымен қатар
биологиялық зерттеулерге әртүрлі мүшелер мен ұлпалар алынады.
Тәжірбиелік клиникалық биохимия саласы бойынша
жануарлардан алынған биоматериалдар әмбебеп (қан, зәр, нәжіс,
лимфа) және арнаулы (организмнен бөлінетін сұйықтар, қарын
және асқазаннан алынған үлгілер, қақырық) бөленеді, ал қазіргі
кезде медицинада дәстүрлі емес биоматериалдарға (шаш, түкірік,
тырнақ ж/е т.б.) көп көңіл бөлінеді.
Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір
ережелері
Тәуліктік өзгерісін есепке ала отырып жиналуы және қайта зерттеу
жүргізу үшін биоматериалдар бір уақытта алынуы керек (мысалы, ірі
қарааның қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты жағдайдағы
мөлшері 2,2 - 3,2 ммолъ/л болса, азықтандырғаннан кейін 1-2 сағаттан
соң оның мөлшері 2-4 есе көбейеді, ал көмірсулы азық шектен тыс
берілсе глюкоза зәрмен де бөлінеді);
Биоматериалдарды алу процесі (үдерісі) максимальды түрде ауыртпай
және тез жүргізілуі керек;
Биоматериалдар емдеу шаралары жүргізілместен бұрын алынуы керек;
Алынған биоматериалдар жедел түрде таза және жабық ыдыстарға
құйылуы керек (мысалы, билирубин, витамин В2 және т.б. жарыққа
сезімтал болғандықтан жарық өткізбейтін құтыларға алынуы керек)
Биологиялық процестер (үдерістер) үздіксіз және in vitro жағдайында
жүргізілетіндіктен зерттеу барысын мүмкіндігінше азайту керек (бұл
жағдайда консерванттар қолданылмайды және биоматериалдар төмен
температурада сақталу керек).
Қанды зерттеуге дайындау
Клиникалық биохимияның негізгі және жиі биохимиялық
зерттеуге алынатын зерттеу объектісі – қан және оны малды
азықтандырудан 5-6 сағат бұрын алу және қан ұйымау керек.
Жиі қолданылатын антикоагулянттар:
oқымыздық қышқылының тұздары (калий немесе натрий
оксалаттары, 10 мл қанға 10-20 мг немесе 0,15мл 10% ерітіндісі);
oнатрий цитраты (лимонқышқылды натрий, 10 мл қанға 16 мг
немесе 3,2% ерітіндісінің 1:19 қатынаста);
o трилон Б (ЭДТА-ның динатрилі немесе дикалилі тұзы, 10 мл
қанға 10 мг немесе 0,1-0,2 мл 10% ерітіндісі, пробиркаға 3-4
тамшы);
oгепарин (10 мл қанға 50 ЕД ерітіндісі 50 ЕД на 10 мл крови.
Зәрді зерттеуге дайындау
Жануарлардан зәр төмендегідей тәсілдермен:
табиғи зәр шығару жолымен;
катетер көмегімен (катетеризация);
ұсақ малды арнаулы торларға салу арқылы алынады.
Зерттеулер жаңадан алынған зәрмен немесе 2 сағаттан кем емес
уақыт ішінде жүргізіледі, ал мүмкін болмаған жағдайда зәр
жабық ыдыста тоңазытқышта (36 сағаттан кем емес) немесе
төмендегідей қосылыстармен консервіленеді:
толуол – 100 мл зәрге 2 мл;
тимол – 100 мл зәрге 1-2 кристалы;
хлороформ немесе формалин – 100 мл зәрге 1-2 тамшы;
бор қышқылы – 120 мл зәрге 0,3 г.
Бактериологиялық зерттеулерде зәрді консервілеуге болмайды.
Клиникалық биохимияда қолданылатын сандық сараптау
(анализ) әдістері
Зерттеуге алынған биоматераилдардың биохимиялық сараптау жасауда
сандық әдістерді қолданылады және олар екіге жіктеледі:
физико-химиялық;
иммунохимиялық.
Физико-химиялық әдістер химиялық реакциялардың әсерінен жүйедегі
физикалық шамалардың (түс, электрөткізгіштік, т.б.) өзгеруіне негізделген.
Иммунохимиялық әдістер антиген мен антидененің бір-біріне әсеріне
негізделген.
Негізгі зерттеу әдістері:
1. Гравиметриялық анализ реакция нәтижесінде алынған затты тұрақты
салмаққа дейін кептіріп, аналитикалық таразыда өлшеуге негізделген.
2. Титрометриялық анализ - эвивалентті мөлшерде реакцияласатын
заттардың нақты көлемін өлшеуге негізделген.
3. Электрокөлем (электроаналитиалық) әдістер ерітінділердің электро-
химиялық қасиеттеріне негізделген.
4. Оптикалық сараптау әдістері - фотометрия (абсорбционды және
эмиссионды), рефрактометрия, поляриметрия болып жіктеледі. Олар
зерттелетін заттан өткен жарықтың қасиеттерінің өзгеруіне негізделген.
Бақылау сұрақтары:
1. Клиникалық биохимия нені зерттейді?
2. Клиникалық биохимия пәнінің негізін салуға қандай ғалымдар үлес
қосты?
3. Клиникалық биохимияның міндеттері қандай?
4. Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір ережелері қандай?
5. Қан мен зәрді зерттеуге қалай дайындайды?
6. Клиникалық биохимияда қандай сандық сараптау (анализ) әдістері
қолданылады?
Әдебиеттер:
1. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті»,
2001.
2. Букин В.Н. Биохимия витаминов. Избранные труды. М.:
Наука, 1982, 272-302.
3. Шилов П.И., Яковлек П.Н. Основы клинической
витаминологии. Л., 1974.
Тапсырма:
1. “Клиникалық биохимия негізі” тақырыбына
эссе дайындау (тәжірбиелік сабаққа).
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz