Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері



“Клиникалық биохимия” пәні
№2 дәріс
Тақырыбы: “Клиникалық витаминология”
Дәріскер: химия магистрі, аға оқытушы С. Н. Салханова

Дәрістің мақсаты:
Клиникалық витаминология туралы жалпы түсінік беру.
Негізгі терминдер:
ВИТАМИНДЕР, МАЙДА ЕРИТІН ВИТАМИНДЕР, РЕТИНОЛ, ТОКОФЕРОЛДАР, КАЛЬЦИФЕРОЛДАР (ХОЛЕКАЛЬЦИФЕРОЛ, ЭРГОКАЛЬЦИФЕРОЛ), ФИЛЛОХИНОН, МЕНАХИНОН, ВИКАСОЛ, ЛИНОЛ, ЛИНОЛЕН ЖӘНЕ АРАХИДОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ (ПОЛИҚАНЫҚПАҒАН ҚЫШҚЫЛДАР), АВИТАМИНОЗ, ГИПОВИТАМИНОЗ, ГИПЕРВИТАМИНОЗ, КСЕРОФТАЛЬМИЯ, РОДОПСИН, РЕТИНАЛЬ, РАХИТ, ОСТЕОМАЛЯЦИЯ, ОСТЕОПОРОЗ, ГЕМОРРАГИЯ, ФИБРИН (ФИБРИНОГЕН), ТРОМБИН, ЭССЕНЦИАЛ ҚЫШҚЫЛДАР.

Дәрістің жоспары:
1. Клиникалық витаминология жөнінде жалпы түсінік.
2. Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері.
3. Мал организмінде суда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері.
4. Витаминдердің биологиялық маңызы.


Витамин - тіршілік амині
Витаминдердің негізгі белгілері (≈ 13 витаминдер бар)
Тағам құрамында өте аз мөлшерде кездеседі (микрокомпоненттер) ;
Организмде мүлдем синтезделмейді (түзілмейді) немесе аз мөлшерде ішек микрофлорасында синтезделеді (түзіледі) ;
Құрылымдық қызмет атқармайды;
Қуат көзі болып табылмайды;
Өте аз мөлшерде биологиялық қызмет атқарады және зат алмасу үдерісіне әсер етеді;
Ферментативті жүйенің кофакторлары болып табылады.
Егер затта осы витаминнің келтірілген белгілерінің 1-інен (кейбір жағдайда 2-інен) басқасы кездессе, онда ол - витаминтәрізді заттар.

Клиникалық витаминология жөнінде жалпы түсінік
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа - өмір, тіршілік; vitamin - тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы) ;
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары.

Витаминдер
Химиялық
атауы
Құрамында витаминдер бар азықтық тағамдар
Витаминдердің физологиялық әсері
С
Аскорбин қышқылы
Бұрыш, аскөк, көкжуа, қызан, қырыққабат, картоп, лимон, құлпынай, итмұрын.
Құрқұлақ ауруына ұшыратады, тіс түбі қанайды.
В1
Тиамин
Бидай, бұршақ, бауыр, бүйрек, жүрек.
Бери бери ауруына ұшырайды, жүрек, асқазан жұмысы бұзылады.
В2
Рибофлавин
Бидай, бұршақ, ет, жұмыртқа, сүт.
Көздің мөлдір қабықшасы қабынып, катаракта ауруына ұшырайды.
В5
Пантотен
Бидай, бұршақ, бауыр, бүйрек, жүрек, балық.
Жүйке ауруына ұшыратады.
В6
Пиридоксин
Бидай, бұршақ, сыр, қой еті, теңіз балықтары
Қояншық, селкілдеу
BC
Фолий қышқылы
Қырыққабат, асжапырақ, қызан, сәбіз, сиыр еті, жұмыртқа, салат
Қан аздық п. б
B12
Цианкобаламин
Балықта сиыр бауырында және бүйрегінде болады.
Қан аздық п. б
PР
Никотин қышқылы
Сиыр еті, бауыр, бүйрек, жүрек, албырт балығы, майшабақ.
Бауырдың қызметіне әсерән тигізеді.
A
Ретинол
Мал майлары, ет, балық, жұмыртқа, сүт.
Көзге және көбеюге әсерін тигізеді, бойдың өсуі баяулайды.
D
Кальцийферол
Балықтың уылдырығы, теңіз балығы, бауыр, құс еті, жұмыртқа
Мешел ауруы пайда болады.
Е
Токоферол
Өсімдіктің майы көкөністің жасыл жапырақтары, жұмыртқа
Қаңқа бұлшық етінің бұзылуы
К
Филлохинон
Асжапырақ, қырыққабат, қызан
Қанның дұрыс ұюына әсер етеді.
Н
Биотин
Асбұршақ, түсті қырыққабат саңырауқұлақ, бидай, жұмыртқаның сарысы, бауыр бүйрек, жүрек.
Дерматит ауруына ұшырайды.

Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, D, Е, К, F) және т. б. кіреді.
Организмде А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, ол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады, оның эпителийі кұрғайды және сырқатты ксерофтальмия (хеrоs - деген грек сөзі, құрғақ деген мағына береді, орhtalmos - көз) деп атайды. Бұл витаминнің жетіспеуі жас төлдердің өсуін тоқтатады және сперматогенез процесін тыйылтады (ол жағдай егеуқұйрыққа тәжірибе жасау арқылы дәлелденген), осының салдарынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.
Егер D витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас жануарлардың сүйегінде және шеміршегінде кальций мен фосфор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады. Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады және аяқтары қисайып өседі. жануарларда D витамині жетіспесе, олардың сүйектері жұмсарады, ол морт сынғыш келеді. Сүйектердің мұндай күйі остеомаляция (гректің osteon - сүйек және malakia - жұмсару деген сөзінен шыққан) . Мұндай ауру кезінде сүйекте саңылау, қуыстар - остеопороз пайда болады. Бұзаулар, торайлар, қозылар, құс балапандары сияқты ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдері мешелге жиі ұшырайды. Олардың бүкіл сүйек жүйесінің дамуы бәсеңдейді, әсіресе тіс дентинасы (сүйек ұлпасы) нашар жетіледі, қан азайып, анемия құбылысы кезігеді. Мешел ауруына ұшырағандар өкпенің құрт ауруына оңай шалдығады. D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемиді.

Майда еритін витаминдердің биологиялық маңызы
Медицинада табиғи А витамині немесе синтетикалық жолмен алынған ацетат ретинол, ацетат пальмитат қолданылады. Мынадай ауруларда А витамині емдік қасиет көрсетеді: А-авитаминоз, гиповитаминоз, жұқпалы және тұмау науқастарында, тері, көз ауруларында, кейбір асқазан және ішек дерттерінде, бауыр ауруында.
D витамині мешел, остеомаляция және остеопорозды емдеу үшін және олардан сақтандыру ретінде қолданылады. Қалқанша маңындағы бездің қызметі нашарлағанда, туберкулездің кейбір түрінде, псориазда, тері жегінде қолданылады.
D витамині капсулада май ерітіндісі түрінде шығарылады.
Е витамині бұлшық ет дистрофиясында (нашарлағанда), дерматомиозидтерде, етеккір келуі (менструация) бұзылғанда, еркектердің жыныс бездерінің жұмысы нашарлағанда қолданылады. Одан басқа кейбір дерматиттерде, псориазда, тері жегінде, шеткері жақтан қан тамырлары түйілгенде Е витамині жағымды әсер көрсетеді.
α-токоферол ацетат ампулада май ерітіндісі түрінде шығарылады.
Викасол синтез жолымен алынған К витамині. Қолдану жолдары: сары ауру кезінде, өт ішекке түспесе, операция, жаралану кезінде қан аққанда.
Викасолды ішеді немесе бұлшық етке ендіреді.

Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Токоферолдар - Е витамині - жетіспеген жағдайда адамдар, жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады және бұлшық еттері әлсізденіп, қоректенуі бұзылады, бауыр некрозына ұшырайды. Организмдегі мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеиндтік компоненттердің зақымдануымен байланысты.
К витамині - авитаминоз сырқатына тән белгі - терінің астына және бұлшық еттерге қан құйылуы (геморрагия) . Ондай жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады. Организмде витаминнің жетіспеуінен, сол сияқты кейбір сырқат кезінде К витаминін сіңіре алмау салдарынан К-авитаминоз дертіне ұшырайды. Мысалы, мұндай жағдайда өттің ішекке құйылуы бұзылады.
Ауыстырылмайтын май қышқылдары (F витамині) организмде жетіспеген кезде жас жануардың денесінің өсуі нашарлайды. Тері қабатының зақымдануы, бүйрегінің дерттенуі және өсіп-өну қызметінің бұзылғаны байқалады. Организмнің жұқпалы ауруларға қарсы табиғи төзімділік қасиеті төмендейді, жануарлардың өнімділігі төмендейді. Ғ витамині жетіспеген кезде жұмыртқалаушы тауықтың дене салмағы және жұмыртқасының ұрықтануы кемиді.

Мал организмінде суда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т. б. (В1, В2, В3, В5, В6, В12, С, Н, Р және т. б. ) енеді.
Тиамин (В1) авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеуқұйрықтар және т. б. жануарлар да аурады.
Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу процесін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын төмендетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz