Клеткаға дейінгі ағзалар




Презентация қосу
Тақырыбы: Клеткаға дейінгі ағзалар
Орындады: Шыгырбаева А.Н
Тексерді: Сыман Қ.Ж

2021ж
Ондай ағзаларға вирустар мен фагтар жатады. Олардың денесi
нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) мен оны қоршаған
ақуызды қабықшадан тұрады. Вирустар мен фагтар қоршаған
табиғатта кристалдық құрылым түзiп, тек басқа тірі ағзалардың:
микроорганизмдердiң, өсiмдiктердiң және жануарлардың
жасушаларына енгенде ғана тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді
(зат алмасу, көбею және т.б.) көрсетеді. Яғни олар тiрi және өлi
табиғатта аралық орын алады, өйткені олар әртүрлі ортада тiрi
ағзаларға және өлi объектілерге тән қасиеттер көрсетеді.

Клеткалық құрылымы бар ағзалар
прокариоттар мен эукариоттарға
жiктеледi
Прокариоттарға жасушасында ядросы қалыптаспаған ағзалар (грекше ‘’про‘’-дейiнгi,
‘’karion‘’-ядро, ядроға дейiнгi) жатады. Прокариоттар жасушаларының көлемі 0,5–3 мкм,
плазмалық мембранасының сыртында көмірсулар мен амин қышқылдарынан тұратын жасуша
қабығы бар. Олардың жасушалары талшықтар арқылы қозғалады, ал талшықтар қарапайым
құрылысты болып келеді. Прокариоттар жасушаларында қабықшасының жетілген жүйесі бар
және мембраналы органоидтар болмайды. Әдетте жасуша ішілік мембраналы жүйелер
плазмалық мембраналардан дамып отырады. Плазмалық мембрана цитоплазмаға көмкеріліп,
түтік тәрізді құрылым – мезосоманы түзейді. Онда жиналған ферменттер АТФ синтезіне
қатысады. Прокариоттардың генетикалық материалы қарапайым құрылысты, гистонды ақуызы
жоқ, цитоплазмада бос жататын сақиналы бiр тiзбектi ДНҚ (генофор, нуклеоид) молекуласынан
тұрады. Прокариоттық жасушалар жәй екіге бөлiну жолымен көбейеді. Прокариоттарға
бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады.

Бактерия жасушаларының мөлшері кіші, ұзындығы – 1-10 µ
(микрон), ені 0,2-1 µ құрады. Олардың көбісі бір жасушалы,
ал кейде бір-бірімен бостау байланысқан тізбек тәрізді
болып келеді. Бактериялардың тіршілік ету ортасы мол,
барлық жерлерде кездеседі: атмосферада, гидросферада,
литосферада және адам, жануарлар, өсімдіктер ағзасында.
Мысалы, 1 г топырақта – 2 млрд дейін, 1 см3 сүтте – 1 млн
дейін, жаз кезіндегі қала ауасының 1 м3 – 25 мыңға дейін,
қыста – 5 мыңға дейін бактериялар болады. Бактерияларды
жіктеу барысында олардың морфологиялық белгілеріне
қарағанда, физиологиялық және биохимиялық қасиеттері
басым түседі.
Сыртқы пішініне қарап бактериялардың келесі түрлерін
ажыратады:
І. Кокктар жеке жасушаларының бір-біріне орналасу
тәртібіне тәуелді келесі топтарға ажыратылады:

1. микрококтар - тәртіпсіз орналасқан жеке
жасушалар;
2. диплококтар - екі коктың бір-бірімен тіркесуі;
3. стрептококтар – коктар тіркесіп әртүрлі
ұзындықтағы тізбектер түзеді
4. тетракоктар – төрт коктың бір-бірімен тіркесуі;
5. стафилококтар – коктар жиынтығының пішіні
жүзім жемісіне ұқсас;
6. сарциндер – коктар жиынтығының пішіні
қапшыққа ұқсас, әрқайсысында 8-16 жасуша болады.

ІІ. Таяқша тәрізді немесе цилиндр пішінді бактериялар қысқа немесе ұзын, жуан және жіңішке, түзу
және иректелген, соңғы бөліктері үшкір, тік, жұмыр болып келуі мүмкін. Олардың кейбіреуі спора
түзейді (бациллалар), ал кейбіреуі спора түзбейді (бактериялар). Жасушаларының бір-бірімен
орналасу тәртібіне тәуелді келесі топтарға ажыратылады:

1. бір жасушалы;
2. диплобактериялар;
3. диплобациллалар;
4. стрептобактериялар;
5. стрептобациллалар.
ІІІ. Спираль тәрізді – иректелген бактериялар ұзындығына, иірімделу көлемі мен
санына тәуелді келесі топтарға ажыратады:

1. вибриондар – қысқа, сәл ғана
иілген, пішіні үтірге ұқсас;
2. спириллалар - ұзынша келген,
бірнеше ірі (5-6) иірімдері бар
бактериялар;
3. спирохеттер - ұзын жіңішке
бактериялар, көптеген майда иірімдері
бар, пішіні штопорға ұқсас.
Паразиттарлық бактериялар токсиндер бөліп
шығарады (белгілі бір мүшелер жүйесіне әсер
көрсететін улы заттар бөледі). Мысалы,
бациллалар - дифтерияны, іш сүзегін,
туберкулезды және алапес ауруларын қоздырса,
кокктар - гонореяны, спириллалар – тырысқақты
қоздырады. Ал, ішек бактериялары ас қорыту
жүйесінің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз
етеді. Бактериялар қолайлы жағдай туған кезде
өте тез әрбір 20-30 минут сайын бөлініп, көбейеді.
Эукариоттарға жасушасында ядросы қалыптасқан ағзалар (грекше
‘’eu’’-нағыз, ‘’karion’’-ядро) жатады. Олардың ядросы мембрана
арқылы цитоплазмадан шектелген. Эукариоттардың генетикалық
материалы ядрода орналасқан күрделi құрылысты, ДНҚ тiзбегi мен
ақуыз молекуласынан тұратын хромосома. Эукариоттар митоздық
жолмен бөлiнедi. Эукариоттар жасушаларының диаметрі 10-100 µм
болады, бұл көрсеткіш бактериялардан 10 есе үлкен. Эукариоттық
ағзаларға қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар
мен адамдар жатады. Олардың жасушаларында өздеріне тән
құрылымдық айырмашылықтары болады.
Эукариоттық жасушалардың негізгі құрылымдық бөліктері: жасуша
мембранасы, цитоплазма және ядродан тұрады.

Құрылымдық
ерекшеліктері:

Өсімдік жасушаларында – пластидтер, вакуоль,
целлюлозадан тұратын жасуша қабығы болады,
центриоль болмайды. Крахмал - қор заты ретінде
жиналады.
Саңырауқұлақ жасушаларында - жасуша
қабығы хитиннен тұрады, вакуоль болады, пластидтер
болмайды. Кейбір саңырауқұлақ жасушаларында
центриоль болады. Гликоген - қор заты ретінде
жиналады.
Жануар жасушаларында – жасуша қабығы,
вакуоль, пластидтер болмайды. Центриоль болады.
Гликоген - қор заты ретінде жиналады.
Прокариоттық клеткалардың эукариоттық клеткалардан
айырмашылығы- оларда
ядрошық,
митохондриялар,
Пластидтер
баска да бірқатар органоидтар болмайды
рибосомалар көлемі өте кішкентай болып келеді
Эукариоттық клетка прокариоттық клеткаларға қарағанда
әлдеқайда күрделі. Оларда:
Ядро
пластид
митохондрия болады.
Цитоплазмасы үнемі қозғалыста болады
Прокариоттар Эукариоттар
Организмдер Бактериялар және Протистер, саңырауқұлақтар,
цианобактериялар өсімдіктер, жануарлар
Клеткалар көлемі Қалыпты ұзындық өлшемі Қалыпты ұзындық өлшемі 10-100
1-10 мкм мкм
Зат алмасуы Анаэробты немесе аэробты Аэробты

Органеллалары Санаулы немесе жоқ Ядро, митохондриялар,
хлоропластар, эндоплазмалық
тор, т.б.
ДНҚ Цитоплазмада сақина ДНҚ Хромосоманың ішіне орналасқан
көптеген кодтамайтын учаскелері
бар ұзын ДНҚ
РНҚ және белоктар Бір компартментте РНҚ синтезі ядрода, белок синтезі
синтезделеді цитоплазмада жүреді
Клетканың бөлінуі Қарапайым бөліну Митоз немесе мейоз
Генетикалық Цитоплазмада бос күйінде Ядрода орналасқан
материал орналасқан
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Генетикалық инженерия негізі. Ағзаларды клондау
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. 2. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары
Трансгенді ағзалар
Генетикалық инженерия негіздері
Гендік инженерия негіздері
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Клетка теориясы
Ашытқы клеткаларының мөлшері
Трансгенді ағзалар туралы түсінік
Вирустар әлемі
Пәндер