Климаттың өзгеруі




Презентация қосу
Климаттың өзгеруі
• Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі
аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам)
немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері.
Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық
климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық
кезендердің болғанын дәлелдейді.
• Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ
дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын қазіргі
Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды
қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден
туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-
ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900
жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн
активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен
байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері
әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен
ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
• Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:
• Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
• Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м.
жоғарылауы мүмкін,
• Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері [[]]Гольфстримнің
жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
• Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
• Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
• Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.
• Азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлайды.
Климаттың антропогендік өзгеруі

• Климаттың антропогендік өзгеруі — табиғи ортаға антропогендік өсердің
(негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа
температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т.б.) ұзақ уақыт (10
жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы
тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатын, геофизикалық процестердің
(Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық
мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы, 1977-1981
жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет
болатын жағдай деп есептеледі

Ұқсас жұмыстар
СӨЖ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ
АТМОСФЕРА
Атмосфера жердің ауа қабаты
Климаттың жіктелуі
Жер геосфералары
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Ауыспалы климат жағдайында су балансының өзгеруі
Экономика салалары мен жекелеген кәсіпорындардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, метеожағдайлардың осы салаларға әсерін тексеру
Климат және эволюция
МОТИВАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ РЫЧАГТАРЫ
Пәндер