Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері


Slide 1

Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері. Ауызекі сөйлеу стилі, оның қолданыс аймағы мен қызметі

Орындаған:Абдуманапова Дилфуза

Ағыбай Асылжан

Төленова Назерке

Slide 2

Функционалды стильдер - стилистика ғылымының негізгі категориясы. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет ету ерекшеліктерімен тікелей байланысты, шынайы қарым-қатынаста, сөйлеуде, мәтінде көрінеді.

Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар неше топқа бөлінеді?

Slide 3

Функционалды стиль термині - орыс тіл білімі ғалымдарының танымынан туындап, қалыптасқан ғылыми атау.

Лингвистикада функционалды стиль мәселелерімен айналысқан ғалымдар В. Виноградов, Г. Винокур, Л. Щерба, Р. Будагов, М. Кожина «функционалды стильді - тарихи және әлеуметтік категория» ретінде түсіндіреді.

В. В. Виноградовтың функционалды стиль жөніндегі ой-пікірі қандай?

Slide 4

Ғалымдар арасында функционалды стиль ұғымы туралы екі түрлі көзқарас бар: біріншісі, функционалды стильдер әдеби тілдің түрлері; екіншісі, функционалды стильдер - тілдесімдік құбылыс, яғни тілдесім стильдері. Екінші көзқарас доминанттық көзқарас, сондықтан бұл пікір басым көпшілік ізденістердің ғылыми негізі болып табылады. А. Байтұрсынұлы функционалды стиль ұғымын тілдік және тілдесім деп түсінген, ғалымның пайымдауынша функционалды стиль - «сөйлеудің» бір түрі.

Стиль туралы М. Серғалиевтің тұжырымы қандай?

Slide 5

Функциональдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады.

Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстың, күнделікті қарым-қатынас тілі болса да, функциональдық стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста жұмсалады.

Ауызекі сөйлеу стилінің лексикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз

Slide 6

Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды.

Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиялық ерекшеліктері қандай?

бейресмилік;

сөйлеудің еркінділігі;

сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;

тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;

сөйлеудің автоматтығы;

Сөйлеудің мазмұны диалогтық форма мен қарапайымдылық.

Slide 7

Қазіргі таңда ауызекі сөйлеуде сленг, жаргон сөздерді көп қолдану белең алды. Лингвистердің зерттеуі бойынша сленг сөздер 13-23 жас аралығында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, жастар арасындағы жаргон сөздерден бөлек, әскери, журналистік, қылмыстық сленгтер де бар. О баста аталмыш сөздер жасырын топтар арасында, ұйымдардың бір-бірімен қарым-қатынасы нәтижесінде, құпия ақпараттармен араласу нәтижесінде жүзеге асқан. кейін жастар арасында қолданысы артып, сәнге айналған. Өзіміз білетіндей әр өңірдің өзіне диалект сөздері бар. Әр мамандықтың өзіне термин сөздері бар. Сол секілді ғылымға сленг сөздер де іштей енді. Сленг сөздер дөрекі әрі көңіл-күйді білдіретін сипатта болады.

Қумашы?!

Басым шарит етпей қалд

Если че, кешке тусовкаға барам

Кеше сені бір чувакпен тіреліп қалды деватр ғо

Базар жоқ!

типа өзінше боп отсың ғо

Slide 8

Сленг сөздерді әдеби нормаға айналдырыңыз

Раха-

Қумашы-

Өшіп қал-

Базар жоқ-

Забей-

Днюха-

Хата-

Кароче-

Типа-

Ботан-

Чувак-

Аваң жынды екен-

құлақтан тепті-

қораға кірді-

Лақтырып кетті-

Сындырып алғансың ғо-

Маяк тастау-

Құлаққа лапша ілді-

Аваң жынды екен-

Кешке если че маған қарай тартыл-

Ағашка грамтно айтып тастады-

Ана районда тірліктер бар, соларды добавить етіп тастау керек-

Кеше бір типпен тіреліп қалдыым, орнына қойып тастадым-

Мамка батяларың курста ма? -

Өзіне көп алады

Slide 9

Топтық тапсырма

Функционалды стильдің зерттелуі

Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы

Публицистикалық стильдің ерекшеліктері шағын стильдерге (подстиль) бөлу

Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктері, әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары

Slide 10

Тест

1. Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.

А) Ауызекі сөйлеу стильі

В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті

С) жүйелі сөйлеу мәдениеті

Д) Көркем әдебиет стилі

Е) мақала, баяндама

2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.

А) үндемей тыңдау

В) қарапайым сөздерді қолдану

С) тіл тазалығын сақтау

Д) қыстырма сөздерді қолдану

Е) диалогке құрылмайды

3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады?

А) коммуникативтік талап

В) грамматикалық талап

С) лексикалық талап

Д) мәнерлеп сөйлеу талабы

Е) ғылыми стиль тұрғыда

4. Стильдің қанша түрі бар?

А) 4

В) 5

С) 6

Д) 3

Е) 2

Slide 11

5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?

А) Ғылыми стиль

В) ресми стиль

С) Көркем әдебиет стилі

Д) мақала, баяндама

Е) ауызекі сөйлеу стилі

6. Стилистика қай тілдің сөзі?

А) Араб

В) Латын

С) Орыс

Д) грек

Е) француз

7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?

А) Ғылыми стиль

В) Көркем әдебиет стилі

С) Жазба тіл

Д) ауызекі сөйлеу стилі

Е) мақала, баяндама

8. Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?

А) Ғылыми стиль

В) ауызекі сөйлеу стилі

С) Көркем әдебиет стилі

Д) публицистикалық стиль

Е) ресми стиль

Slide 12

9. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы. . . . . . . Өлең қай стильде жазылған?

А) Әдеби стиль

В) Көркем әдебиет стилі

С) Ғылыми стилі

Д) ауызекі сөйлеу стилі

Е) іс-қағаздар стилі1


Ұқсас жұмыстар
СӨЗДІҢ ФУНКЦИОНАЛД
Шығарманың тілі
Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
ӘДЕБИ ТІЛГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Ауызекі Көркем сөйлеу стилі әдебиет стилі
Әдеби тіл жайында түсінік
Ресми іс қағаздары тілінің сөз бедері
Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер
Қазіргі қазақ әдеби тілі
Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz