Публицистикалық стильдің жанрлық типтері



Публицистикалық стиль,
қолданыс аймағы
Орындаған: Ағыбай Асылжан

Терминге түсінік :
Публицистика (лат. publіcus - «көпшілік», «әлеумет») термині «қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау» деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стильдің тақырыптық диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика проблемалары, қазіргі уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері, әлемдегі, қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістер т. б.
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты өмірдегі оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялық дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып табылады.
Мақсаты:

Публицистикалық стильде метафора жиі кездеседі, айтылмақшы зат пен құбылысқа жұрт назарын аудару үшін ол зат пен құбылысты басқа экспрессивті-эмоционалды реңі бар сөздермен ауыстыруда жиі қолданылады.
Мысалы: жүгері- дала падишасы, мақта- ақ алтын, көмір- қара алтын т. б
Публицистикалық стильде жалпы саяси лексика, интернационалды терминдер жиі қолданылады: жоспар, съезд, өкімет, елбасы, елорда, мәжіліс, парламент, Астана т. б
Публицистикалық стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай- ақ тұрақты сөз тіркестері, мақал мен мәтелдер, афоризмдер мол пайдаланылады. М: Кәрі Қаратау жотасы бүгін ажарлы- ақ.
Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері
Публицистикалық стильге тән терминдер көп болады. Мысалы солардың кейбіріинтервью (сұхбат), репортаж (жергілікті хабар), хроника (күнделікті хабар), корреспонденция (күнделікті оқиғалар туралы газет- журналға жіберілген хабар) т. б.

Публицистикалық стиль түрлері
Ауызша
Жазбаша
шешендік сөздер, радио, теледидар шолушылары мен комментаторлардың әңгімелері
саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармалар

Публицистикалық стильдің жанрлық типтері
Зерттеуші Ф. Жақсыбаева: «Газеттік-публицистикалық стиль әр түрлі жанрлармен беріледі. Газеттік-публицистикалық стильдің жанрларын екі жанрлық-стилистикалық топқа бөлуге болады. Олар: таза газеттік жанр - ақпараттық жанр және әсер ету функциясын атқаратын - аналитикалық жанрлар», - деп екі топқа бөліп қарастырады.
Газет- журналдар

Репортаж
Репортаж (латын report - «жеткізу») - баспа, радио, теледидарға оқиға орнынан берілетін ақпарат, әңгіме. Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз - оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі - өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны баяндайды, соны суреттейді.
Журналист оқиғаны неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.

Мақала
Мақала ғылыми және публицистикалық стильмен жазылады. Автор өзі жазатын мәселені анық білетін және оны белгілі деректерге сүйеніп баяндай алатын дәрежеде болуы керек.
Мақала 4 түрге бөлінеді:
Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;
Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;
Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;
Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

Радио
Радио тілі қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, әуезді болуы керек. “Радио тілі” сөзден, сөйлеуден, әңгімелесуден келіп құралады екен. Сол сөйлесудің бәрі жай айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек.
Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, үн ырғағының радиода сөйлеу үшін орны бөлек.
Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл-күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.

Теледидар
Теледидардың негізгі тілі - сөз деуге келіспеске болмайды, - дейді теоретик-режиссер М. Е. Голдовская өзінің «Көрі
ніс пен сөздің арамөлшері» деген мақаласында.
Кадрде сөйлеу. Мұнда диктордың, шолушының, коментатордың, хабар жүргізушісінін сөйлеу шеберліктері талданады, сарапталады.
Телехабарды жасауда сөйлеу тілі мен экран тілін монтаждау турасында біршама тәжірибеден түйінделген тәсілдер бар. Кадрде сөйлеу мен кадрден тыс сөйлеуді қабыстырудың да өз заңдылықтары бар. Сөйлеу тілі мен музыка және дыбысты үйлестіру тәсілдері турасында айтылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz