ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ




Презентация қосу
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
САЛАЛАРЫ
Әдебиеттану-сөз өнерін зерттейтін ғылым.Әдебиет
туралы ғылым мынадай үш түрлі ғылыми салаға
бөлінеді:әдебиет теориясы,әдебиет тарихы және
әдебиет сыны.
Әдебиет туралы ғылым

Әдебиет Әдебиет Әдебиет
теориясы тарихы сыны
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін,әдеби шығарманың
сыры мен сипатын,әдеби дамудың мағынасы мен мәнін
байыптайды.Әдебиеттің өзіне тән ерекшілігін,оның қоғамдық қызметін,көркем
шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын,әдеби жанрлар мен
олардың түрлерін,өлең жүйелерін,тіл мен стиль,әдеби ағым мен көркемдік әдіс
мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.
Әдебиет тарихы жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының

тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын,
қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың қай болсын,
атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті
өрбігені, одан іргелей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене

араласып,нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік
құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы,
бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен
кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса,
екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете
түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.
Әдеби туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы
өзара тығыз бірлікте болатыны,әдебиеттің теориясын нәзік
түсінбей тұрып,тарихы жәйлы әңгіме қозғау;тарихын білмей
тұрып,сынын өрбіту мүмкін емес.Шын мәніндегі әдебиет
сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі әдебиеттанудың үш
саласына да жетік,білімдар әдебиетші болуы шарт.
Мұндай әдебиетшіліктің озық үлгісін орыстың ұлы
революционер-демократ ойшылдары
В.Г.Белинский,Н.Г.Чершышевский,Н.А.Добролюбов көрсетті.
Әдебиеттің теориясына,тарихына не сынына қатысты қандай
арнаулы мәселе болмасын,оны зерттеудің көлемі мен
тереңдігі,мәні мен маңызы сол мәселенің тарихнамалық
материалының мөлшері мен мазмұнына қарай белгіленеді.
Әдебиеттану ғылымының негізін
салушы,қазақ әліппесін жасаушы,оқу
құралының авторы Ахмет
Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану
ғылымында алар орны орасан зор.Қай
еңбегін алып қарасақ та,»Қазақ!«,-деп
жаңғырып тұрғаны тайға таңба
басқандай.Сол еңбектерінің арасында
қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін
ғылыми негізде топтап,сап-сапалы
әдебиет табиғатын жан-жақты ашып
берген,қазақ әдебиеттану ғылымының
негізін салуға арқау болған асыл мұра
да бар.Ахмет атамыз:»Өнердің ең алды
сөз өнері деп саналады.»Өнер алды-
қызыл тіл»деген қазақ мақалы
бар.Мұны қазақ сөз баққан,сөз
күйттеген халық болып,сөз қадірін
білген соң айтқан.Алдыңғы өнердің
бәрінің де қызметін шама қадырынша
сөз өнері атқара алады.Бұл өзге өнердің
қолынан келмейді»,-дейді.Расымен
де,зер салып назар аударсақ,бұл сөздің
астарында шындық жатқаны айдан
анық.
Қысқаша айтқанда,Қазақ әдебиеттану ғылымы өзі
пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар
кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі
аралықта,негізінен мынадай нәтижелерге қол
жеткізді:бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі
дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған
сыншылдық,әдеби-тарихилық,әдеби-теориялық
сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді;әдеби мұраның
өте мол қоры жинақталды;қазақ фольклортану
ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті,оның
жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты
зерттеліп,түйінді тұжырымдар жасалды.
Назарларыңызға рахмет!

Орындаған:Шахманова Асылжан Баубекқызы КО-11

Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық ғылымдар
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
СЫН - ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР САЛАСЫ
Әдебиет - өнер, көп өнердің ішінде сөз өнері
Тіл білімінің салалары
Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүрі
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Мұхтар Әуезов
Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері
Мұхтар Әуезов, оның қазақ әдебиетіндегі орны және фольклортану мәселелері
Пәндер