Себептік және шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-құрылымдық сипаты

Slide 1

Себептік, шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипаты

Орындаған: Абдуманапова Дилфуза

Ағыбай Асылжан

Қамза Жаннұр

Slide 2

Профессор Н. Сауранбаев жалғаулықсыз салаластарды «іргелес құрмалас» деп атап, оны салалас құрмаластың қатарынан шығарып, салаластар мен сабақтастардың арасындағы категория деп қарайды.

Slide 3

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Іргелес салалас сөйлемдердің өзіне тән қызметі төмендегідей :

Іргелес салалас сөйлемдер сөзді эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалады;

Іргелес салалас сөйлемдер сөзді үнемді, жинақы құрап айту қажет болғанда жұмсалады.

Slide 4

Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер грамматикалық-мағыналық түрлері мынандай:

Жалғастық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Теңдік қатынасты білдіретін іргелес құрмалас салалас сөйлемдер;

Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

Биноминативтік сипатындағы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Slide 5

З. М. Базарбаева Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын амалдарды қарастырады, олар:

Бұл конструкцияның компоненттерін біріктіріп, оны бір синтаксистік тұлға етіп көрсететін фонетикалық амал бар, ол - интонация.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыруға анафористік сөздер қатысады. Мыс: Кім келді, кім кетті, оны біле алмады.

Slide 6

Себептік қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:

Slide 7

Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:

Slide 8

Топтық жұмыс

1-топ

1. Іргелес құрмалас сөйлемнің ерекшеліктері, грамматикалық, функционалдық сипаты;

2. Себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысал келтіру.

2-топ

1. Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер, оның грамматикалық-мағыналық түрлері.

2. Шартты қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысал келтіру


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz