Тарихи морфология: сөз түбірінің дамуы, қосымшалардың арғы негізі және сөзжасам тәсілдері


Slide 1

Тарихи морфология. Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалардың арғы негізі. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері

Орындаған :Ағыбай Асылжан

Абдуманапова Дилфуза

Slide 2

Тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оның туыс тілдер матеиалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық құрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолында аталған әдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады. т

Slide 3

Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз.

Морфологиялық элементтердің динамикалық дамуын қарастырғанда белгілі бір тілге тән тұлғаларды, мүмкіндігіне қарай, көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау қажет.

Slide 4

Тілдің морфологиялық заңдылықтары

Морфологиялық

қарапайымдану;

Морфологиялық ығысу;

Халықтық этимология;

сөз мағынасының өзгеруі.

аналогия,

дифференсация,

Slide 5

Морфологиялық қарапайымдану - түбір мен қосымшаның бірігіп бөлуге келмейтін ұғымға ие болуы.

Морфологиялық тұлғалардың ығысуы - белгілі бір дәуірде сөз құрамындағы морфемалар алғашқы тұлғасын сақтап бөлінсе де, уақыт өте келе олардың қолданылуының жиілігіне қарай жігінің басқаша ажырайтыны болады.

Дифференсация - бір тұлғаның әр түрлі варианттары грамматикалық және мағыналық жақтарынан дифференсацияланып, әрқайсысы өзінше грамматикалық және семантикалық дербес мәнге ие болатын кездері де болады.

Slide 6

Аналогия - тілді қолданушылар санасында бір-біріне ұқсас, орайлас деп табылатын сөздердің морфологиялық жағынан да ыңғайлас қолданылатын кездері де болады.

Дыбыстардың конвергенциясы - генезисі жағынан әртүрлі топтарға жататын сөздер мен тұлғалардың дыбыстың акустикалық заңына негізделіп, бір ғана фонетикалық пішін алады да, сырттай қарағанда морфологиялық бір ұя, бір тұлға тәрізді көрінеді.

Slide 7

Қорытындыласақ, түркі тілдеріндегі қосымшалардың біразы - жеке сөзден тараған, ал біразы о бастан-ақ қосымша қызметін атқарып келген. Тіліміздегі сөздер құрамына қарай түбір мен қосымшаға жіктеледі. Алайда тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, кей сөздердің түбірі мен қосымшасы жымдасып кеткенін байқауға болады. Бұл - бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып ескіруінен болуы мүмкін. Ондайда түбірдің бастапқы сипаты басқа сөздермен салыстырғанда немесе қосымшаның құрамын айқындау арқылыанықталады. Мысалы: байла - бау+ла, сөйле - сөз+ле т. б.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі сөзжасам: тәсілдер, типтер және өт түбірінің сөзжасамдық ұясы
Морфология бөлімін қайталау: сөз таптары мен етістік түрлері
Қазақ тілі: Сөз тіркесін морфология және синтаксис тұрғысынан қайталау
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі: синтетикалық тәсілдің негіздері
Қазақ тілінің тарихи морфологиясы: теориясы, зерттеу тарихы және сөз формалары
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері
Қазақ тілінің сөзжасам іргетесінің қалыптасуы және оның тіл білімі салаларымен байланысы
Қазақ тіліндегі нөлдік форма және қосымшалардың ашық-жасырын келуі
Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы: генеалогиялық негізі, фонология, морфология және синтаксис
Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарының тарихи зерттелуі және Қ. Жұбановтың үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz