Тауарлардың классификациясы және сапа көрсеткіштері


Slide 1

Тауардың түрлері мен сапа көрсеткіштері

Орындаған:Малкаждарова Ж

Slide 2

Жіктелуі

Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра, т. б. ) жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т. б. ) қолданылады.

Slide 3

Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар-күнделікті сұранымдағы, алдын-ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар-бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады.

Slide 4

. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т. б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркаларын, электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады.

Slide 5

Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар-тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар (жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т. б. ) Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар-кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар. Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы.

Slide 6

Тауарлардың мынадай түрлері бар:

Аукциондық тауар,

- биржалық тауар,

- ақшалай тауар,

- тұтынушьшық тауар,

- қолда бар тауар,

- көпшілік колды тауар,

- арзанқол тауар,

- төменқол тауар,

- өтімді тауар,

еркін айналыстағы тауар,

- стандарт­талған тауар,

- импорттық тауар,

- экспорттық тауар

- стратегиялық тауар,

отандық тауар,

шетелдік тауар, т. б. түрлерге бөлінеді.

Slide 7

Аукциондық тауарлар - аукцион арқылы сатылатын, өзгеше дара сипатты сапалары бар тауарлар. Олар топтамада (лоттар) бірдей сапа бойынша сұрыпталады; сапасы ұқсас топтамадан неғұрлым ірі топтамаларға - стрингілерге топтастырылады. Әрбір топтамадан және стрингіден көз тартарлық үлгілер іріктеліп алынады. [1]

Биржалық тауар - биржалық сауда объектісі; биржада сатылатын және сатып алынатын, онымен операциялар жасалатын кез келген тауар. Негізгі сыныптары: меншікті тауарлар (материалдық игіліктер), бағалы қағаздар, шетел валютасы, банк депозиттері мен туынды құралдар (пайыздық мөлшерлемелер, индекстер) .


Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқа стандарттары, классификациясы, сапа көрсеткіштері және микробиологиясы
Өсімдік сұйық майлары: өндіріс технологиясы, классификациясы, сапа көрсеткіштері және сақтау мен қаптау талаптары
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштері
Жарма өндірудің аппараттық-технологиялық схемалары және сапа көрсеткіштері
Терілер сапасын жақсарту: консервілеу әдістері және сапа көрсеткіштері
Наивті Байес классификаторы: ықтималдық модельдері, параметрлерді бағалау және сапа көрсеткіштері
Туристік сақтандыру: шетелдік және отандық нарықтар, экономикалық мәні, классификациясы және көрсеткіштері
Мұздатылған өнімдерді сақтау технологиясы және сапа көрсеткіштері
Биологиялық материалдан ДНҚ оқшаулау әдістері мен сапа көрсеткіштері
Ұн, жарма және жармалық концентраттардың өндірісі мен сапа көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz