АЛҒАШҚЫ БАСЫЛЫМДАР


Slide 1

Алғашқы басылымдар

Түркістан уалаяты және Дала уалаяты газеті

Slide 2

Түркістан Уалаятының Газеті

11. 10. 2021

Slide 3

ТҮРКІСТАН УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ» (1870-1882) «Түркістан уалаятының газеті» - қазақ журналистикасы тарихында көш бастаушы басылым. Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болған «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте шығып тұрды. Алғашында айына төрт рет - екі нөмірі өзбекше жəне екі нөмірі қазақ тілінде жарық көрді. Газеттің алғашқы редакторы - орыс жəне шығыс халықтарының бірнеше тілдерінде еркін сөйлеген, башқұрт ұлтының азаматы Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов болды. Омбы кадет корпусында білім алған Ш. Ибрагимов Шоқан Уалихановпен жақсы таныс болған деген деректер де бар. Қазақ халқының ауыз əдебиет үлгілеріне қызығушылық танытып, оларды жинақтаумен де айналысқан ол басылымның биресми бөлімінде бірқатар зерттеу мақалаларын жариялаған. Ш. Ибрагимовтан кейін «Түркістан уалаяты газетіне» Хасан Жанышев редактор болып бекітіледі. Түркістан генерал-губернаторы Константин Кауфманның тікелей басшылығымен дүниеге келген «Түркістан уалаяты газетінің» негізгі мақсаты - патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, жергілікті басқару органдарының шешімдері мен үкімдерін қарапайым халыққа өз ана тілінде жеткізу еді. Бұл əрине патшалық Ресейдің отаршыл саясатын күшейту мақсатында іске асырылғаны сөзсіз. Дей тұрғанмен, Ресей қарамағындағы бүкіл түркі халықтары арасында ана тілінде шыққан алғашқы баспасөз болып саналатын «Түркістан уалаятының газетін» қазақ халқының мəдениеті мен əдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан басылым деп жоғары бағалауға болады. Газеттің ресми емес бөлімінде қазақтың ауыз əдебиеті үлгілері, ғылыми жаңалықтар, шаруашылық жайы, мəдени хабарлар жəне əдеби туындылар басылды. Сондай-ақ, білім-ғылым мен өнердің пайдасы, оқуағарту ісі, орыс тілін үйренудің септігі жайындағы материалдарды да көптеп кездестіреміз. «Түркістан уалаяты газетінің» бейресми бөлімінде - жазба публицистика мен халықтың ауыз əдебиетін зерттеп-зерделеу ісі қалыптаса бастады, бұл процесс - елдің қоғамдықəлеуметтік көзқарасы мен əдеби-мəдени ой-пікірінің дамуына елеулі оң ықпалын тигізді.

Slide 4

Бұл тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей империясының қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы мерзімді басылым болды. “Түркістан Уәлаятының Газеті” белгілі мақсатта патша үкіметінің шешімі бойынша жергілікті әкімшіліктің бақылауымен және қаржыландырумен шыққан ресми газет. Оның пайда болуының және мерзімді басылым ретінде қалыптасуының негізгі обьективті алғышарты қазақ жерін отарлаудың одан әрі күшеюі болды. Газет патшаның отаршылдық саясатына көмектесу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің табиғат байлығын орыс капиталының талабына сай жан-жақты зерттеу мақсатында 12 жыл бойы шығып тұрды. Сонымен қатар газет бұқараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарын өздерінің дінінен, тілінен, ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында пайдаланылды. “Түркістан Уәлаятының Газетінің” алғашқы редакторы шығыстанушы Ш. М. Ибрагимов болды. Газет алғашында “Туркестанские ведомости” газетінің қосымшасы ретінде айына төрт рет, екі саны қазақша, екі саны өзбекше, 200 - 250 таралыммен шығып тұрды. өлкеде болып жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, т. б. сипаттағы үрдістер газет бетінде белгілі бір дәрежеде бейнеленді. “Түркістан Уәлаятының Газеті” шығып тұрған кезең қазақ халқының тарихында оларды толық және түпкілікті отарлау мақсатында жүргізілген кең көлемді шаралардың басталуымен ерекшеленеді. Сондықтан “Түркістан Уәлаятының Газеті”, ең алдымен Ресей империясының Түркістан жерін отарлау тарихының дерек көзі болып табылады.

Slide 5

Дала уалаятының газеті

11. 10. 2021

Slide 6

Дала уалаятының газеті - 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомоства" газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет. Оның жарыққа шығуы - 1882 ж. құрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кірген Дала генерал-губернаторлығының құрылуымен байланысты. Газеттің басты мақсаты - жергілікті халықты үкімет жарлықтарымен таныстырып отыру. Қазақшасының редакторлары - Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин.

Газеттің бейресми бөлімінде Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов туралы деректер басылған. Абай, М. Ж. Көпеев, Шәкәрім, Ә. Бөкейханов, А. Құрманбаев, О. Әлжанов, С. Шорманов, М. Жанайдаров, К. Жапанов, Б. Сыртанов, Ж. Ақбаев, Ж. Айманов, т. б. шығармалары, хаттары, мақалалары басылып тұрған. Оларда бұдан бір ғасыр бұрынғы қазақтардың қоғамдық-саяси өмірі бейнеленуі, әлеуметтік жағдайы, экономикасы, шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрі, т. б. туралы мол мәліметтер берілген. Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары ("Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Нөрік батыр", "Еңлік-Кебек", "Бозжігіт"), Алдаркөсе, Жиренше шешен, Қожанасыр аңыздары, Шығыс сюжеттері ("Мың бір түн", "Шаһнаме", "Фархат -Шырын"), мақал-мәтелдер, жұмбақтар, орыстың белгілі ақын, жазушыларының кейбір шығармаларынан аудармалар жарияланған.


Ұқсас жұмыстар
Белорусь Ұлттық Кітапханасы
Сарыарқа - газет
Кітапхананың анықтамалық - библиографиялық аппараты
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Microsoft Access бағдарламасында жұмыс жасау
ҚР және ТМД елдеріндегі дәлелді медицина орталықтары
Маркетинг тік зерттеулер
Алғашқы қазақ басылымдар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ
Аудиовизуалды жарнама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz