Одағай сөздердің шығуына ғалымдардың пікірі



Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы
Тақырыбы:Қазақ тіл білімінде сөз таптары мәселесінің зерттелуі
Орындағандар:ІІІ топ

Бірсыпыры зерттеушілер тарихи тұрғыдан сөз таптарын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Бұл мәселе жайында акед. И. И. Мещанинов “Сөйлем мүшелері мен сөз таптары” деген салыстырмалы-типологиялық зерттеуінде былай деп жазды. “Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады, сөздерде сөйлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жұмсалуы арқылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде жұмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баяндауыш ретінде қызмет атқаруы нәтижесінде ажыратылады. Бұл жерде сөйлемнің осылай мүшеленуімен лексикалық топтар жасалады”.
Тіл білімінде ертеден бастап, сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы бар. Атауыш сөздердің қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа -белгінің және іс-әрекеттің атаулары жатады. Олардың әрқайсысында толық мағына бар және сөйлемде өздігінен мүше ретінде қызмет атқара алады. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, үстеу, етістік және шартты түрде сан есімдер мен есімдіктер жатқызылып жүр.

Қ. Жұбановтың одағай сөздерді зерттеуі
Қ. Жұбанов - қандай да болсын тілдік құбылысты бүге-шүгесіне дейін зерттеп, тұжырымды пікір айтқан ғалым. Ол одағайлардың сөйлемде басқа сөздерден айырықшаланып тұратындығын жақсы аңғарған. Сол себепті де «Одағай сөздердің тынысқа қатыстылығы» деген арнайы тақырыпта одағайлардың сөйлемдегі орын тәртібі мен тыныс белгілерін қоюдың заңдылықтарын нақты мысалдармен дәйектеп, сипаттаған. Бұған қоса ғалымның одағайлардың шығу тарихы мен жасалу жолдарына қатысты ой-пікірлері қазақ тіл біліміндегі жаңа ғылыми парадигмада тұрған этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының зерттеу нысандарымен сабақтасып жатыр. Бұған дәлел ретінде ҚЖұбановтың «одағайлардың дені әуелде қаратпа сөз болып жасалған» деген тұжырымына қатысты ойларын айтуға болады.

Одағай сөздердің шығуына ғалымдардың пікірі
Қ. Жұбановтың одағай сөздер туралы ой-тұжырымдары туралы Е. Қ. Жұбанов былай деп жазады: «Жалпы лексикалық-грамматикалық тұрғыдан одағай сөздердің табиғаты профессор Қ. Жұбановтан бұрын да, соң да ғылым тезіне түсіп келе жатқаны мәлім. Алайда аталмыш категорияның мағыналық өзгерістері нақ Қ. Жұбановша мүшеленіп талданған емес.
Қ. Жұбановтың одағайлардың шығу тарихына қатысты ойлары алғаш 1930 жылы Алматы қаласында болған Бірінші бүкіл Қазақстандық өлкетану съезінде жасаған «Мәнсіз сөздердің мағынасы» («Смысл бессмысленных слов») деп аталатын баяндамасында айтылған.
Ғалымның осы баяндамасы туралы белгілі түркітанушы-ғалым М. Томанов былай деп жазады: «Одағай сөздер тілдік ізденістердің ертеден келе жатқан объектілері екені ғылым тарихынан мәлім. Тіл-тілдің шығуы, алғашқы сипаты қандай дейтін тіл білімінің түбегейлі мәселесі де көп ыңғайда одағайлармен байланысты да қарастырылатыны белгілі.

Сөз таптары - тіл білімінің негізі
Сөздерді таптастырудың лексика-грамматикалық ерекшелiгі
Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектептерде тілді оқытудың негізгі түйіндері, сайып келгенде, сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады; сондай-ақ, тілдің грамматикалық құрылысына байланысты көптеген мәселелерді алсақ, оларды сөз таптарына байланыстырмай зерттеу де, шешу де мүмкін емес. Олай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грамматикалық құрылысының, сөздің грамматикалық құрылымының әрі кіндік қазығы, әр негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында, тереңірек үңілсек, сөз табы грамматиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны (грамматиканы) лексикамен байланыстыратын да негізгі баспалдақ сияқты. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын (түбірінің, негізін, қосымшаларын) талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негізгі өзегі, ең түйінді, ең басты мәселесі.
Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдік) белгілеріне қарай, ең алдымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар - атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер.

А. Байтұрсынов жіктелімі

М. В. Ломоносов топтастыруы

Соңғы жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясына елеулі жаңалық енгізген ғалым С. Исаев болды. Ғалым қазақ тіл білімінде бұрын да термин ретінде жиі қолданылғанымен, мән-мағынасы күңгірт грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория секілді іргелі грамматикалық ұғымдарды қазіргі лингвистикалық даму дәрежесіне сай нақты анықтап, басын ашып беру арқылы сөз таптастыру мәселесінде де барынша айқындық енгізді. С. Исаев ең алдымен, сөздерді түрлі топқа жіктеу барысында бұрынғы еңбектерде жіберілген ең басты қателік-тілдің лексикалық қабаты деңгейіндегі құбылыстар мен грамматикалық қабаты деңгейіндегі құбылыстардың шатастырылып жүргендігіне байланысты орын алған қателікті түзеп, әрқайсысын орын-орнына қойып берді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz