Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтенуі: ұғымы, түрлері және себептері


Slide 1

Девиантты мінез - құлық әлеуметтенуі

Жоспар:

1. Девиация ұғымы және оның түрлері

2. Тұлғаның девианттық мінез-құлығын анықтау мәселелері

Slide 2

“Девиация” термині латынның “deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Девианттық дегеніміз - адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы әлеуметтік нормадан ауытқуы. Оны кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз кез-келген іс-әрекеттің қоғамда нормаларға сай келмеуі. Бұл жағдайда девиацияны жағымды немесе позитивті, жағымсыз немесе негативті деп бөлеміз. Ал тар мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік нормадан негативті және жағымсыз түрде ауытқуы.

Slide 3

Позитивтік девиация дегеніміз - бұл мінез-құлықтың ауытқуы көптеген адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан айыптаушылық тудырмауы. Бұған өзін-өзі құрбан ету, бір нәрсеге немесе біреуге шектен тыс берілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі т. б.

Негативті девиация дегеніміз - керісінше көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық, айыптаушылық тудыратын девиация болып табылады. Латын тiлiнен аударғанда delinguens - «қылық», «кiнәлi» болуды бiлдiредi.

Slide 4

Девианттық мінез-құлықтың себептерін социологтар бірнеше бағыттардан іздейді.

1. Адам бойындағы бірқатар кемшіліктерден - эгоизм, көре алмаушылық, өз мақсатын орындауға деген шектен тыс ұмтылыс, т. б.

2. Олардың биологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен.

3. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайдан. (тәрбие, білім, қоршаған орта, жұмыс істеу мүмкіндігі т. б)

Slide 5

Девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептері:

1. Әлеуметтік теңсіздік.

Халықтың тұрмыс жағдайыны төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық,

2. Моральдық этникалық фактор.

Қоғамның моральдық - адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдеп-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық, қайырымшыл-дық, «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі.

Slide 6

Қоршаған ортаға байланысты

Отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психофизика-лық ауытқулар т. б.

Дене бітіміндегі кемістігінен күйзелу.

Бұл күйзеліс сыртқы түр-тұрпатымен байланысты, яғни бетке түскен секпілден бастап, толықтық, аяқтың жіңішкелігі, бел және т. б. неше түрлі дене мүшелерімен байланысты туындайды. Өзінің дене бітіміне көңілі толмаушылық олардың өзіне деген сенімін азайтып, тіпті бақытсыздыққа соқтыруы мүмкін.

Slide 7

Девианттық мінез- құлықтың болу себептері

ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;

тәрбие берудегі кемшіліктер;

өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

жанұяда берекенің болмауы;

агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік девиация: девиантты мінез-құлықтың анықтамасы, себептері және коррекциясы
Абьюзивті қарым-қатынастар: девиантты мінез-құлықтың түрлері, себептері және салдары
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың алдын алу: себептері, түрлері және педагогикалық-әлеуметтік шаралар
Ауытқымалы (девиантты) мінез-құлықтың әлеуметтанулық талдауы мен классификациясы
Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтанулық талдауы: ұғымдар, теориялар және типология
Отбасы әлеуметтануы: девиантты мінез-құлықтың типологиясы мен классификация критерийлері
Девиантты мінез-құлық: анықтама, түрлері және пайда болу себептері
Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алу және педагогикалық түзету
Отбасы тәрбиесінің әсері және жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың алдын алу
Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz