Саяси билік, мәні мен жүзеге асыру механизмдері



Дәріс №4 Саяси билік, мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Жоспар:
Билік тұжырымдамалары. Саяси билік
Биліктің ұйымдастырылуы жəне қызметі. Биліктің легитимдігі
Ұлттық саясат мемлекеттік саясаттың құрамы ретінде

I. Билік тұжырымдамалары. Саяси билік
Саясаттануда саяси билiк теориясы негiзгi орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты жəне саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат əлемiнiң мəнiн түсiнiп-бiлуге мүмкiндiк бередi. Себебi, саясаттың негiзгi мəселесi - билiк, ал мазмұны - билiк үшiн күрес жəне билiктi жүргiзу.
Шығыстың көрнектi ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) - адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелiгi - ол билiк үшiн күреседi деген екен.
Ағылшынның ең iрi фəлсафашыларының бiрi, қоғам қайраткерi болған Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негiзгi ұғым билiк болып табылады деп дұрыс айтқан.
Ал Американың əйгiлi əлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билiк те соншалықты орын алады деген.

Теологиялық анықтама билiктi белгiлi бiр мақсатқа, белгiлеген нəтижеге, қорытындыға жету мүмкiндiгi деп түсiндiредi. Мысалы, ағылшын фəлсафашысы Т. Гоббс (1588 - 1679) билiк болашақта игiлiкке жетудiң, құралы жəне өмiрдiң өзi өле-өлгенше билiк үшiн үздiксiз ұмтылыс деп жазды.
5. Конфликтiлiк анықтама билiктi дау-жанжал жағдайында игiлiктi бөлудi реттейтiн мүмкiндiк, шиеленiстi шешудiң құралы деп түсiндiредi.
2. Бихевиористiк анықтама бойынша билiк деп басқа адамдардың жүрiс-тұрысын, өзiн-өзi ұстауын өзгерту мүмкiндiгiне негiзделген iс-əрекеттiң ерекше түрi.
6. Бiраз ғалымдар билiктi кең мағынасында басқаларға тигiзiлетiн жалпы ықпал ретiнде қарайды.
3. Инсщументпалистiк анықтама билiктi белгiлi бiр кұралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мумкiндiгi деп бiледi. Мəселен, Американың белгiлi саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билiк бiр адамға екiншi адамды өз еркiмен жасамайтын iс-əрекеттi жасауға мəжбүр ету мүмкiндiгiн бередi дейдi.
П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келiспей, билiктi бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жай ғана ықпал, əсер емес, оларды өзгертуге бағытталған iс-əрекет дейдi.
4. Структуралисті анықтама билiктi басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрi деп ұғады. Олар кейбiр адамдарды туғанынан, табиғатынан əмiршiл, басқарғысы келiп тұратын болады, ал басқалары көнбiс, көнгiш, басқа бiреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетiп тұрғанын ұнатады, қалайды дейдi. Солардың арасында, олардың ойынша, билiк қатынастары туады.
8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк жəне қоғам» деген кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi ретiнде сипаттайды.
Билiк жөнiңде ғалымдар арасында əр түрлi анықтамалары мен тұжырымдамалары:
Жоғарыда біз кестелерден, билiк туралы ғалымдардың арасында ортақ пiкiр, анықтама жоқ екенiн байқадық.

Билiк - адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам жəне мемлекеттiк саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге мiндеттi. Ол қоғамның тұтастығы мен бiрлiгiн қолдау үшiн керек.
Алғашқы қауымдық қоғамда билiк қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билiктi қауым бастығын сайлайтын ру мен тайпалардың барлық мүшелерi бiрiгiп iске асыратын.
Əлеуметтiк бөлшектену өрiстеп, мемлекеттiң пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершiлiк беделi төмендеп, оның орнына ақсүйектер билiгiнiң беделi ұлғайды.
Билiктiң аппараты дүниеге келдi, адамдарды еркiнен тыс, ықтиярсыз еркiне көндiрген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретiнде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстiнен қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билiк пайда болды.
Сондықтан саяси билiктiң пайда болуын қазiргi саясаттануда мемлекеттiң пайда болуымен байланыстырады.

«Билiк» деген сөз əр түрлi мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектiсiне байланысты былай етiп бөледi: ата-аналар билiгi, мемлекеттiк, экономикалық, саяси, əлеуметтiк, құқықтық, əскери, рухани билiк жəне т. б.
Бiрақ билiктiң толық мағынасы мемлекеттiк-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билiк билiктiң ең басты түрiне жатады.
Билiктiң басқа түрлерiмен салыстарғанда саяси билiктiң мынадай ерекшелiктерi бар: оның өктемдiк сипаты (ол басқа билiктерден жоғары тұрады, оның шешiмдерiн қалғандары орындайды), оның бүкiл қоғамның атынан билiк жүргiзуi, басқарумен кəсiби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшiлiк адамдардың мүддесiн қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билiк органдарының тəуелсiздiгi, қоғам өмiрiнiң жұмыс тəртiбiн белгiлеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберiнде ашық күш қолдана алуы жəне т. б.
Саяси билiк бар жерде теңсiздiк бар. Мұнда бiреулер билiк етуге құқықты да, екiншiлерi оларға бағынуға мiндеттi.

Саяси билiктiң қарамағында теңсiздiктi қамтамасыз ететiн əдiс-құралдары:
Экономикалық қор. Қандай саяси билiк болмасын оған қаржы-қаражат керек.
Əлеуметтiк əдiс-құралдар. Үстемдiк етiп отырған билiк өзiн қолдайтын, оның одан əрi өмiр сүруiне мүдделi адамдар iздейдi. Ондай рөлдi ең алдымен оның мəртебелi, абыройлы, жалақысы мол қызметтердi атқаратын, пайдаланатын қызметкерлерi орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекеттi қорғайды, iшкi тəртiптi сақтайды, саяси билiктi құлатуға əрекет жасаушыларға мүмкiндiк бермейдi. Оған жататындар: əскер, полиция, қауiпсiздiк органдары, сот, прокуратура жəне т. б.
Ақпарат құралдары. Қоғамдық пiкiр тудырып, саяси өмiрге ықпал ету жағынан оны төртiншi билiк деп те атайды. Кейбiр саяси қайраткерлер кiм теледидарды бақыласа, сол бүкiл елдi бақылай алады деп санайды.
Ақпарат құралдарымен қатар билiктi жүргiзуде информациялық қордың да маңызы зор. Бiлiм мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгiнгi танда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбiр ғалымдардың (жапондықтардың) айтуынша, информация кiмнiң қолында болса, XXI ғасырда билiк соның қолында болады дейдi.

Саяси билiк əлеуметтiк институттар арқылы жұмыс iстейдi. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жəйттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудi қамтамасыз ететiн ережелер арқылы iске асады.
Билiктiң қайнар көзi, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, бiлiм жəне хабарлама мəлiметтер (информация) жатады.
Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендiру, əдет-ғұрып, дəстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты əдiс-амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлерiне үстемдiк жүргiзу, басшылық ету, үйлестiру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Саяси билiктiң өзiндiк қызметтерi болады. Олар:
-қоғамның саяси жүйесiн қалыптастыру;
-оның саяси өмiрiн ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттiк басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар жəне т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды) ;
- əр түрлi деңгейдегi қоғам мен мемлекеттiң iстерiн басқару;
- үкiмет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау;
-саяси жəне басқа қатынастарды бақылау жəне түптеп келгенде, белгiлi бiр қоғамға сəйкес басқарудың түрiн, саяси тəртiптi жəне мемлекеттiк құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тəртiп пен тұрақтылықты қолдау;
- даудамай, шиеленiстердi ашып, оларға шек қою жəне дер кезiнде шешу;
- қоғамдық келiсiмге, мəмiлеге келу жəне т. б.

Қоғамда билiк өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс iстейдi:
орта буынды аппараттар мен мекемелердi қамтитын жəне аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегi жергiлiктi əкiмшiлiк билiк (əртүрлi мекемелер, агенттiктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар жəне т. б. мекемелер) кiретiн орта деңгей;
жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кiретiн өте iрi деңгей;
адамдар, кiшiгiрiм топтар, ұйымдар, одақтар, өндiрiс жөне басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негiзi, арқауы болып табылатын, саяси жəне қоғамдық өзiн-өзi басқару өрiсiн құрайтын кiшi деңгей.

Билiк мəселесiн қарастырғанда, саяси билiктiң «субъектiсi» жəне «иелiк етушi» деген ұғымдарға назар аударуға тура келедi.
Субъект деп iс-əрекеттi жасаушы, объекттi өзгертушi жеке адам, əлеуметтiк топ, тап, партия, мемлекеттi айтады. Саяси билiктi жүзеге асыру үшiн арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға кепiлдiк бередi. Олар билiктi қолданушы, қорғаушы, «иелiк етушi» болып есептеледi. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билiктi «иелiк етушiлер» арқылы жүргiзедi. Сондықтан мұны түсiнбейтiн адамдар билiкке «иелiк етушiлердi» билiктiң өзiмен шатастырады немесе «иелiк етушiлердi» билiк субъектiсiнен тəуелсiз деп санайды.
Атқарушы билiкке үкiмет пен əкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заң шығарушы билiктiң бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде iс iстеуi керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билiкке тəуелдi. Бiрақ iс жүзiнде ол саяси жүйенiң маңызды бөлiгiне айналған жəне қоғамдық өмiрде зор рөл атқарады.
Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (бiрақ олар конституция шеңберiнде болуы жəне заңға негiзделуi қерек) . Ал əкiмшiлiк ол шешiмдердi жүзеге асырады.
Соттық билiк адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сəйкестiгiн анықтайды.
Оны халық немесе өкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билiкке тəуелсiз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның немесе қызмет адамының шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен күшiн жояды.
Соттың маңызды принциптерiне жариялылық, айыпкердiң өзiн қорғауға жəне сот үкiмiн бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Биліктің ұйымдастырылуы жəне қызметі. Биліктің легитимдігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz