Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері


Slide 1

Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері

Орындаған: Сексенбай Ж. С. (шет тілі: екі шет тілі)

Slide 2

Жоғары мектеп педагогикасы жоғары оқу орны білім беру процесінде болашақ маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуының заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың саласы.

Slide 3

Ол педагогикалық ғылымда ХХ ғ. 60-70 жылдарында өз бетімен ғылыми сала ретінде рәсімделе бастады. Оның қалыптасуына себепші болған ғалым-педагогтар: С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Т. И. Шамова, Т. А. Ильина, В. А. Сластенин, Н. В. Кузмина және т. б. Олар алғашқы ғылыми жұмыстарында жоғары кәсіби білім берудің мақсаты мен міндеттері, мамандардың профессиограммасы, жоғары мектепте оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары мәселелерін көтерді.

Slide 4

Жоғары мектеп педагогикасы кез келген басқа ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу нысаны және пәні бар. Ғылымның нысаны берілген ғылымда оқып-үйренетін шындықтың аймағын бейнелейді. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының нысаны жоғары оқу орны болашақ мамандарын кәсіби-тұлғалық қалыптастыру процесі болып табылады.

Slide 5

Ғылымның пәні ретінде ғылыммен құрылатын немесе сараланатын, шындық аймағы ішінде оқытылатын мәндік байланыстар бейнеленеді. Жоғары мектеп педагогикасының пәні жоғары мектептің білім беру процесі ретінде болашақ мамандардың кәсіби-тұлғалық дамыту факторы болып табылады. Сондықтан, жоғары мектеп педагогикасы маман даярлау және тиімді кәсіби тәрбиелеу мақсатында жоғары мектептегі білім беру процесін ұйымдастыру жолдарын оқып үйретеді, іздестіреді және негіздейді.

Slide 6

Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты

Студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау

Slide 7

Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері

Slide 8

Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары

Тәрбие

Оқыту

Білім беру

Жоғары мектептің педагогикалық процестері

Әлеуметтану

Іс-әрекет табыстылығы

Slide 9

Тәрбие - тарихи түсінік, қоғамның өмір сүруі мен сабақтастығын, өндіруші күштерді дайындау және адамның дамуын қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады. Онда тәрбиенің дамуы, басқа қоғамдық құбылыстармен өзара байланыс заңдылықтары бейнеленеді.

Оқыту - оқыту мен білім беру екі жақты процесі - тәрбиенің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Оқыту - білім мен білікті беру, танымдық іс-әрекеттің тәсілдері.

Білім беру - қабылдау, меңгеру, ойлау, қолдану арқылы тәжірибені игерудегі студенттің іс-әрекеті. білім беру - оқыту мен тәрбие процесі және нәтижесі.

Педагогикалық процесс - білім мен білік және практикалық дағдыларды игеру, тұлғаның моральді-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері.

Іс-әрекет - өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мен практикалық іске асыруға бағытталған адамның іс-әрекет жиынтығы.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер:

Жоғары мектеп педагогикасы: оқу құралы. М. К. Бұлақбаева. - Алматы: “Отан” баспасы, 2015. - 3-18 беттер


Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасының нысаны, пәні және міндеттері
Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері, пәні және қызметтері
Жоғары мектеп педагогикасының пәні, негізгі категориялары және әдіснамалық негіздері
Жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, негізгі ұғымдар мен әдіснамасы
Жоғары мектеп психологиясы: пәні, міндеттері және құрылымы
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы және зерттеу әдістері
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы және ғылыми-зерттеу әдістері
Бастауыш мектеп педагогикасының пәні және негізгі ұғымдары
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері және оқытушының кәсіби құзыреттілігі
Жоғары мектеп педагогикасы: теориясы, міндеттері және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz