Жоғары мектептің оқытушысы және оған қойылатын талаптар




Презентация қосу
Жоғары мектептің
оқытушысы және оған
қойылатын талаптар

Орындаған: Сексенбай Ж.С.
«Егер мұғалім өң бойына, өз ісіне, шәкіртіне
деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз
ұстаз»(Л.Толстой)
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл
Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның
бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын,
олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл
иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса
қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа
жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен
жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
– деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің
ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім
сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ
оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі,
шығармашылық қызметі.
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа
жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер
жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің
қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім.
Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым
негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны
дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке
жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір
жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл
істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім –
қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын
әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық
өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін
меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас
дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде
қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі
биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.
Жоғары мектеп оқытушысына
қойылатын талаптар:

1 мұғалімнің кәсіби шеберлігі

2 мұғалімнің білімділігі

3 мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі

4 еңбектің тиімділігі

5 білім беру сапалылығы
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл
оның кәсіби және жекелік сапаларының
жоғары деңгейін көрсететін жалпылама
сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі
ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және
қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта,
іске қоса алуы;
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын
баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы
барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне
байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К.
Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына
төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1.Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз
мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы
еңбек көрсеткіші
2.Субъективті критерийлерге: адамның
мамандығы қаншалықты оның табиғатына,
қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес
3.Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам
талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр
ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.
4.Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің
өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз
тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.
Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі
атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық
деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік
бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-
шараларына қатыстыру және оның өз білімін
көтеруі болып табылады.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш
– оның кәсіби құзырлылығы. «Құзырлылық»
ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға
субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару
нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. «Құзырлылық»
- белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір
деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алу
дегенді білдіреді.
Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп,
педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы
теориялық және практикалық дайындықтың
бірлігін айтады.
Құзырлылық тәсілдері :
- нақты болып жатқан құбылыстарды
түсіндірудегі
- танып білудегі, жаңа техника мен
технологияларды меңгерудегі
- адамдар арасындағы байланыста өз
қылықтарын бағалау
- өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі
- құқықтық нормадағы және әкімшілік
құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі
біліктілік
Құзырлықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік
көзқарасы тәжірбиесі, интеллектісі,тектілігі
Құзырлықтың сапа белгілері:
дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы,
көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы,
дарыны.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін
себетін басты тұлға. Яғни, балаларды
тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау
көбіне мұғалімге тікелей байланысты.
Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға
қойылатын талаптар студенттерді –
ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа
түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі
уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге
бағытталған оқытудың жаңа
жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта
келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби
әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек
күттірмейтін өткір мәселе екендігін
айғақтайды.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Жоғары мектеп педагогикасы: оқу құралы.
М.К.Бұлақбаева. – Алматы: “Отан” баспасы,
2015. – 27-31 беттер
2. bilimdiler.kz, infourok.kz сайттары

Ұқсас жұмыстар
Жылжымайтын мүліктерді бағалау
Эдвайзер жұмысының мазмұны
Тексеру сабағы
Қазіргі таңдағы оқу - тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы
Мектеп парталарына қойылатын талаптар
Бағдарламаның бөліктері
Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру
Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі
Сынып парталары
Пәндер