Кәсіби белсенділік


Slide 1

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогтің өзін-өзі шығармашылық дамытуының әдістері

Орындаған: Сексенбай Ж. С.

(шет тілі: екі шет тілі)

Slide 2

Жоспар

1. Педагогикалық ұжым.

2. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту проблемаларының талқылануы, жеке-дара дамуының әрқилы кезеңдерінде тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдаудың көрсетілуі жөніндегі жұмыстардың басым көпшілігі педагогикалық ұжымға және нақты педагогқа жүктеледі. Өзін-өзі жүйелі түрде танып, дамытып отыратын, өзін-өзі белсенді тәрбиелеп отыратын ұстаз ғана өзгелерге тиімді көмек көрсетіп, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне ықпал ететін ахуалды қалыптастыра алады. Олай болмаған жағдайда оның балаларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру іс-әрекеті оның дербес тәжірибесімен бекітілмей тек баяндаушы сипатта болады.

Slide 4

Дағдылы жұмыс күндері мұғалімнің тұлғалық-кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіруі- педагогикалық мамандықты айтпағанда, кез-келген мамандықтың міндетті шарты болып табылады. Мұндағы белсенділіктің кез келген жаңылысы, төмендеуі педагогикалық үдерістің мүшелерінен бірден байқалады, педагогикалық еңбектің нәтижелеріне кері ықпал етеді. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануының талдамасына көшу үшін оның тұлғалық ерекшеліктеріне және кәсіби біліктілігіне, іс-әрекетіні ерекшеліктеріне аз да болса тоқталып өту қажет.

Slide 5

Қазіргі таңда ғылымда педагог тұлғасының, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасының құрылымындағы компоненттерді ажыратудың әртекті тұрғылары, оның кәсіби мен қайталанбастығы туралы әрқилы көзқарастар қалыптасқан. Ол көзқарастарды келтіруге және талдауға мүмкіндігіміз болмағандықтан, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқытушылардың едәуір маңызды қасиеттері мен күйлерін, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын сипаттап өтуге тырысамыз.

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:

Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;

Кәсіби белсенділік;

Кәсіби білімдері мен іскерліктері;

Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;

Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Slide 6

Тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы

әдетте балаларға, іс-әрекетке, өзіне қатынасы жетекші мәнге ие болатын қатынастардың тобы ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш түрін құрылымдай келе, кәсіби-педагогикалық бағыттылықтың сегіз түрін алуға болады, алайда оңтайлысы ретінде үш компонент: балаларға қатынасы, заттарға қатынасы және өзіне қатынасы айқындалған типті анықтаған жөн.

Slide 7

Кәсіби белсенділік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде, туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешуіскерлігінде, әкімшілікпен, қызметтестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзінің жұмысын талдауда, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналысуда анықталатын педагогтың нормативтердің шеңберінен шығу, өзінің іс-әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отыру ұмтылысымен сипатталады.

Slide 8

Кәсіби білімдері мен іскерліктері

кәсіби даярлықтың негізін құрайды. Білімдер мен іскерліктерге ие болмаған педагог өзінің қызметін мүлде атқара алмас еді. Кәсіби білімдер әртекті келеді: ол - өзінің пәнін жақсы білу, педагогика, психология, әдістемелер саласындағы, өзге адамдармен қатынастарды орнату аумағындағы білімдері, өзінің кәсіби мұмкіндіктеріне қанық болуы.

Slide 9

Педагогикалық қабілеттері әр педагогтың, алайда әр дәрежеде ие болған тұлғалық әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтың оларды өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін, педагогикалық іс-әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.

Slide 10

Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай:

-күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу. -творчествоны қалау. -заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен өсуі. -қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер. -бәсекелестік. -қоғамдық пікір. -материалдық ынталандыру. -ынта-ықылас.

Slide 11

Өздігінен білімін жетілдіру процесінде педагог қолданатын іс-әрекеттер:

-өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау; -өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау; -бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар; -бағдарламаның орындалу нәтижелері бойынша өзіне өзі талдау жасау; -алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою. Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің кәсіби өсуі мен жетілуіне байланысты бағдарлама әзірлеу болып табылады.

Бағдарлама жасау принциптері:

-ғылымилылық, болжамдау; -өзектілік; -оңтайлылық; -шынайылық; -тұтастық; -бақылау мүмкіндігі.

Slide 12

Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттеріне адамгершілік тұрғыдан реттейді. барынша толыққанды кәсіби- этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігі педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта) ұсынылған:

- талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде;

- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, мәймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде;

-бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында;

- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында;

-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;

-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау және қысымшлық пен қорлықсық жазалай білуінде;

-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-ақ білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу білу қабілетінде;

-білім алушыларды тыңдай білуі, оның және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде;

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Көшбасшылық, билік және ықпал ету теориялары
Педагогтың кәсіби өзін өзі тануы мен дамуы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Педагогтардың біліктілігін арттыру - өзін-өзі жетілдіру формасы ретінде
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Кәсіби спорт пәнінің мазмұнында кәсіби спорттың пайда болу және даму тарихын, оның тұлға мен қоғамға әсерін зерделеу
Қазіргі таңдағы оқу - тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы
Педагогтың кәсіби өзін–өзі тану және өзіндік дамуы
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz