Мид тұлғасы




Презентация қосу
Жеке тұлға
басқарудың
субъектісі
Жоспары:

1 Тұлға туралы теориялар. Әлеуметтік статус
және әлеуметтік рөлдер.
2 Жеке тұлға – әлеуметтік дамудың субъектісі
ретінде
Кули Чарльз
Хортон (1864-
Рөлдік тұжырымдама
• Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік
психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда
болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-
1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б.
Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін
салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая
природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная
организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.),
«Социологическая теория», «Социальное исследование»
(1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік
теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және
сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы
шешуші рөлін мойындау жатыр.
Мид Джордж Герберт
(1863-1931)
Мид тұлғасы
• Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік
дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі
қарым-қатынас, байланыстар негізінде
қалыптасады деп санайды.
• Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре
алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы
жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. өзін
«ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы
ойлай алады, сол рақылы өзінің «менін» сезіне
бастайды.
• Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі
үш түрлі сатыдан тұрады.
Бірінші иммитация
• Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны
түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық
шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.

Екінші, ойын сатысы.
• Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау
арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар
бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас
балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын
қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете
бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын.
• Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың
нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның
барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі.
Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың
қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды.бұл
тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп,
жақсы біледі.
Статус түсінігі
• Мысалы, әрбір адам әлеуметік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады.
Осыны статус дейді. әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін,
бірақ оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус
басты немесе интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды
статус адамның қызметі (лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы,
директор, профессор сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-
құлықы мен пішінінен (киімі, сөйлеу мәнері) және басқа әлеуметтік
мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты
нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.
Макс Вебер
(1864-1920)
М.Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-
құлқы деп оның іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы
көрінісін айтады.

Инстинктивті

Қарапайым

Әлеуметтік
Мінез-құлық құрылымы.
Қорыта келгенде...
• Тұлға — жеке адамның өзіндік
адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық
қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет
иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты
сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік
қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму
жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-
қатынас орнату арқылы жеке адамды
әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің
жемісі.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Аженов М.С., Садырова М.С. Социология социальной структуры общества-
Алматы-2002.
2. Аженов М.С., Бейсенбаев. Социальная стратификация в Казахстане. Алматы-
1998.
3. Вебер.М Основные понятия стратификаций// Соц.Ис. Номер 5,1994.
4. Воронков В.М., Фомин Э.А. Типологические критерии бедности // Социо-
лексический журнал номер-2, 1995.
5. Гидденс Э. Стратификация и классовая структура// Соц.Ис. Номер-9-11,1994.
6. Моска Г. Правящий класс// Соц.Ис. Номер-10,1994.
7. Сагадиев К.А., Бектұрғанова Б. Средний клас в Казахстане. Алматы-1999.
8. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «
Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
9. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь,
2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7


Ұқсас жұмыстар
Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы
Іздеу. Іздеу есептерінің шешілімі. Іздеу: қайтару арқылы теріп алу
Мид Джордж Герберт (27.02.1863, Сауг- Хадли, Массачусетс — 26.04.1931, Чикаго)
Әлеуметтану теориялары
Альдегидтердің алынуы
Credo бағдарламалық жүйелері, мүмкіншіліктері
Нобель сыйлығының лауреаттары 1969 -1980 жылдар аралығы
Әлеуметтену және бірегейлік теориялары
УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері
Пәндер