Түркілердің мәдени мұрасы
Презентация қосу
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
https://atu.kz/
ФАКУЛЬТЕТ «ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ »
КАФЕДРА «ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР»
Пән : «ПСИХОЛОГИЯ (бакалавр)»
Дәріс тақырыбы:Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
п.ғ.к, қауым проф.м.а. Исмайлова Р.Б
Жоспар:
1.Көшпелілер мәдениеті
2.Түркілердің мәдени мұрасы
Көшпелілер мәдениеті
Көшпелі қазақ халқының тарихының тамыры сонау кезеңдерде жатыр. Қазақ
елінің өмірінде аса маңызды рөл атқарған көшпелі мәдениет бірден
қалыптаспады. Оның астарында ұзақ уақытқа созылған революция мен даму бар.
Жылдар бойы қалыптасқан көшпелі өмір мен көшпелілердің табиғат аясымен
байланыса өрбіген өмірін ежелгі дәуірдің көптеген ойшылдары мен философтары
саралаған еді. Көшпелі қазақтың рухани мәдениетінің өзіндік даму жолдары
жетерлік. Ол көшпелілілердің тіршілік іс-әрекетінің, тұрмыс-жағдайының
ерекшеліктерінен туындаған. Көшпелі халық өз тұрмыс-әрекеті мен жағдайына
лайықты мәдениеттерді қалыптастырып отырды. Мәселен, материалдық мәдениет
олардың көшіп-қонып жүрулеріне ыңғайланып жасалынған. Көшпелі материалды
мәдениет үлгілеріне –жиналмалы, жығып-тігуі оңай әрі жеңіл күйіз үй, ер-тұрман,
ат әбзелдерін және теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да
өзге тұрмыстық заттарды жатқызамыз. Ал рухани мәдениеті тіптен бай. Ол
қазақтың айналысатын шаруасына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне негізделе
отырып, кең даладан алған тәжірибемен, өмір ағысымен құрылған мәдениет еді.
Әрі көшпелі халық отырықшы халыққа қарағанда табиғатқа тым жақын болды.
Олардың табиғатқа негізделген дүниетаным, ақындық, қиялшылдық, нақтылай
келгенде шығармашылық ойлау жүйесі керемет дамыған.Талай қилы замандарды
бастан өткеріп, от кешіп, мұз төсенген қазақ тәрізді ұлы халықтың өмір тіршілігінің
асылдары мен құндылықтары аз болмаған. Соның бірі-осы заманға дейін өмір
сүруін тоқтатпаған, бабаларымыздың тіршілікте ұстанған позициясы, көзқарасы
мен арман-аңсарын бүгінге күнге дейін жеткізген ырым-кәделері. Шоқан
Уәлихановтың айтуынша, ырым халықпен бірге көптеп жасап келе жатқан әдет-
ғұрып болып саналады.
Ырым адам баласы өмір есігін ашқан сәттен бастап, ғұмырының соңғы
жылдарына дейін тұрмыс-тіршілігінің айырылмас бөлшегіне айналады.
Ырымның көпшілігі баланы жастайынан отбасылық құндылық пен табиғатқа
деген сүйіспеншілікке, жануарларға деген қайырымдылыққа
баулиды.Қазақтың ырымдары сәбидің дүние есігін қағуынан-ақ басталады.
Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттардың бәрі алынып тасталады.
Сандықтардың ауызын ашып қояды. Осылай істелсе — толғақ жеңіл болады,
жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тілеп тұр деп ырымдалады. Жаңа туған
сәбидің кіндігін киелі әйелге немесе жасы үлкен парасатты кемпірлерге
кестіреді. Себебі, «Нәресте кіндік шешесіне тартады» деген сенім бар. Ауру-
сырқат немесе жарымжан әйелдер кіндік кессе, бала соған тартып кетеді деп
ырымдалады. Осы жерден қазақ жұртының тектілікке, парасаттылыққа
сәбилік кезеңнен бастап ерекше мән беретіні аңғарылады. Дүниеге
перзенттің келуі бір үйді ғана емес, бүкіл ауылды қуанышқа, шаттыққа
бөлейді. Алыс-жақын ағайындар келіп, құттықтап, бауы берік болсын айтып,
шашу шашады. Бұдан кейін шілдехана басталады. Ол үшін арнайы дайындық
жасалып, қонақтар күтіліп, тойға арналған мал сойылады. Бұл қазақ
жұртының ағайынның қуанышын әрқашан бөлісуге, жақсылыққа ортақтасуға
даяр екендігінің бір белгісі болатындығы даусыз. Келесі кезең- балаға ат қою
қазақта кілең тілекпен, үмітпен астасып жатады. Баласының аты мағыналы,
құлаққа жағымды болуына қатты мән беріледі. Қойылған есім баланың өмірі
мен тұлға болып қалыптасуына әсер етеді деген ырым да жоқ емес.
Кейіннен бала есейе келе, отбасы құндылығы, ағайын-туғанға құрмет, қайырымдылық
тәрізді әдет-ғұрыптың негіздеріне үйрене бастайды. Үлкен кісі тұрмақ, жас сәбилерге
де ілтипатпен қарауға, көңілін табуға дағдыланады. Мысалы, қыдырып келген жас
баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені сәбидің меселдесі қайтпасын, көңілі
қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті кайтпасын, үйде оттай ыстық
ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп, кейіген кейіппен шығып
кетсе, бұл шанырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады.
Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ
сары бас қой, аттан түйе, дөнен өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор
бақыт қонады» деп ырымдайды. Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ
шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ
кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» -деп
ырымдалады. Байқап отырсақ, халқымыз келген әрбір қонақты құт алып келуші, зор
бақытқа бөленудің себепшісі ретінде қабылдап, үлкен құрметпен күтіп алар болған,
бар жақсысын алдына тосып, көңілін табуға бар ынта-жігерін жұмсаған. Осындай
ырымдарды көріп өскен әрбір қазақ баласының бойында үлкенге құрмет, кішіге деген
ізет қалыптасады, әдептілік пен сыйластық санасында орнығады.Бірақ, “Заманыңа сай
бөркіңді ки” демекші, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамдағы сананың уақыт өте келе
өзгеруіне байланысты кейбір салт-дәстүрлер жаңғырып, жаңартылып отырады, ал
кейбіреулері мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Дәл сол тәрізді ырымдардың да арасында
заман талабына сай келмейтін, тек ескінің көзі ретінде қалғандары бар. Мысалға
алар болсақ, киіз үйдегі тұрмыс-тіршілік, көші-қон, гендерлік теңсіздік
тақырыбындағы ырымдар өздерінің актуалдылығын жоғалтып, халық арасындағы
қолданыстан барынша шығып қалған.
Алайда, табиғатты аяулауға, төрт түлікке қатысты ырымдар осы күнге дейін өзінің маңыздылығын
сақтап келді. Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты
сындырмайды. Өйткені, жас өндірдің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк
жұлсаң – көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады. Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың
қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ, сол бастау
деп біледі. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң – арың
кірленеді, абыройың төгіледі деп ырымдайды. Кептерге қарай тас лақтырмайды. Олай істесе —
тыныштық бүзылады, береке кетеді деп ырымдалады. Хайуандарды, аңды, малды адамдай көру
парыз саналады. Жүрегі кірді, қара ниеттер ғана бұлай істей алмайды. Бұл міндетті өтемегендерде
адамдық қасиет жойылады дей келе, экология мәселесімен қатар, адамның жүрегіндегі мейірді тек
адамға емес, жануарға қатысты да білдіруді ырым арқылы жеткізеді. Оның үстіне, дана халқымыз
жер бетіндегі тіршілік иелерін аялап қана қоймай, көшпелі өмірдің ауырлықтарын жеңілдету
мақсатында да дұрыс қолдана білген. Төрт түліктің, ис-құттың іс-қимылына сыни көзбен қарап, асқан
көрегенділікпен табиғат құбылыстарымен байланыстыра білген. Жұт болар жылы өрістен кайтқан
қойлар аузына бір-бір шөп тістеп қайтады деседі. Егер қыста түйе ернін жыбырлатса, жылкы
оқыранып жұтынар болса, онда кешікпей-ақ түйе мен жылқы қар суын ішеді. Яғни, көктем ерте
шығады деген сөз. Егер қой тұягымен төсін қасыса, қар калың түседі. Егер қой тісін қайраса,
кешікпей боран болады. Егер қой қорасына еркін кірсе, жыл жаксы болады деген болжамдарға
бағдарланып, қыс қамына кірісіп, я болмаса жақсылыққа жорып отырған деседі.Көшпелі өмірге тағы
қажет маңызды заттардың бірі- аспан денелері туралы білім еді. Қоршаған орта мен жер, ауа
жағдайын білумен шектелмей, аспан әлемін зерттеу де қажет болған. Аспандағы "Темір қазық", "Жеті
қарақшы", "Үркер", "Шолпан" жұлдыздарының орналасуы мен олардың қозғалыстарын білудің өзі көп
жеңілдіктер беретіні мәлім еді . Жолға "Шолпан" жұлдызы туа аттанған керуен, "Темірқазықты" аумас
бағыт етіп алған жолаушы адаспайтын болған. Қазақ халқы аспан әлемін білуге ерекше зер салған
және өз ұтымды қолдана білген. Аспан денелеріне қатысты ырым-тыйымдары мен наным-сенімдері
де жетерлік. Тіпті адам өмірін аспандағы жұлдыздармен байланыстырып, оларды әрбір адам
жанының бейнесі деп санады. Бір жұлдыз ағып түссе — бір жан үзілді деп нанды.
Қорыта келгенде, көшпелі қазақ
халқының рухани мәдениеті
ырымдарға өте бай. Қазақ
баласының өмірінде ырымдардың
алар орны да ерекше болып
келді. Сыйластық, адамгершілік,
мейірімділік сияқты асыл
қасиеттер бірінші ананың сүтімен
дарыса, екінші осындай тәлімі
мол халық даналығынан, салт-
дәстүрдің ықпалынан дарыған
болуы керек. Ғасырлар өтсе де,
бұл асыл мұра ұмытылмақ емес.
Салт-дәстүр- халықтың мықты
тірегі, өшпес ошағы.
Түркілердің мәдени мұрасы
Рашид әд-Диннің айтуынан түркілердің аңшылық өмірі адам төзгісіз ауыр болғанын аңшылардың алғашқы діни
көзқарастарынан аңғаруға болады. Ал түркі халықтарының дәстүрлері мен тәлім – тәрбиелік мұралары жазба
материалдарда толық ашылмаған, мәлімет өте аз.
Түркілердің тарихы бізге Х ғасырдың аяғында жазылған парсы географиялық шығармалары арқылы белгілі .
Оның ең бастысы – дәлірегі ХІ ғасырдағы Туманский деп аталған қлжазбасы. Бұдан басқа да ертеректе жазылған
түпнұсқаларда , ХІ ғасырдың басында Бағдатта Араб тілінде жазылған Махмуд Қашқари еңбегінде түркіт
халқының географиялық жағдайы , этнографиясы , мекендегени жағдайы, жерлері, туралы көптеген мәліметтер
келтірілген. Нақтылы қролда бар құжаттарға сүйенсек , қырғыздардың эпикалық поэзиясы – «Манас » жырының
ел арасына тарағанына 1995 жылы 1- мың жыл толды. Бұл дастан жеке қырғыздардаң ғана емес , бүкі түркі
халықтарының әдеби , рухани мұрасы. Түркі халықтарының ата тегінен қалған нақты рухани мұралар үлгісіне
Орхон – Енисей бойынан табылған тасқа ойылып жазылған ескеркіштер жатады. Ескеркіштер ежелгі заман
тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік жортуылдарын мәнерлі
тілмен өсиет үлгісінде баяндаған . Тәңірінің жарлығы мен ьолатын қаған бектері мен қара халықтың қағанға адал
берілгендігі , бектердің қара халықты билеп төстеуі , міне ,екі тастағы жазуға да негізгі желі осылар. Орхон –
Енисей ескерткіштері тектес таңба жазулы , тастар Әулиата түбінен Талдықорған өңірінен , Сарарқадан және
Алматы маңынан табылған. Сонымен , ежелгі түркі елі белгілі – бір аумақта өмір сүріп, , өзіне лайық жазуын ,
тілін, өзге мәдениетін дамытқан . Ежелгі түркі мәдениетьінің орталықтары Енесей, Отхон , Селенгі , талас
өзендерінің бойы , Миниоивск ойпаты , Алтай тауы қазіргі Тува , Краснояр , Жетісу аймақтары болды. Оған
шығысы Хангай, Сарөзеннен , Батысы Карпат, тауларына , оңтүстігі Қытайдың Аққорғанынан , Теріскейі Ленаға
дейінгі арлықтағы байтвқ аймақты мекендкеген тірік халықтарының жазу- сызу дәстүрлерінен қалған барлық
мұралар енеді. Ғылым әлемінде Түрік жұрттарның жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп
есе,птеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша , көне түрік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тері бетіне
310- беттей мәтін түсіпті. Маихей әріпімен 554 бетке жуық мұралар , ұйғыр әрпімен 100-ға тарта мәтіндер , 10-ға
жуық кітаптар жасалыпты. Арап әрпімен жасалған орта ғасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары
XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде Құруар мұралар қалдырған. (2)
Ежелгі түркілерлдің ауызекі поэтикалық дәстүрі бізгеVІІІ-ІХ ғасырдларда жасалған әнші әрі музыкант , талай-
талай тамаша әуендер шығарған Қорқыт атаның есімін сақтап жеткізді .
Қорқыт адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, жаниесі пендені ажал құрығынан құтқармақ
болады . Ағаш кесіп алып одан қобыз жасаған өзінің жанын жігедей жеген ой – сезімдерін – қазалы жанның
өлімнен қашып, құтылуының амалын азалы күйімен үндестіреді . Оның музыкалық туындылыры бізге көркемдігі
ғажап, эпос үлгісіндегі поэзия ретінде жетті .
Онда көшпелі халықтардың тұрмысы мен әдет ғұрпы , діни сенімдерін бейнелейтін мәліметтер аз емес. Бұл тәлім
– тәрдиелік мәнімен де аса қызықты құжат. Онда мынадай тұжырымдар кезеседі.: «Анадан өнеге көрмеген қыз
жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман; Мекнмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді., Ақылсыз балаға ата
дәулетінен қайран жоқ; Қонағы жоқ қарашва үйден төз артық, Өтірік сөз өрге баспайды» деген сияқты өсиеттер
қалдырған. Эпостық сарында исламғак дейінгі түркі халықтарының мәдени мұрасы «Оғызнама» , оның түп
нұсқасы шамамен алғанда Іх- Х ғасырларда жазылған болуы керек. Бірақ біздің уақытымызға дейін сақталмаған
болуы керек. «Оғызнаманың» кейінірек шығарылған екі түрлі нұсқасы болды. Бірі – ұйғыр , екіншісі араб
алфавитімен жазылған. Оғыз – түркі халықтарының аты аңызға айналып кеткен батыры , қолбасшысы . Бізге
мәлім материалдардың бәрінде де оғыздың өмірі мен әскери жорықтары , халық игілігі үшін сіңірген еңбектері
мен қоғам қайраткері ретіндегі істері әңгімеленеді.
Ұйғыр жазуымен берілген нұсқа 21- парақтан , 42 беттен тұрады. Әр бетте 9- жлдан жазу бар. Жазылған жері ж
дыбысымен сөйлейтін тайпалардың ортасы болу керек деген пікір бар. Араб алфавитімен жазылған
түпнұсқасының авторы Абулғазы бин Араб Мұхамед хан делініп, жүр. Ол тарихта Хиуаның ханы , атақты әскери
қолбасшы әрі үлкен тарихшы ретінде мәлім болған адам. Абулғазының екі еңбегі бар:
1. «Шежіре – ит- терекіме»;
2. «Шежіре – ит- Түркі».
Екеуінің де мазмұны оғыз хан жайында .
«Қорқыт ата», «Оғызнама »түркі халықтарының сан ғасырлар бойғы үлкен тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің
бай тәжірибесін жинап өзіндік салт- сана мен әдет – ғұрып, дәстүр , рәсімдерін тұрғызды. Бұлар халық
бұқарасының ой- өрісінің . тұрақтасқан жөн- жосақтардың әр адамның іс- әрекетінің қоғамдық ортада
қалыптасқан нормалары мен приняиптерінің көрінісі еді.
Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамны- әлеуметтік – экономикалық жағдайларына , мәдениетіне , тарихына
орайлас жас буынға тәлім тәрбие берудің айрықша талап тірекрерін дүниеге әкелді.
Қолданылған сайттар мен әдебиеттер
Ақпарат дереккөзі:https://massaget.kz/blogs/27936/
https://zharar.kz/id/2661
↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы:
“Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz