Өндірістік шу мен діріл: физикалық және гигиеналық сипаттамалары, шу спектрі және есту биофизикасы


Slide 1

Өндірістік шу мен діріл, олардың ағзаға әсері. Шудың физикалық және гигиеналық сипаттамасы

Орындағандар:

Жансая Жусупалиева Аушенова Аружан Күзембаева Мейіргүл Хаирова Мөлдір

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Униерситеті

Slide 2

Жоспары

Шудың кәсіптік қауіп ретінде маңызы. Шу көзі

Шудың түрлері

Өндірістік шудың физикалық және гигиеналық сипаттамасы

Шу спектрі туралы түсінік

Дыбыстық толқындардың үй-жайларда таралу заңдары

Есту қабылдаудың биофизикасы

Slide 3

Шудың кәсіптік қауіп ретінде маңызы. Шу көзі

Шу - ортаның механикалық тербелісі. Шу деп кез келген жағымсыз дыбысты немесе организме қолайсыз әсер көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын түрлі жиіліктегі және қарқындылығы түрлі болатын ретсіз құралатын дыбыстар жиынтығы.

Slide 4

Қалыпты еститін адам қабылдайтын 16 Гц - 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен - инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары - ультрадыбыс деп аталады. Шудың әсерінен кәсіптік кереңдік дамиды және организмнің басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері бар.

Slide 5

Өндірістегі шу көздері:

жұмыс машиналары мен механизмдері

электр құралдары

электр машиналары

компрессорлар престеу,

көтеру-тасымалдау,

қосалқы жабдықтар (желдеткіш қондырғылар, кондиционерлер) және т. б.

Slide 6

Шудың түрлері

Шудың түрлері

Өндірістік шу

Көлік шуы

Тұрғын үйлердегі шу

Slide 7

Өндірістік шудың физикалық және гигиеналық сипат т амасы-

Гигиеналық тұрғыдан алғанда шу дегеніміз - жағымсыз дыбыс немесе адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін, оның жұмысы мен демалысына кедергі келтіретін дыбыстар жиынтығы . Физикалық тұрғыдан қарағанда шу дегеніміз - тығыз орта ( газ, сұйық, қатты ) бөлшектерінің толқын тәрізді таралған механикалық тербеліс қозғалысы . Оның көзі болып сыртқы күштің тұрақты жағдайынан шыққан қандай да бір тербелісте болатын дене

Slide 8

Өндірістік шудың гигиеналық нормасы

Жұмыс істейтін орындарда берілетін шу деңгейі . Гигиеналық нормалау шудың қолайсыз әсерінің алдын алудың арнайы бір жолы . Гигиеналық нормалаудың мақсаты функционалды бұзылыстар мен аурулардың туындауын шеттету, өндірістік ортадағы қайталап және қысқаша уақыт әсер ететін қолайсыз факторлардан пайда болатын еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі мен шектен тыс қажуды болдырмау . Шу факторында қолданылатын гигиеналық нормалар талаптарды сақтау жұмыс істейтін орындарда оптимальды еңбек жағдайын жақсартады Қазіргі уақытта ҚР мынандай нормативті құжат бар : Санитарные нормы допустимых уровней шума на рабочих местах ”

Slide 9

Шу спектрі туралы түсінік

Шу деп адам ағзасына қолайсыз әсер ететін оның жұмысына және демалуына кедергі жасайтын кез-келген жағымсыз дыбысты немесе осындай дыбыстың жиынтығы.

Физикалық мәні бойынша шу толқын тәрізді таралатын серпімді ортаның (газ, сұйық және қатты), заңды түрде ретсіз кездейсоқ сипаттағы механикалық тербелістің қозғалысы. Оның көзі, уақытша күшпен тұрақты жағдайынан шығарылған, кез-келген тербелістегі дене. Дыбыс толқынын сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері тербеліс амплитудасы, таралу жылдамдығы және дыбыс жиілігі.

Тербеліс көзіне тікелей жанасып жатқан ауа арқылы берілуі кезінде ауа бөлшектері тербеліс үрдісіне қатысады да ауа қысымының ырғақты жоғарылауына және төмендеуіне әкеп соғады. Атмосфералық қысымға қосымша пайда болатын бұл қысым дыбыс қысымы деп аталады.

Slide 10

Дыбыстық толқындардың үй-жайларда таралу заңдары

Дыбыстың таралуының негізгі заңдылықтарына оның

әр түрлі ортаның шекарасында шағылу мен сыну заңдылықтары,

сондай -ақ дыбыстың дифракциясы мен

біртекті емес ортада және тасымалдаушылар арасындағы интерфейстерде шашырауы жатады.

Slide 11

Әр түрлі ортадағы дыбыс толқыны ұзындығы

Дыбыстың таралуы - дыбыс толқындары

Дыбыс көзі - тербелістегі денелер.

Дәл осы ортада дыбыс көзінен тербелістер - дыбыс толқындары таралады. Дыбыс барып жетуі үшін дыбыс таралатын материялық ортаның болуы міндет. Егер ауа насосымен қоңырау астындағы ауа сорылып алынса, онда біз сырттары электр қоқырауының шылдырын естімейміз.

Slide 12

Есту қабылдаудың биофизикасы

Адамның есту функциялары бұзылған кезде, естуді ынталандыру үшін көбірек энергия қажет, яғни оның табалдырықтары жоғары болады және сәйкесінше қалыпты қисықтан сәл жоғары болады. Бұл жағдайда децибелмен көрсетілген есту қабілетінің жоғалуы әр тонды қалыпты табалдырықпен салыстыру арқылы анықталады.

Есту қабілетінің табалдырықтары деп аталатын естілетін дыбыстардың ауданы екі қисықпен шектеледі: төменгі қисық есту шегін анықтайды, яғни әр түрлі жиіліктегі әрең естілетін дыбыстардың күші, жоғарғы, табалдырық ауырсыну, яғни есту мүшесінің ауыр тітіркенуі кезінде қалыпты есту сезімі өтетін дыбыс күші

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Өндірістік акустикалық және вибрациялық факторлар (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс): әсері, гигиеналық нормалау және алдын алу шаралары
Өндірістік шу, діріл және ультрадыбыс: түрлері, көздері және қорғаныс шаралары
Шу, діріл, ультрадыбыс және инфрадыбыстың еңбек гигиенасы: сипаттамасы, әсері және қорғану шаралары
Текстиль және жеңілөнеркәсіпте шу, діріл және шаңның адам денсаулығына әсері және қорғану шаралары
Жұмыс орындарындағы шу мен діріл көздерін төмендетудің жалпы және кәсіптік аурушаңдықтың алдын алудағы маңызы
Өндірістік шу мен дірілден қорғану: акустикалық сипаттамалар, зиянды әсерлері және өлшеу әдістері
Шу мен вибрация: акустикалық параметрлер, өлшеу әдістері және электрлік кернеуді реттеу негіздері
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: түрлері мен гигиеналық сипаттамасы
Шу мен дірілдің және ультрадыбыстың адам ағзасына әсері; статикалық электр мен электр тогынан техникалық қорғану шаралары
Шу (Чүй) өзені: географиясы, гидрологиясы және су ресурстарын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz