Генетикалық кодтың құрылымы және ақуыз синтезінің молекулалық механизмдері


Slide 1

Генетикалық код

Орындаған: Қайсарова. Ж. Т

Тексерген: Қуанбай.

Slide 2

Генетикалық код - тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) тізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл - барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық.

Генетикалық код туралы қазіргі қалыптасқан көзқарасқа 1960 жылы Америка ғалымдары М. Ниренберг, Г. Корана және П. Ледердің жүргізген зерттеулері көп әсерін тигізді. Генетикалық код бірлігі - ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы 3 нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон (аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбегі осы генді кодтайтын ақуыздағы амин қышқылдар тізбегін анықтайды.

Slide 3

Клеткадағы генетикалық код екі сатыда іске асады:

транскрипция сатысы ядрода жүреді және ДНҚ-ның сәйкес бөліктерінде ақпараттық (информациялық) рибонуклеин қышқылдарының молекулалары (аРНҚ) жасалады. Сонымен қатар, ДНҚ нуклеотидтер тізбегі аРНҚ нуклеотидтер тізбегі ретінде қайта жазылады;

трансляция сатысы цитоплазмада, ақуыз синтезделетін рибосомада жүреді. Сондай-ақ, аРНҚ нуклеотидтер тізбегі, полипептидтер құрайтын амин белгілі бір тізбегіне көшеді

Slide 4 Slide 5

Генетикалық кодтың бір ерекшелігі, әмбебап екендігі, яғни барлық организмдерде белгілі бір 3 нуклеотид (триплет) белгілі бір амин қышқылдарын “жазады” (кодтайды) . Бір амин қышқылы бірнеше триплетпен кодталуы мүмкін. Кодондар арасында “үтір” болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді. 64 кодонның 61-і ақуыз құрайтын 20 амин қышқылдарын кодтайды, ал қалған үш “нонсенс”(мағынасыз) кодондар (УАГ, УАА және УГА) полипептид синтезін аяқтайтын “нүкте” қызметін атқарады. Олар ақуыз биосинтезінінің аяқталғанын білдіреді.

Slide 6 Slide 7

Тұқымқуалау ақпаратын іске асыруда тек қана ДНҚ емес, сондай-ақ РНҚ да рөл атқаратыны естеріңде болар. ДНҚ-дан көшірмеленген тұқымқуалау ақпараты дел а-РНҚ түрінде цитоплазмада рибосомаларға өтеді, ал ДНҚ ядрода қалады. Шын мәнінде а-РНҚ синтезі репликацияға ұқсас, айырмашылығы: барлық хромосома көшірмеленбейді, тек оның үлескісі көшірмеленеді және еншілес ДНҚ-ның орнына а-РНҚ-ның синтезі жұреді. Егер ДНҚ-да ГГГ үшнуклеотидтен тұрса, онда а-РНҚ-да үш нуклеотид ЦЦЦ тұрады.

Slide 8

Кез келген РНҚ құрамында тимин жоқ екенін, оның орнында ура-цил болатынын ескеру қажет. Сондықтан, егер ДНҚ-да үшнуклеотид ААА болса, онда а-РНҚ-да бірін-бірі толықтыратын үшнуклеотид УУУ болады. ДНҚ-дағы үш нуклеотид триплет деп аталады; а-РНҚ-дағы солардың бірін-бірі толықтыратын үш нуклеотидті кодон дейді. Нәруыз синтезі кезінде аминқышқылдардың қажетті ретпен, тұқымқуалау ақпаратына сәйкес тұруының маңызы зор. Аминқышқылдарды нәруыз синтезінің орнына т-РНҚ молекулала-ры жеткізеді. Аминқышқылдарға қосылған т-РНҚ молекулалары а-РНҚ-сы нуклеотидтерімен сутектік байланыстар пайда болатындай ретпен жайғасады. а-РНҚ кодонын толықтыратын т-РНҚ-дағы үш нуклеотид антикодон деп аталады. Яғни а-РНҚ-дағы кодон УУУ болса, онда т-РНҚ-дағы антикодон ААА болады.

Slide 9 Slide 10

Қорытынды

Хромосомалар нуклеотидтерден тұратын ДНҚ болып саналады.

Генетикалыц код дегеніміз - бұл ДНҚ нуклеотидтерінің көме-гімен нәруыздар аминқышқылдарының ретін жазу. Нуклеотидтердің төрт типінің жәрдемімен аминқышқылдардың 20 типтерінің реті кодпен жазылған. Сондықтан 3 нуклеотид 1 аминқышқылды код-пен жазады.

Неруыздармен кодтап жазылған ДНҚ үлескілері кідіртпе-кодондармен бөлінеді.

Ген - бұл кідіртпе-кодондар аралығындағы бір үлескі. Гендердің әрқайсысында бір нәруыздың аминқышқылдар қатары жазылады.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер:

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Жоғарыға көтеріліңіз↑ Кодон AUG метиониналарды кодпен жазады, бiрақ старттық кодонмен бiр уақытта қызмет көрсетедi - бiрiншi AUG-лермен - әдеттегiдей аРНҚ кодоны хабар жүргiзудi бастайды.

нылған әдебиеттер:


Ұқсас жұмыстар
Фотосинтез үрдістері, нәруыз биосинтезі және генетикалық кодтың молекулалық механизмдері
Ақуыз құрылымы мен биосинтезінің молекулалық негіздері
Ақуыз синтезінің молекулалық механизмдері: эукариоттар мен прокариоттардағы транскрипция, трансляция, мРНҚ өңдеу және посттрансляциялық модификациялар
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Қартаюдың молекулалық және генетикалық механизмдері
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері мен физиологиялық өзгерістері
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері және геронтологияның негіздері
Теломералар мен теломеразалық белсенділік: қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Прокариоттар мен эукариоттардағы ген экспрессиясының молекулалық-генетикалық механизмдері
Молекулалық биология және медициналық генетика: ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымы, қызметі және ақуыз фолдингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz