Республикасының мұнай - газ кешенінің инновациялық дамуы
Презентация қосу
Қазақстан
Республикасының
мұнай-газ кешенінің
инновациялық дамуы
ДАЙЫНДАҒАН:ТУРАР АЛИХАН ,САТПЕКОВ ЕРАСЫЛ ,КАНИЕВА
МАЛИКА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2050 жылға дейінгі Қазақстан
Республикасының даму стратегиясында
үлкен орынды еліміздің мұнай - газ кешені
алады
Мұнай - газ саласы Қазақстан
Республикасының энергетикалық қуат
көзінің екінші орында. Республиканың
энергетикалық баланста мұнай - газ
саласының негізгі үлесі көмір салаласынан
кейін 18,6% және 14% құрайды
Суретте 1-газ- 14 % , 2- мұнай -
18,6% , 3- көмір 63,4 %, 4-
гидроэнергия – 4,1 %
Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына жағдай
жасайды. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасымалдау, машина
жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, авто жолдарын салу
және тағы басқа салалар жатады. Көмірсутектің өте үлкен қорына ие.
Қазақстанның дамуының жаңа сатысы негізінен осы мұнай-газ
комплексінің дамуымен байланысты.
Республиканың мұнай-газ саласы негізінен төрт салаға бөлінеді:
мұнай өндіру,
мұнай өңдеу,
газ өндіру,
газ өңдеу.
Бұл салалар өзара байланысты, өйткені өндіру және өңдеу процесстері
бірін-бірі толықтырады.
Статистикалық деректер
Барланған қордың көлемі бойынша, әлемде біздің ел мұнай бойынша 12-
орында, газ конденсаты бойынша 15-орында, ол өндіру деңгейі бойынша
23-орында тұр.
Қазақстанның үлесіне әлемдік мұнай қорының 1,5 % келеді, мұнайдың
алынатын қоры – 2,2 миллиард тонна, конденсат 690 млн. тонна және 2
трлн. м³ газ қоры бар.
Қазақстан Республикасында көмірсутек ресурстарының болжамдық көлемі
17 млрд. тонна мұнайды құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспиий теңізінің
қазақстандық секторына тиеді.
ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның
мұнай қоры бойынша алатын орны (2020 жылдың аяғы)
ТМД елдері Дәлелденген ТМД елдерінің Әлемдік масштаб
қорлар, масштабындағы бойынша
млрд.тонна дәлелденген дәлелденген қорлар
қорлар үлесі, % үлесі, %
1.Ресей 6.7 73.6 4.7
2.Қазақстан 1.1 12.1 0.8
3.Әзербайжан 1.0 11 0.7
4.Түрікменстан 0.1 1.1 0.1
5.Өзбекстан 0.1 1.1 0.1
6.ТМД-ның басқа елдері 0.1 1.1 0.1
7.ТМД елдері – барлығы 9.1 100 6.4
8.Қалған елдер 133.9 - 93.6
9.Әлемдік қорлар 143.0 - 100
Ескертпе-BP statistical review of world energy мәліметтері
Қазақстан Республикасы газ саласының ерекшеліктері– шикізат қорының
құрылымынан басталады.
Каспий маңы ойпатын қосқанда Қазақстан газының жорамал ресурстары 6-8 трлн м³
бағаланады.
Бекітілген және қабылданаған мемлекеттік баланс А+В+С1 категориялы газ қоры 3,011
трлн м³ болып табылады.
Каспий маңы ойпаты кен орындарының арасында бұл категорияға тек 227 млрд м³
бекітілген қоры бар Қашаған кен орны жатады.
Мемлекет территориясында және жер қойнауда газ қоры әркелкі таралған. Баланс
қорының 64% Қарашығанақ және Теңіз кен орындарға (300 млрд м³ –тан жоғары газ
қоры бар), ал 16% (100-300 млрд м³ газ қоры бар) Қашаған, Имаш және Жаңажол кен
орындарда барланған.
Бұл кен орындар және басқалары Каспий ойраты маңайында таралған. Республиканың
табиғи және ілеспе газдың дәлелденген қордың 90% Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан
және Маңғыстау облыстарының жерінде таралған. Қазақстан Республикасының табиғи
газдың қоры 1,84 млрд. тоннаны құрайды және сәйкесінше төртінші орында тұр, яғни
Ресей, Түрікменстан және Өзбекстаннан кейін:
ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның
табиғи газ қоры бойынша алатын орны (2020 жылдың аяғы)
ТМД елдері Дәлелденген ТМД елдерінің Әлемдік масштаб
қорлар, масштабындағы бойынша дәлелденген
млрд.тонна дәлелденген қорлар қорлар үлесі, %
үлесі, %
1 2 3 4
1.Ресей 47.57 84.7 30.7
2.Түрікменстан 2.86 5.1 1.8
3.Өзбекстан 1.87 3.3 1.2
4.Қазақстан 1.84 3.3 1.2
5.Украина 1.12 2.0 0.7
6.Әзербайжан 0.85 1.5 0.5
7.ТМД-ның басқа елдері 0.02 0.04 0.01
8.ТМД елдері – барлығы 56.14 100 36.2
9.Қалған елдер 98.94 - 63.8
10.Әлемдік қорлар 155.08 - 100
Ескертпе-BP statistical review of world energy мәліметтері
Отандық эксперттер елдің мұнай-газ кешенінің табиғи-
шикі әлуетіне жақсы баға берді.
ҚР Статистика Агенттігінің мәліметі бойынша, елдің
көмірсутек қорлары 169 көмірсутек кен орындарын құрайды,
соның ішінде 87 мұнай, 17 газ, 30 мұнай-газ, 25 мұнай және
газ конденсатын, 20 мұнай конденсатын құрайды.
Қазақстанда мұнай қорлары 2.8 млрд. тонна мұнай мен 1.8
трлн. куб метр газ, ал жорамал бойынша 12 млрд. тоннаға
жуық мұнай мен 3 трлн. куб метрге жуық газ бар.
Оның көп үлесі 12 өте үлкен кен орындарына келеді, сондай-ақ жартысы –
Теңіз, Королевское және Қарашығанақ базаларында құрылған біріккен
кәсіпорындарға тиесілі. Каспий теңізі шельфін және оның жағалауындағы
зонаның болжам бойынша, мұнай көлемін 12 млрд тоннаға жуық бағалайды.
Болашақта «Теңіз» және «Қарашығанақ» кен орындарынан жыл сайын 40 млн.
тонна мұнай мен 30 млрд. куб метр газ өндіріледі деп болжамдалады.
Тәуелсіз сарапшылардың бағасы
2025 жылға дейін әлемдік барланған мұнай қорының Қазақстанның үлесі 3,3
%- дан 5,5%- ға дейін жоғарлауы мүмкін.
Қазіргі кезде, Мемлекеттік Комиссияның бекітілген Каспий теңізінің
қазақстандық мұнайдың үлесінің қоры 4,8 млрд т немесе 35 млрд баррельді
құрайды.
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы 83,4 млн т мұнай,
67,4 млрд м³ газ өндіру көлемі жоспарланса, 2025 жылы 180 млн т мұнай, газ
өндіру көлемі 100,4 млрд м³ дейін, ал экспорт көлемі екі есеге өсуі
жоспарлануда:
Республикада мұнай және газды өндірудің көлемі
Мұнай және газды өндірудің жалпы көлемі,
Нақты Болжау
2009 2011 2015 жылы 2021 жылға дейін
жылы жылы
Мұнай, млн т 59,1 67,2 90,0 150,0
Газ, млрд. м³ 17,0 31,4 52,5 79,4 (40-45 – қайта айдау
көлемін есептемегенде)
Ескертпе- BP statistical review of world energy мәліметтері
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының мұнай – газ саласынан тәуелділігі Жалпы
Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) 27 % және жиынтық экспорт көлемде – 56% құрайды. Мұнай-газ
қызметінен салық төлемдері бюджетке төленетін төлемдердің 1/3 бөлігін құрайды.
Инвестициялар
Қазақстанның мұнай – газ саласына салынатын инвестициялар көлемі
жылдан жылға көбеюде. Мәселен, 2017 жылы салалық жобаларға $13
млрд инвестиция жұмсалған. Тәуелсіздіктен кейін, республиканың
экономикасына $70 млрд тікелей шетел инвестициялары тартылған, бұл
Орта Азияға салынған шетел инвестициялардың 80% құрайды:
Жоғарыдағы диаграмманы талдай отырып, келесі тұжырым жасауға
болады:
соңғы сегіз жылда мұнай – газ саласына салынған инвестициялардың
көлемі $58 млрд құрады.
Осыған сәйкес, 2015 жыл осы салаға $13,09 млрд, ал 2019 жылы $14,35
млрд салынған.
2019 жылғы шикізатты өндіру саласына салынған инвестициялар 2005
жылмен салыстырғанда 6,8 есеге өсті.
Соңғы 10 жылда табиғат байлықтарын өндіруге салынған
инвестициялардың 87% мұнай – газ саласына тиеді.
Қазақстан Республикасының мұнай
өнімдеріне ішкі қажеттіліктері мұнайды
өндіру көлемімен салыстырғанда өте аз
мөлшерде, сондықтан республиканың
мұнай – газ саласы көбінесе экспортқа
бағытталған: сыртқы нарыққа мұнай
көлемінің 90% бағытталады. 2020 жылы
Қазақстан экспортқа 60,8 млн тонна
мұнайды шығарған, бұл көрсеткіш 2012
жылмен салыстырғанда 6,5 есе көп.
Отандық мұнай – газ шикізаты бірнеше ерекшеліктерге ие:
мұнай - газ қорының игеріліп жатқан қорының 50% қиын әдіспен
өндіріледі. Оның басым бөлігінің өндірілу мөлшері кемуде;
мұнай - газ ресурсының негізгі көлемі алынуы қиын болған тұзды
қатармен байланысты болып келеді. Каспий маңы ойпатының күрделі
коллекторлық қасиеттерге ие болған кеніш орындарының құрамы
күкіртті сутегі мен көмірқышқыл газының көлемімен сипатталады;
көптеген газ кеніштері майда кеніш санатына жатады, олардың жалпы
қоры барлық қордың 1,5% аспайды
Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы мұнай мен газдың
барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі(перспктивалық) және
болжамдық ресурстарымен анықталады. Бұлардың алдыңғылары
бұрынырақ табылған, сөйтіп қазір игері- ліп немесе барланып жатқан,
әйтпесе уақытша сақталып қойылған кенорындармен байланысты. Келелі
және болжамдық ресурстар әзір табыла қоймаған, бірақ анықталған әр
түрлі типтегі жергілікті тұтқыштар тұрғысынан (келелі және
шоғырландырылған болжамдық ресурстар), немесе алаптың ірі-ірі
құрылымдық элементтері мен литологиялық-стратиграфиялық кешендері
тұрғысынан жеткілікті дәрежеде ғылыми тұрғыдан негізделген ресурстар
болып табылады.
Қазақстанда табылған кенорындардың қорларын бағалау жұмыстары, сол
сияқты келелі және болжамдық ресурстарды ке- шенді турде бағалау
шаралары түрақты түрде жүргізіліп тұрады, мұның өзі республиканың
мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы мен болашақ даму перспективаларын
саралауға жеткілікті дәрежедегі не- гіз болып табылады.
2005 жылдың 1-ші қаңтарына есептегенде, Қазақстанда мұнай мен газдың 230 кенорны
белгілі, олардың 131-і Каспий маңы ойысында, 18-і Солтүстік Үстірт-Бозащы алабында, 57-і
Оңтүстік Маңғыстауда, 15-i Оңтүстік Торғайда және 9-ы Шу-Сарысу шөгінді алабында. 210-ға
жуық кенорын мемлекеттік баланс тұрғысынан есепке алынған, қалғандары мұнай мен
газдың жекелеген ағымдарымен ғана сипатталатын барланып жатқан алаңшалар
дәрежесінде. Шу-Сарысу алабы ғана таза газды алап болып табылады, қалғандары негізінен
мұнайлы алаптар санаты- на жатады, алайда бұл алаптарда да газ және газ-конденсат
кенорындары мен жекелеген жатындары ұшырасады, және де олардағы мұнай мен дербес
газдың бір-біріне деген қатынасы әр түрлі болып келеді.
Мүнайдың дәлелденген қорларының мөлшері жағынан, яғни республикада қабылданған
қорлар жіктемесінің А+ В+С1 категориялары бойынша, Қазақстан дүние жүзіндегі мұнайдың
дәледенген қорларының 90 %-ын иелен- ген 16 елдің қатарына кіре отырып, осы тізбекте 14-
нші орынды иеленеді. Ал шындыққа сәйкесу деңгейі өте жоғары бағаланатын Қашаған және
Теңіз кенорындары бойынша есептеліп шығарылған шамамен бағаланған қорларды (С2
категориясы) есепке алар болсақ, Қазақстан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығына кіре
отырып, осы тізбектегі, Ресей Федарациясынан кейінгі, 8-нші орынды иеленеді. Сұйық
кемірсутектердің, яғни мұнай мен газды конденсаттың жиынтық мелшері тұрғысынан да
Қазақстан осы тізбектің 8-нші орнында. Сұйық кемірсутектердің дәлелденген және шамамен
бағаланған қорлары жағынан республиканың жиынтық потенциалы әлемдік дәлелденген
қорлардың 3,5 %-н қүрайды.
Отандық және шетелдік мамандардың болжамдық бағалау деректеріне сәйкес,
барланған қорлардың еселей артуы тек қана Каспий теңізі айдынының табанынан
ғаламат ірі кенорындардың ашылу мүмкіндігімен байланыстырылған бо- латын. Осы
болжам республика мұнайының қорын 35 %-ға есіруге мүмкіндік берген Қашаған
кенорнының ашылуымен расталып отыр. Мұндай ғаламат ірі кенорындардың
болашақта да табылу мүмкіндігі күмәнді, десек те біршама ірі ашы- мупар жоққа
шығарылмайды, олар бірінші кезекте Каспий теңізінің бозащылық белігіндегі
мезозойлық түзілімдермен, атап айтқанда Құрманғазы алаңшасымен, Каспий
айдынының солтүстігіндегі палеозойлық карбонатты массивтермен, сол сияқты
Оңтүстік Маңғыстау алабындағы Песчаномыс-Ракуш және Беке-Басқұдық беліктерімен
байланысты болуы тиіс. Шөгінді алаптардың құрлықтағы бөліктері ауқымынан ірі-ірі
кенорындар ашылу мүмкіндігі тамамдалғанға ұқсайды, сондықтан барланған
қорлардың бүгінгі қол жеткен деңгейі тұрақты деңгейге жақындап келеді. Бозащы
секторының мезозой түзілімдерінен және Каспийдің солтүстік бөлігіндегі тұзүсті
түзілімдерінен қоры жағынан ұсақ және орташа кенорындар санатына жататын,
негізінен мұнай кенорындарының ашылу мүмкіндіктері әлі де болса өте жоғары бола
тұрса да, бүл ашылулар қорлар балансын күрт жоғарлатып жібере алмайды, себебі,
біріншіден, бұл ашылулар ұзақ уақыттарға созылатын болады, екіншіден, жаңадан
анықталатын қорлар қазір игеріліп жатқан кенорындардан алына- тын сұйық
көмірсутектердің мөлшерін белгілі дәрежеде жауып отыруға ғана жететін болады.
Республиканың табиғи газға деген қазіргі таңдағы сүранысы жылына 7-
8 млрд. м3. Сонымен, Қазақстан өте ірі мүнай-газ потенциалына иелік
етеді, оның ішінде сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің барланған
қорының биік үлесімен сипатталады. Мұның өзі мұнай мен газды өндіру
деңгөйін арттырып қана қоймай, мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің шикізат
базасын жаңадан ашылған, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық
секторынан табылған жаңа кенорындар есебінен нығайта түсуге де
мүмкіндік береді.
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі революцияға дейінгі тарихы бар ежелгі
сала. 19-шы ғасырдың аяғында 20-шы ғасырдың бас шенінде
Қазақстанға келген орыс және шет ел монополияларының капиталы
мұнай өнеркәсібін де қамти бастады. Алайда патша үкіметі Қазақстанды
метраполийдің колониялық тіркемесі ретінде қалдыра отырып, оған
арзан шикізат көзі және өз рыноғын шығаратын қосалқы аймақ ретінде
ғана қарады. Кеңесөкіметі қүрылғаннан кейін, 20-шы жылдардың
басында Орал-Ембі ауданының мұнай кәсіпшіліктері мем- лекет
қарамағына өткізілді.
Викторина
Қазақстан Республикасы барланған мұнай қоры бойынша
нешінші орын алады ?
Республиканың мұнай-газ саласы неше салаға бөлінеді?
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасына қанша млрд
шетел инвестициясы тартылды ?
Қазақстан Республикасы 2025 жылға дейін мұнай өндіруді
неше млн тоннаға арттыруды көздеп отыр ?
2019 жылғы шикізатты өндіру саласына салынған
инвестициялар 2005 жылмен салыстырғанда неше есеге өсті
?
Жауаптары
1. 12 орын
2. 4
3. 70 млрд
4. 180 млн
5. 6,8 есе
Ңазарларыңызға
рахмет !!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz