Христиандық антропология



Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас)

Христиандық
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') - Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін.
Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2. 2. млрд басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.
Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.

Сенімдері
Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары - католицизм, православтық және
протестантизм.

Католицизм
Православие
Протенстатинзм

Католицизм
Католицизм (көне грекше: καθολικός - жалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, католиктер - христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі. Католиктердің діни сенімі православиелік діни сеніммен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.

Православие
Православ шіркеуі - христиан дінінің негізгі тармағының бірі. 395 ж. Римнің батыс және шығыс империясына бөлінуіне байланысты туындады. Православ шіркеуінің теологиялық негізі Византияда 9 - 11 ғ-ларда қалыптасты. Өз алдына шіркеу ретіндегі бағыты 1054 ж. христиан шіркеуінің католиктік және православтық болып бөлінуіне байланысты айқындалды. Бөлінудің басты себептерінің бірі Рим папасын бүкіл христиандардың бірінші басшысы деп тануы және батыс шіркеуінің киелі рух, әке және бала “құдайлар” жайлы ұғымдарының қайшылығынан туындады.

Протестантизм
Протестантизм (лат. protestatio, onis f [protestor] - қарсылық, келіспеушілік) - Рим Католик шіркеуі және Православ шіркеуімен бірге христиан әлемінің басты бөлімшелерінің бірі болып табылады. Протестанттық Реформация (Еуропадағы XVI ғасырдағы Рим-католик шіркеуінің қарсы қозғалысы) кезінде пайда болған христиан сенімі мен практикасының нысаны болып табылады. Протестантизмнің басы - өткен христиандық дәстүрді мойындамау, мирасқорлық және католиктік шіркеудің теріс сипаты, сонымен қатар барлық шіркеулік өсиеттен, үздіксіз шіркеулік тарихи болмыстан бас тарту.

Христиандық антропология. Теологияның негізгі қағидалары
Христиандық антропология адамды Жаратушының өзіне тектес тудырған Құдайдың жаратқан санаға ие туындысы деп анықтайды. Православиелік антропология апологетика мен патристика, исихазм мен неополамизм сияқты діни ілімдерде көрініс табады. Нақ осында ХІХ-ХХ ғасырлардағы орыстың діни философиясының антропологиялық тұжырымдары қарастырылады, олар: соборшылдық философиясы, софиология, персонализм, гегельшілдік, рухани-академиялық философия.

Христиандық антропология. Теологияның негізгі қағидалары
Теологияның негізгі қағидалары: 1) Әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді.

Әулие Августин
Августин Аврелий - 354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь) . Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат - болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол - Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе - космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз - өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз - Құдайды еске алу, біздің танымымыз - Құдайдың ақыл-ойы, парасаты.

Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі - заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі - сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары: «Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді». «…философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді». «…Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет».

Августиннің Құдай болмысына келтірген үш дәлелі
Құдай болмысының
үш дәлелі
Гректердің өзі дүниені
жаратушының бар екені
туралы идеяны айт-қан.
Дүниенің сантүрлілігі мен
өзгермелілігі, оның
объектілерінің әдемілігі
оны ұлы да әсем, көзге
көрінбейтін және
білінбейтін Құдай
жаратқанын дәлелдейді.
Екінші дәлел -адамзаттың
ауызбіршілігі. Табиғаты
түгелімен бұзылған
адамдардан басқа
адамзат ұрпағы Құдай дүниені Жаратушы деп
мойындайды.
Ең жоғарғы бақыт бұл
өмірде емес, о дүниеде.
Оған Құдайды сүйе алған
адам ғана жетеді. Құдай
Дүниені Жаратушы. Неден
жаратты? «Ештеңеден»,
онымен бірге Құдай уақытты
да жаратты. Адамды Құдай
сезімдік дүниенің соңғы
«рациональді жануары»
ретінде жаратқан, оның
жаны өлмейді, мәңгілік, ол
өлетін болса, Ақиқат та еледі.

Акуинолық Томас
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) - Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары: 1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты - Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі; 2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі - осы тұжырымда. 3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар: 1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды. 2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді. Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл - адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл «діннің қызметшісі» болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның’ арасындағы компромисс идеясын негіздеді.

Аквинаттың Құдайдың бар екендігіне бес дәлелі
Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл
қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш
беретін - Құдай.
Екінші дәлел «туындатушы себеп» ұғымынан шығады. Дүние себеп пен
салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп - Құдай.
Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген.
Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz