Бастауыш сынып математикасында шама ұғымын оқыту әдістемесі


Slide 1

Бастауыш сынып математикасында шама ұғымын оқыту әдістемесі

Орындаған: Әбіләкім Зерде

Жетекшісі: Сагимбекова О. К.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ

«Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК

Есік, 2021 жыл

Slide 2

Мазмұны

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кесіндінің ұзындығы

1. 2 Геометриялық фигураның ауданы

1. 3 Масса

2. ШАМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АЙҚЫНДАЙТЫН ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Пропорционал шамаға берілген есеппен жұмыс

2. 2 Қозғалысқа берілген есептердің түрлері және шешу тәсілдері

2. 3 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар(үлгі ретінде)

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Кіріспе

Бастауыш сыныпта мынадай шамалар қарастырылады: ұзындық, аудан, масса, сыйымдылық, уақыт, т. б. оқушылар бұл шамалар жөнінде нақты түсінік алуы тиіс, олардың өлшеу бірліктерімен танысуы, шамаларды өлшей білу шеберлігін меңгеруі, өлшеу нәтижелерін түрліше бірліктермен өрнектей білуге үйренуі, атаулы сандарға арифметикалық амалдар қолдана білуі тиіс.

Шамаларды оқып үйренудің маңызы зор. Өйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы болып табылады. Әрбір оқып үйренетін шама - бұл бізді қоршаған дүниедегі реал объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті. Өлшеулерге берілген жаттығулар кеңістік туралы түсініктерді дамытады, оқушыларды өмірде кең түрде қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады.

Slide 4

Зерттеу мақсаты: оқытуда шамаларды үйрену және оларды өлшеу арқылы тиянақты білім беру, олардың ынта - жігерін, ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру; оқушыларды өмірде кең түрде қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландыру жолдарын айқындау;

Зерттеу нысаны: математика сабағында шамаларды үйрену және оларды өлшеу үрдісі.

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныпта оқушыларға шамалардың, сандардың қатынасын жетік меңгерте алсақ, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды және т. б пәндерді оқушылардың жетелей түсінуіне, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасайды.

Slide 5

Шамаларға кіретін тақырыптар

Кесіндінің ұзындығы туралы нақтылы білім қалыптастыру;

Ұзындық бірлігімен, олардың арасындағы қатынаспен таныстыру;

Өлшеу дағдыларын қалыптастыру;

Ұзындықты қосу және азайту;

Дененің массасы және ыдыстың сыйымдылығы туралы нақты түсінік қалыптастыру;

Оқушылардың масса бірліктері және олардың арасындағы қатынаспен, сыйымдылық бірлігі литрмен таныстыру;

Өлшем бірліктерін өрнектей білуге үйрету;

Масса бірліктерін қосу және азайту;

Көлем. Текшенің көлемін таба білуге үйрету;

Уақыттың өлшем бірлігімен және олардың арасындағы қатынасмен таныстыру;

Сағат арқылы уақытты анықтай білуге үйрету;

Уақыт бірліктерін қосу және азайту;

Аудан ұғымымен және шаршы сантиметр ұғымымен таныстыру;

Палетка арқылы фигураның ауданын табуға үйрету;

Тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табуға үйрету, іс жүзінде біліктілігін қалыптастыру;

Шаршы дециметрмен, шаршы метрмен, ар, гектар, шаршы миллиметр бірліктерімен және арасындағы қатынаспен таныстыру.

Slide 6

Негізі бөлім

Сандар мен шамалар бастауыш мектептегі математика курсының негізгі, яғни фундаменталды анықталмайтын ұғымдарына жатады. Шама бізді қоршаған дүниенің (заттар, құбылысытар, т. б. ) жалпыланған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Шамаларды оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты.

Slide 7

Шамаларды оқыту әдістемесі

Шаманың өзіндік ерекшелігін ескеріп және пркатикалық іс-әрекеттерге сүйене отырып, шама жайында түсінік беру мына ретпен жүзеге асады:

Нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады және сәйкес ұғым мен термин енгізіледі;

Біртекті шамалар салыстырылады;

Шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдап алынады да, онымен таныстырылады, өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі;

Негізгі өлшеу бірлігінің көмегімен шаманы өлшеу процессі көрсетіледі;

Өлшеудің бір атау бірлікпен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіен көшуге жаттықтырылады;

Бірдей немесе әр түрлі атау бірліктерімен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу қарастырылады.

Slide 8 Slide 9

КЕСІНДІНІҢ ҰЗЫНДЫҒЫ

Кесіндінің ұзындығы деп әрбір кесінді үшін төмендегіше анықталатындай оң шаманы айтады.

1) Тең кесінділердің ұзындықтары тең болады;

2) Егер кесінді саны шектеулі кесінділерден құралса, онда оның ұзындығы осы кесінділердің ұзындықтарының қосындысына тең болады.

Ұзындықтың басқа да стандарт бірліктеріне мм, см, дм, км жатады. Ұэындықтың бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады;

1см = 10 мм

1 дм = 10 см = 100 мм

1 м = 10 дм = 100 см = 1000 мм

1 км = 1000м = 1 дм = 1 см = 1 мм

Slide 10

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАНЫҢ АУДАНЫ

Фигураның ауданы деп әрбір фигура үшін төмендегіше анықталатын теріс емес шаманы айтады:

Тең фигуралардың аудандары тең болады;

Егер фигура саны шектеулі фигуралардан құралатын болса, онда оның ауданы олардың аудандарының қосындысына тең болады.

Ауданның тұрмыста жиі қолданылып жүрген стандарт бірліктері:мм2, см2, дм2, м2, км2 сондай-ақ а(ар), га(гектар) .

Аудан бірліктері арасындағы қатынас мына кестемен сипатталады:

1см2=100 мм2;

1дм2= 100 см2 = 1 мм2;

1м2 = 100 дм2 = 1 см2 = 1 мм2;

1 км2 = 1 м2 = 108 дм2 = 1010 см2 = 1012 мм2;

1а = 100 м2;

1 га = 1 м2;

Slide 11

Масса

Slide 12

ШАМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АЙҚЫНДАЙТЫН ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС ӘДІСТЕМЕСІ

Бастауыш сыныптарда пропорционал шамамен байланысты есептерді шығару қарастырылады: төртінші пропорционал шаманы табуға (қарапайым үштік ереже) берілген, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер арнайы қарастырылады.

Жылдамдық - уақыт - қашықтық шамалары арасындағы байланыстарды анықтау басқа пропорционал шамалар арасындағы байланыстарды анықтау әдісімен жүргізіледі. Егер қашықтық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты бөлу амалы бойынша табуға болады; егер жылдамдық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда қашықтықты көбейту амалымен табуға болады; егер қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, онда жүрілген уақытты бөлу амалымен табуға болады

Slide 13

ШАМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АЙҚЫНДАЙТЫН ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС ӘДІСТЕМЕСІ

Сонымен қатар, IV сыныпта кездесу қозғалысына және қарама - қарсы бағытта қозғалысқа арналған есептер енгізіледі. Осы есептердің әрқайсысының берілген мәліметтер мен ізделінді шамаларға байланысты үш түрі болады:

I түрі - денелердің әрқайсысының жылдамдығы мен қозғалыс уақыты берілген, ізделінді шама - қашықтық;

II түрі - денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қашықтығы берілген, ізделінді шама - қозғалыс уақыты;

III түрі - қашықтық, қозғалыс уақыты және денелердің біреуінің жылдамдығы берілген, ізделінді шама - екіншісінің жылдамдығы;

Slide 14

Практикалық бөлім

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп математикасында алгебралық ұғымдардың оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Әдістеменің атауы Әдістеменің мақсаты
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы
Оқыту әдістемесі
Жаңашыл педагог идеялары. Шалва Александрович Амонашвили
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы
Дүниетану теориясы мен әдістемесі
Бастауыш мектептегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz