Қазақ АКСР - інің одақтас республика болып құрылуы


Slide 1

Орындаған:Тиышбаева Перизат Тексерген: Актамбердиева Зауре

Топ: КД-21-13

Тақырыбы: Ұлттық автономиядан таптық автономияға Қырғыз(Қазақ) АКСР-ның құрылуы.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе:

1. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы

Негізгі бөлім:

1. Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.

2. Қазақ КСР-інің саяси негіз.

3. Қазақ АКСР құрамына кірген облыстар.

Қорытынды.

1. 20-30 жылдарды қорытындылау.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы- Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді.

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы.

Slide 4

Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді

Slide 5

Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VІІІ съезінде Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңы-КСРО Конституциясы қабылданды. Осы заң бойынша бұған дейін кейбір автономиялы рсепублика болып келгендер одақтас республикаларға айналды, солардың бірі-Қазақстан еді. Енді ол Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып, он бір одақтас республикадан тұратын КСРО-ның құрамына кірді.

Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы

Slide 6 Slide 7

1937 жылдың наурыз айында Қазақстан кеңестерінің төтенше Х съезі Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясын қабылдады. Онда бүкіл елдегі сияқты, республикада да социализм негіздері құрылғаны, өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік және шаруашылыққа жоспарлы басшылық нығайғаны, адамды адамның қанауы жойылып, тең құқықты қатынастардың қалыптасқаны, халықтар ынтымақтастығының жолға қойылып, экономика мен мәдениет өрлеуінің жүзеге асырылғаны, дамығаны атап көрсетілді.

Slide 8

Қазақ КСР-інің саяси негізі.

құқықтарға ие болады деп көрсетілді. 1937 жылдың желтоқсанында КСРО ел еңбекшілері КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауын өткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесіне республикадан 44 депутат сайланды, олардың ішінде шахтер Т. Күзембаев, мұнайшы С. Зұрбаев, комбайншы И. Логвиненко, сауыншы С. Оңғарбаева, флотатор Ә. Әлімжанов және басқалар болды.

Slide 9

Қазақ АКСР құрамына кірген облыстар. .

Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924) болып белгіленді. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-нің ОАК сайланып, ХКК құрылды.

Slide 10

1921 жылы соғыс коммунизм саясатының орнына жаңа экономикалық саясат енгізілді. 1921-1922 жылдары жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың гектардан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 жылы 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларының ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды.

Slide 11

Патша әкімшілігі кіргізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.

Slide 12

Қорытынды.

20-30 жылдар кезеңін қорытындылай келе, Кеңес елін мекендеген басқа халықтар сияқты қазақ халқы да қайшылықтар мен қиындықтарға толы қаһармандық жолдан өтті деуге болады. Біріншіден, қазақ халқының саяси теңдікпен, аумақтық автономия болу құқығына қолы жетті. Мәдениет пен білім беру саласында да табысқа ие болды. Осының бәріне ұлт-азаттық күресінің тынысы, халықтың әділеттікке, иманды қоғамға сенімі әсер етті. Екінші жағынан, экономика мен мәдениет салаларындағы қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер.

Назарларыңызға рахмет!

Қазақстан тарихы 11 сынып, қоғамдық-гуманитарлық бағыт, Алматы «Мектеп» 2007 жҚазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» баспасы, 1994 ж.

Интернет желісінен, сондай ақ түрлі ақпарат құралдарынан алынған.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ЛАТВИЯ МЕМЛЕКЕТІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Қазақ автономиясының кұрылуы
Қазақстанның тұңғыш кәсіби
Қазақ автономиясы
Екі партия
1921 жылы маусымда Орал губерниялық партия комитеті
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz