Хирургтың қолын өңдеу техникасы


Slide 1

Тақырыбы: Хирургтың қолын өңдеу техникасы

Орындаған: Сламбек Елдар

Тобы: 304А Стоматология

Қазақстан - Ресей медициналық

университеті

1992 жылы қаланған

Slide 2

Қолды өңдеу - бұл қарапайым, бірақ өте маңызды шара болып табылады. Қолды уақтылы және дұрыс өңдеу бұл - медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігіне кепіл болады.

Қазақстан Республикасында қол жуу жайлы 111 бұйрық бар.

Қол өңдеудiң үш денгейi бар:

социальдi (күнделікті қарапайым)

гигиеналық (қол бастарының дезинфекциясы)

хирургиялық (қол бастарының стерильдi белгiлi уақытқа дейiн жеткiзiледi)

Slide 3

Қолды өңдеместен бұрын мына шарттар орындалу керек:

1. Сақиналарды, браслет, сағаттарды алып тастау қажет.

2. Тырнақтарды қысқарту керек, лак жалуға жол берілмейді.

3. Халаттың ұзын жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне ораналсу керек.

Slide 4

Халықаралық стандарт бойынша EN-1500

Slide 5

Қолды хирургиялық деңгейде өңдеу

Хлоргексидин биглюконатының 0, 5%-ттi спирт ерiтiндiсiмен қолды өңдеу әдiсi.

Мақсаты: Дәрігер қолының стерильдiгiне жету.

Көрсеткiштер:

стерильдi столды дайындау қажеттiлiгi;

операцияға, пункцияға қатысу;

босандыруға қатысу

Қарсы көрсеткiштер:

қолда және денеде iрiңшелердiң болуы.

терiнiң жарылуы және жарақаттардың болуы.

терi аурулары

Slide 6

Жабдықтану:

бiр ретке қолданатын кiр сабын.

1 минут, 3 минуттық құм-сағат.

20-30мл хлоргексин биглюканатының 0, 5%-ттi спирттi ертiндiсi;

корнцанг бар стерильдi лоток;

стерильдi столды жабуға арналған төсеніші бар стерильдi бикс.

Қажеттi шарт: жұмыс қатаң және ерекше стерильдi аймақтарда жүзеге асырылады. Процедура бикстегi стерильдi жабдықтарды берiп тұратын көмекшi көмегiмен іске асырылады. Асептика ережелерi сақталу қажет.

Slide 7

Кезеңдер

Қолды қарапайым әдiспен жуу

Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету

2. Таза киiмi бар стерильдi бикстi қою, оны орнату, түрiне қарап маркировін және стерильдiгiн тексеру

Инфекционды бақылауды қамтамасыз ету

3. Басқыш немесе көмекшi көмегiмен бикстi ашу

Инфекционды қауіпсіздiгiн сақтау.

4. Стерильдiлiк индикаторларын шығару, олардың жағдайын бағалау

стерилизация сапалығын бақылау.

5. Корнцанг көмегiмен бикстен реттiлiкпен бас орамалын, масканы шығару, оларды кию.

стерильдiктi сақтау

6. Корнцангты лотокқа салу

Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету

Slide 8

1 минут iшiнде фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерді сабындау

құм-сағатқа қарап отыру.

2. сабынды кетiру үшiн тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды ағынды сумен шаю

3. стерильдi орамалмен қолды кептiру.

4. хлоргексидиннiң 0, 5%-ттi спирттi ертiндiсiне матырылған стерильдi салфеткамен тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн әрбiр қолды өңдеу.

қолды өңдеудiң хирургиялық деңгейi жүзеге асырылады. Сағатқа қарап отыру.

Шараның аяқталуы

1. стерильдi киiмдi, перчатканы кию.

Асептиканы сақтау

Шараны орындау

Шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды сабынмен жуу

Қол өңдеудiң гигиеналық деңгейi жүзеге асырылады.

Slide 9

Стерильдi перчатканы кию ережелерi:

1. Стерильдi перчаткасы бар пакеттi алу, оны ашу.

2. Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей етіп, оң қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.

3. Оң қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.

4. Оң қолдың саусақтарын жазбай перчатканы кию.

5. Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей оң қолдың екiншi, үшiншi, төртiншi саусақтарымен сол қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.

6. Сол қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.

7. Одан кейiн оң перчатканың аударылған шетiн халат жеңiне тартып кигізу.

Slide 10

Стерильдi перчатканы кию ережесi:

Slide 11

Стерильдi перчатка шешудiң ережелерi:

1. Перчаткадағы оң қолдың саусақтарымен сол жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тарту.

2. Перчаткадағы сол қолдың саусақтарымен оң жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тартып аудару.

3. Сол жақ қолдың перчаткасын терiс аударып шешу және оны шетiне оң қолмен ұстау.

4. Сол қолмен оң қол перчаткасының iшкi бетiнiң шетiнен алу, сол қол перчаткасын терiс аударып шешу (сол перчатка оң перчатканың iшiнде қалады)

5. Екi перчатканы дезертiндiсi бар сауытқа салу.

Ескерту: Бiр рет қолданатын перчаткалар дезинфекциядан кейiн жойылуы қажет, ал көп рет қолданылатын перчаткалар медициналық бұйымдар сияқты өңделедi.


Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық аурулар кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Тері ойық жарасында
Антисептика. Жараға түскен инфекцияға қарсы бағытталған шаралар кешені
Антисептика
Микробқа қарсы дәрі дәрмектер. Антисептиктер мен дезинфекция
Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау
Спирттер және фенолдар
Косметикалық операция жасайтын орын (операция бөлмесі) және оны дайындау
Волейбoл ойыны
Операциялық блок
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz