Педагогика ғылымның әдіснамасы
Презентация қосу
1-ТАҚЫРЫП: Кіріспе.
Жоғары мектеп педагогикасы –
педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде. ЖМ-
педагогикасының пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары.
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ
ДҮЙСЕНБАЕВ АБАЙ ҚАБАҚБАЙҰЛЫ
Дәріс жоспары
Жоспары:
1. Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасу тарихы.
2. Жоғары мектеп педагогикасының пәні.
3. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары.
4. Жоғары мектеп педагогикасының пәні, нысаны және міндеттері
5. Педагогика ғылымның әдіснамасы.
Негізгі ұғымдар: жоғары мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасының пәні, жоғары мектеп
педагогикасының негізгі категориялары, тәрбие, білім бер, оқыту, кәсіптік білім беру.
Басқа пәндермен байланысы: философия, психология, педагогика, физиология, этнопедагогика.
Негізгі әдебиеттер:
1. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика. – Астана: «Фолиант», 2009. – 336 б.
2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов /Под ред. А.П.Тряпицыной. – СПб:
«Питер», 2014. – 304 с.
Қосымша әдебиеттер:
3. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық. – Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 228 б.
4. Байжанова З.Т. Жалпы педагогика. Оқу құралы. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 168 б.
5. Сейталиев Қ.Б. Педагогиканың жалпы негіздері. – Атырау: «Атырау университетінің баспасы», 2004.
– 271 б.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Грециямен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізген.
Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттерден құралған. Олардың ішіндегі
ілгерілері Аттика (орталығы – Афина) және Лаконея (орталығы – Спарта) т.б. ертедегі грек
ғалымдары мен философтары өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды
пікірлер айтып, өсиет қалдырған. Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымдарының
дамуына себеп болды. Атап айтқанда: Демокрит, Платон, Аристотель, Квинтиллин және
т.б. Олардың педагогикалық көзқарастары:
1.Тәрбиенің мақсаты – белгіленген әлеуметтік функцияларды орындауға даярлау.
2.Жеке адам болып қалыптасу. Табиғат пен тәрбиеге байланысты.
3.Талап: бала тәрбиесіне ерте кезеңнен қарау керек.
4.Қоғамдық тәрбие идеясын бекіту.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі – Ежелгі Греция философия өкілі- Демокрит (460-
370) өзінің атомдық теориясына негізделген жеке адам дамуының матералистік көзқарасын
ұсынды. Демокрит – балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол
уақыттың өзінде ол: «табиғат және тәрбие негізі. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта
жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзетеді. Жақсы адам болу табиғат
ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал еткен ежелгі грек ойшылдары
Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон, Аристотель, (160-222 ж ж.б.э.д.) еңбектерінде
жарияланған. Олардың идеяларында адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы
тұжырымдалды.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ ПӘНІ
Педагогика пәні – адамтану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде өте ертеден
қалыптасқан ғылымдардың бірі. Сондықтан педагогика ілімінің адам баласының саналы өмірімен
ұштасып, оның көне заманнан бастап орын алып келе жатқанын түсінуге болады. Қазіргі кезде тәрбиенің
қоғам өміріне ықпал ету факторлары кеңейе түсуде. Олай болса педагогика тек балалар тәрбиесі туралы
ғылым ғана емес, қоғамның дамуымен қатар білім беру, өркениетті мәдениет, тұлғаның кәсіби дамуы
мәселелерін зерттейтін кешенді ғылым. Педагогика (грек. «paіda» - бала, «gogos» - жетектеуші) – 1)
жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру
туралы ғылым; 2) тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық
ғылымдардың жиынтығы. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын
оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін
қамтиды. Ежелгі Грекияда еңбекке, қолөнерге және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философияда, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда,
әдебиетте дамыды, кейін XII ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның,
Я.Коменскийдің еңбектерінде педагогиканың дербес ғылым ретінде маңызы арта түсті. Олардың ізінше
Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистервег еңбектері жарық көрді.
Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт
жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың
бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен
өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың
өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді. Педагогика пәні қоғамның
талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен
ерекшеліктерін зерттейді. Сонымен қатар, педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін
анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән заңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке тұлғаның мүддесіне сай
болуы туралы жан-жақты зерттеулер жүргізеді.
ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯСЫ
Жоғары мектеп педагогикасының пәні: Студенттерді оқыту мен тәрбиелеу
үдерісі; Болашақ мамандарды даярлау заңдылықтары; Жоғары оқу орнындағы
оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтары, жоғары білім алудағы арнайы
проблемалар.
Тәрбие – жалпы тарихи категория ретінде оқыту мен білім беруді де қоса
қарастырады. Қазіргі заман ғылымында (тәрбиені) тарихи және мәдени
тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа берудегі қоғамдық құбылыс. Екінші категория
оқыту – бұл оқушы мен оқытушының өзара әрекеттестігі нәтижесінде
оқушының дамуы қамтамасыз етілетін үдеріс. ЖМП-ның үшінші категориясы –
білім беру. Яғни, 1. дамушы адамның және қоғамның құндылығы; 2. адамды
тәрбиелеу және оқыту үдерісі; 3. оқыту мен тәрбие үдерісінің нәтижесі; 4. білім
беру жүйесі (мемлекет, аймақ, қала, ауыл және т.б шеңберіндегі) мағынасында
түсініледі.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ПӘНІ, НЫСАНЫ ЖӘНЕ
МІНДЕТТЕРІ
Жоғары мектеп педагогика курсы мазмұны өзінің қарастыратын мәселелерінің
жиынтығына байланысты іргелі түпкілікті сипат алады. Бұл курста жоғары мектеп
педагогикасының әдіснамалық және теориялық негіздері, жоғары оқу орындағы оқу-
тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның мазмұнын айқындайтын концептуалды
мәселелер қарастырылады.
Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында,
педагогиканың бір саласы ретінде қалыптасты. Жоғары мектеп педагогикасы қоғамдағы
өзгерістер әсерімен теорияға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу
туралы ғылымға айналды. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары:
тәрбие, оқыту, білім беру, жоғары мектептің педагогикалық процесі, әлеуметтену, іс-әрекет
табыстылығы.
Курс мазмұны жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесін жаңартудың қазіргі
тенденциялары, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары, гуманизациялау және
демократизациялау мәселелеріне және студенттердің іс-әрекетіне бағдарлауды көздейді.
Курстың мақсаты – магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негізін
қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін игеруге және оларды
кәсіби міндеттерін шешуге байланысты шығармашылық дайындығын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- Магистранттарды педагогика ғылымының өзекті мәселелерімен таныстыру.
- Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық іс-әрекетінің мәнімен таныстыру,
педагогикалық мәдениетін қалыптастыру.
- Жоғары мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың түрлері мен әдістерімен,
технологияларымен таныстыру.
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Ең алдымен
«теория» педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып
табылады және ол әдістеменің көмегімен табылған деректердің арқасында кеңейеді.
Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны
құрудың тәсілі яғни әдісі болып табылады. ЖМП-ның әдіснамалық негізін құрайды:
1. Тұлға теориясы; 2. Іс-әрекет теориясы; 3. Таным теориясы; 4. Басқару теориясы; 5.
Жүйе теориясы
Тұлға теориясы – жеке адамның өзіндік адамгершілік-әлеуметтік, психологиялық
қырларын ашып адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты
сипаттайтын ұғым. Тұлға теориясы философиялық тұрғыда – адамды «адам» ретінде
тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, дәлдік, мәдени қырларына баса назар аударумен
пайымдалады. Адам тұлға болып тумайды, әлеуметтену үрдісінде тұлға болып шығады.
Ол дамумен тікелей байланысты. Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің
жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік
иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішінде морфологиялық,
биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән – дене дамуынан көрінеді. Ал
әлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.
Назар салып тыңдағандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz