Өкпенің қабынуы


Slide 1

Орындаған:Дүйсебек Аяулым

21-«М» топ білім алушысы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледж

Бала ауруларының түрлері ерекшеліктері жіктелуі туралы түсінік,

Тыныс алу аурулары.

Slide 2

Балаларда жиі кездесетін бірқатар ауру түрлері бар. Олардың алдын алу шаралары оларды жұқтырмауға, ал уақтылы емдеу асқынулар мен ауыр салдарынан қашуға көмектеседі. «Балалар жиі ауырады» - деген сөзді көптеген ата-аналардан естиміз. Шынымен де солай ма?

Slide 3

Өзінің құрылысына қарай ересектерге қарағанда, балалар құлағы осы ауруды тез қабылдағыш болады. Негізінен суық тию аурулары кезінде пайда болады, құлағы қышиды, тамаққа тәбеті жоғалады, дене қызуы жоғарылайды.

Отит

Slide 4

Қызылша (корь)

Бұл ауру жиі кездеспейді, себебі жоспарлы түрде екпе жасалады. Егер екпені уақытында алмаса ауыру мүмкіндігі жоғары болады. Симптомдары: дене қызуының бірден көтерілуі, ринит, жөтел. Содан кейін денесіне бөртпелер шығып, бірнеше аптадан кейін жазыла бастайды. Бұл аурудың қауіпті болу себебі, өкпе немесе қандай да бір басқа ағза қабынуы мүмкін.

Slide 5

Желшешек (ветрянка)

Денесіне бөртпелер шығып ол өсіп, оның іші мөлдір сұйыққа толып, жарылады. Желшешекпен бала кезінде ауырып кеткені дұрыс екенін бәрі де біледі, себебі одан тез жазылуға болады. Бұл шынымен де солай, ауырған жағдайда тұрақты иммунитет қалыптасады, сондықтан қайталап ауыру мүмкін емес

Slide 6 Slide 7

Ангинаның 2 түрі бар: суық тиюден және инфекциядан пайда болған. Екінші түрі өте қауіпті және антибиотиксіз емделуге болмайды. Симптомдары: тамақтың ауруы, дене қызуы, жұтынудың қиындығы.

Ангина

Slide 8

Көкжөтел (коклюш)

Ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ұстама тәрізді тырысулық жөтелмен байқалады. Бастапқы кезеңде бұл ауруды антибиотиктермен емдейді.

Slide 9

Өкпенің қабынуы

Аурудың кең тарағаң түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе қабынады. Өкпе кабынғанда дене қызуы 39, 4-40 градуска дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды. Адам жөтелгенде, түшкіргенде шаншу күшейеді, жиі-жиі тыныс алып, ентігеді. Мүндайда адамның екі беті қызарып, несептің түсі сарғыштанып, аз бөлінеді.

Slide 10

Ауатамырдың қабынуы

Баяу басталады, оның белгілері бірден сезіле қоймайды. Науқас сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дененің қызуы кетеріледі. Ауру өршіп, ұзаққа созылуы да мүмкін.

Slide 11

Гайморит

Мұрыннан су ағу салдарынан пайда болады. Оның негізгі симптомлары: мұрыннан іріңді сұйықтықтың ағуы, бас ауруы. Сонымен қатар басты еңкейткенде, жөтелде ауырсыну ұлғая түседі. Мұрны бітіп, сөйлеудің өзі қиындайды. Егер оны дер кезінде емдеп жазбаса, созылмалы түріне ауысады.

Slide 12

Ларингит

Тамақтың қарлығуы және жөтел - осы аурудың негізгі симптомдары. Себебі - вирустық инфекция, оны тек дәрігердің қатаң бақылауымен емдеу қажет.

Slide 13

Аурулардың алдын алу

Балалар ауруларының алдын алу шаралары өте көп. Егер соның барлығын пайдаланатын болсаңыз, онда сіздің балаңыздың денсаулығы мықты болатыны сөзсіз.

Вакцинация. Қазіргі уақытта балаларға екпе жасату төңірегінде, оның қауіпсіздігіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Дәрігерлердің пікірі бір жақты - екпені жасату қажет, оларды кең тараған және өте қауіпті түрлі ауруларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру үшін егеді. Сондықтан егер сіз кейбір ауруларды жұқтыру мүмкіндігінің алдын алғыңыз келсе, сөзсіз екпе жасатыңыз.

Slide 14

Гигиена. Дәретханадан кейін және ас қабылдар алдында баланы міндетті түрде қолын мұқият жууға дағдыландырыңыз. Жемістер мен көкөністерді жеу алдында міндетті түрде жуу қажет. Сонымен қатар қалған тамақты мұқият дайындап, тек қайнаған су ішу керек.

Дене шынықтыру және физикалық жаттығулар. Егер бала спортпен шұғылданатын болса, таза ауада ұзақ жүретін болса, онда жақсы физикалық даму әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылықты жоғарылатады. Дұрыс режим және дәрумендерге бай дұрыс тамақтану. Төсек-орын, киім, ойыншық гигиенасы - олар да маңызды құраушылар.

егер қандай да бір себептермен ауруға шалдыққан болсаңыз, онда тез арада дәрігерге қаралыңыз, оның барлық нұсқауларын мұқият орындаңыз. Уақтылы жүргізілген ем - тез сауығудың және жақсы көңіл-күйдің кепілі.

Slide 15

Назарларыңызға

Рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Жасанды тыныс алдыру
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
ПЛЕВРАНЫҢ ҚАБЫНУЫ
Сыртқы тыныс алу патологиясы
Микоплазмалы пневмония
Пастереллез
ТЫНЫС АЛУ
Тыныс демікпесі
Кеуде қуысының ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz