Назипа Құлжанова 1887 - 1934 жыл


Slide 1

Нәзипа Құлжанова - мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы ғалым, көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері

Орындаушы:Дүйсебек Аяулым

Slide 2

Назипа Құлжанова 1887-1934 жыл

Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, педогог, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан. Н. Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі.

Slide 3

Өмірбаяны

Нәзипа Құлжанова 1887 жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысы, Жанкелді ауданында туып өскен. 1982 жылы Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архиф деректері бойынша Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны - Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясын бітірді (1898-1903) . 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен. Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтар күні Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Ақын Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша аудармасынан үзінділер оқиды. Бұл Нәзипа Құлжанованың ең басты тарихи еңбегі болып табылады.

Slide 4

Нәзипа Құлжанованың бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық тұрғыда жазған бірнеше кітаптары бар. 1923 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие» деген кітабы Орынборда 4000 дана тиражбен басылып шығыпты. 1927 жылы «Ана мен бала» атты ғылыми-педагогикалық еңбектер жазды. Нәзипа Құлжанова өз дәуіріндегі саяси-әлеуметтік жайдан, экономикалық құрылыс қалпынан, медицина, педагогика ғылымдарының заман талабы алға тартып отырған міндеттерінен толық хабары бар білімді журналист, шебер педагог екенін айқын тани аламыз. Бүгінгі қолданылып отырған тәрбие түрлерінің алғашқы бастамасының негізін ана тілінде сөз етіп, түсіндіріп, жол көрсетіп кеткен - Нәзипа Құлжанова.

Slide 5

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында (1920-1930ж. ж) Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер (балабақша, балалар яслилерін) ашу аса күрделі де қиын мәселе болатын. Оның себебі: Біріншіден, мектепке дейінгі мекемелерді ашу үшін орасан мол қаржы керек еді (арнаулы үй, жиһаз, оқу құрал-жабдығы, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, т. б. сатып алу қажет) . Екіншіден, балаларға арналған жиһаз, ойыншықтар шығаратын өндіріс орындары жоқ болатын. Сондықтан, оларды шет елдерден қымбатқа сатып алуға тура келді. Үшіншіден, мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін маман кадрлар тапшы-тын. Оларды даярлайтын арнаулы оқу орындары болмады.

Slide 6

Төртіншіден, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдар жетпейтін. Міне, осы проблемаларды шешу ісімен алғашқы Кеңес үкіметінің басшыларымен бірлесе отырып А. Оразбаева, Н. Құлжанова, Ш. Шонанова, С. Есова сияқты көрнекті педагог қоғам қайраткерлері айналысты. Олар бұл істегі батыс елдерінің педагог қайраткерлері К. Цеткина, Н. К. Крупская, Е. Тасова, т. б. іс-тәжірибелерінен үйренді. Солардың педагогикалық еңбектерін қазақ тіліне аударды. Сөйтіп, өздері де мектепке дейінгі тәрбиемен байланысты төл оқу-әдістемелік құралдар жазу, кадрлар даярлау істерімен айналысты. Мәселен, Ш. Шонанова 1929 жылы «Жаңа мектеп» журналына екі еңбегін ұсынды. Оның бірі «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының болашақ проблемасы», екіншісі «Балалар алаңын құру мәселесі» деп аталды.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23 Slide 24 Slide 25 Slide 26 Slide 27

Назарларыңызға

Рахмет !!!🥰


Ұқсас жұмыстар
1923 жылдың сәуірі
Білім беруде әдіскерлік жұмыстың формасы
Қазақ зиялылары философиясы
Педагогика ғылымының тарихы
Әлемдегі әйгілі кәсіпкер
Конрад Хилтон
Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім - тәрбие
Міржақып Дулатұлы, 1917 жылғы сурет
Республикасының кеңесінің төрағасы президенті
АЛҒАШҚЫ КЛУБ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz