Тас дәуірінің кезеңдері



Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және орта ғасырлар, жаңа дәуір

Жоспары: І. Кіріспе: ІІ. Негізгі бөлім: Ежелгі Қазақстан (б. з. V ғ. дейін) ; Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI - XVII ғғ. ) ; Жаңа замандағы Қазақстан (XVII - XIX ғғ. ) ; Қазіргі замандағы Қазақстан (XXғ. ) . III. Қортынды.

Кіріспе Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б. з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI - XVII ғғ. ) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII - XIX ғғ. ), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ. ) . Ең ұзақ кезең - Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Ежелгі Қазақстан - тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті.

Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т. б. дамыды. XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар. XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей. Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т. б. Қазақ хандығының - мемлекетінің XVI - XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар хан (1538-1580), Есім хан (1598-1628), Тәуке хан (1680-1718) . Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т. б.

Ежелгі Қазақстан (б. з. V ғ. дейін) . Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2, 5 миллион жыл бұрын пайда болған. Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері. Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Тас дәуірінің кезеңдері: 1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) А. Ерте палеолит Ә. Орта палеолит Б. Кейінгі палеолит 2. Мезолит (орта тас ғасыры) 3. Неолит (жаңа тас ғасыры) Ежелгі палеолит - ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б. з. б. 2, 6 млн жыл-800 мың жыл) ; Ашель (б. з. б. 800-140 мың жыл) ; Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Орта палеолит. (б. з. б. 140-40 мың жылдықтар) . Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолит дәуірінің адамдары- неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Соңғы палеолит. Соңғы палеолит б. з. б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Мезолит дәуірі (б. з. б. 12-5 мың жылдықтар) . Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру. Неолит дәуірі: (б. з. б. 5-3 мың жылдықтар) . Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Қола дәуірі. (б. з. б. 2-1 мың жылдықтар) . Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. 1. Қола металлургиясы, 2. Бақташылық, мал шаруашылығы. 3. Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.

Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI - XVII ғғ. ) . 1. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ) . Түрік қағанаты. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж. ) . Түргеш қағанаты (704-756 жж. ) . Дамыған ортағасырлық мемлекеттер (X-XIII ғғ. ) . Қарахан мемлекеті (942-1210 жж. ) . Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж. ) . Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: 1. VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар; 2. VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; 3. XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.

Жаңа замандағы Қазақстан (XVII - XIX ғғ. ) . Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы. XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық - феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді. XVII ғасырдың ақыры мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (үлкен жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, қазақ хандығы XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.

Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама жылдары. 1718 жылы Тауке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі. .

Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери - отаршылдық әрекеттерінің басталуы. Әскери бекіністер мен шептердің салынуы. XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери - отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.

Қазіргі замандағы Қазақстан (XX ғ. ) . Қазақстан егемендігінің қалыптасуы мен ерекшеліктері. Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек. 300 жылдай шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz