Форма түсінігі


Slide 1

Оқу процесін ұйымдастыру формалары

Slide 2

«Форма» түсінігі

Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады.

Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады:

1) оқу формасы;

2) оқу-ұйымдастыру формасы.

Slide 3

Оқу формалары

Жеке-дара

Топтық

Толық сыныптық

Ұжымдық

Жұптастық

Дəрісханалық

Дəрісханадан тыс сыныптық

Сыныптан тыс

Мектептік

Мектептен тыс

Slide 4

Оқу процесін ұйымдастыру формалары

Сабақ (дəстүрлі түсінімде)

Дəрісбаян

Семинар

Конференция

Зертхана-практикалық дəріс

Практикум

Факультатив

Оқу саяхаты

Курстық жоба

Дипломдық жоба

Өндірістік практика

Өзіндік үй жұмысы

Кеңес

Емтихан

Сынақ

Пəн үйірмесі

Шеберхана

Студия

Ғылыми қоғам

Олимпиада, конкурc

Slide 5

Жеке-дара оқу формасы

Мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.

Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық, тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу.

Slide 6

Жеке-дара оқу формасы

Репетиторлық оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты. Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.

Ментор -оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді.

Slide 7

Оқудың ұжымдық формасы

Оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.

Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды.

Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары.

Slide 8

Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері

Жаңа білім материалын хабарлау

Білімді бекіту

Ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту

Қорытындылау

Білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.

Slide 9

Дәрісбаян

Дəріс - басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі

Slide 10

Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері

Жаңа материалды игеру

Бекіту

Қайталау

Білімді бақылау, тексеру.

Slide 11

Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері

Оқу саяхаттары

Кино-теле-сабақтар

Өзіндік жұмыс сабақтары жəне т. б.

Slide 12

Дəрісбаян түрлері

- ақпараттық дəрісбаян - түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі; - проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т. б. жолдармен орындалатын оқу шарты; - көрнекілі (визуалды) дəрісбаян - оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі; - бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) - оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы; - шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) -мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат -оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету

Slide 13

Дәрісбаян құрылымы

Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады.

Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады.

Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні - мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.

Slide 14

Семинар

Меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.

Slide 15

Семинар түрлері

семинар-сұхбат - оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасы.

семинар-сөз-жарыс - қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады

Slide 16

Факультатив сабақтар

Оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей: - негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру; - қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т. б. ) меңгеру; - мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту;

Slide 17

Факультатив түрлері

негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру

қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т. б. ) меңгеру

мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту;

Slide 18

Оқу саяхаттары

Әрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.

Slide 19

Курстық (жоба) жұмыс

Оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-əрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады. Курстық жұмыс барысында студенттер техникалық, технологиялық жəне математикалық проблемаларды шешеді.

Slide 20

Дипломдық жоба


Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі аурулардың ішкі көрінісі және оның құрылымы мен деңгейлері
Программалық код терезесі
Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Шығарма тақырыбы мен идеясы
Объектілердің инспекторы терезесі
Функционалды прагматика Жасырын прагматика
Құрылған қосымшаны іске қосу және тоқтату
Формалар режимі
Өкпенің ошақты туберкулезі
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz