Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу


Slide 1 Slide 2

Мақсаты

Slide 3

Оқу-тәрбие үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау

қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігін анықтау;

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін

дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын

дамытудың моделін құру;

Оқыту мен тәрбиелеу жұмысын балалардың жас ерекшелігі мен

өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі оқыту мен

тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының

мемлекеттік стандарты талаптары негізінде ұйымдастыру;

Оқу-тәрбие үдерісінде балалардың логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту үшін жанға жайлы ахуал орнатып, түрлі әдіс-тәсілдерді

жүйелі қолдану;

Міндеттері:

Slide 4

Мектеп дейінгі балалардың ойлау қабілеті

және логикалық ойлау ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі баланың дамуын зерттеу күрделі процесс,

оның өзіндік ерекшеліктері бар. Баланың қоршаған орта

ерекшеліктеріне икемделуі, білім мен іскерлікті меңгеруі оның

қабілетіне байланысты. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны,

өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады.

Осы нышандар қасиетке айналу үшін, бала адамдар арасында өсіп,

күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған

ортада өзін емін-ерік сезінуге қалыптасады.

Әлемдік психолого-педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын

дамытатын мәселелерді А. Н. Монтьев, С. П. Рубинштейн,

М. В. Занков т. б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған.

Slide 5

Ойын - мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын парасаттылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Slide 6

Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр

Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу - тәрбие үрдісінде зейін, есте сақтау, ойлау қабілетті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап, жағымды қарым - қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл - күйлерін көтереді.

Slide 7

Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте- бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу болып табылады. ъ.

Баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық психикалық үрдістерін дамыту -ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Баланың логикалық ойлау қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дидиактикалық ойындар арқылы дамытып, көздеген мақсатымызға жете аламыз.

Slide 8

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудағы дидактикалық ойынның рөлі

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі-білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу болғандықтан мектепке дейінгі мекемелердегі басты талабы-баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру.

Бұл дегеніміз балаларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке дайындау. Баршамызға аян мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қандай қабілеттерді дамытсақ та, біз оны ойын арқылы жүзеге асырамыз.

Slide 9

Баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз-қарапайым

математикалық алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Өйткені, бала сөйлегеннен бастап өзінің атын, мекен-жайын жаттай бастайды. Міне, сан санауда осыдан басталады. Оны жүйелі түрде тыңдау тәрбиешінің басты міндеті, логика - адам ойы, дұрыс ойлау ұрпақтан- ұрпаққа табиғи түрде де беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы қалыптасады. Жалпы, математикада қолданылатын ойын түрлері балалардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда қазақтың ұлттық ойындарын қолдану өте тиімді.

Slide 10

Тіл дамыту арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары

Баланың жас ерекшелігін ескере отырып тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, баланың шығармашылық қабілетін дамытып, интелектуалдық деңгейін көтеріп, білімінің беріктігін қамтамасыз етуге болады.

«Логикалық тапсырмалар, жаттығулар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Slide 11 Slide 12

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға

көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылық ерекшеліктері
Баланың метепке психологиялық даярлығы
Дамыту технология Рөлдік технологиясы ойындар
А.П. Усованың мектепке дейінгі тәрбиеге қосқан үлесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Шешім қабылдай білу қабілеті
«Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz