Көңілді басқаға аудару әдістері
Презентация қосу
Қашықтықтан оқыту
барысында оқушыларға
арналған психологиялық
кеңестер
Дайындаған:Мектеп психологы: Белгібай А.С
1. Алаңдау – толығымен қалыпты реакция екенін
мойындаңыздар
Егер сіздерді мектептердің жабылуы және үрей ұялататын
жаңалықтар алаңдатса, біле жүріңіздер, сіздер жалғыз
емессіздер. Шындығында дәл осындай эмоцияларды
бастан кешіру қажет. Алаңдау сіздерге нақты бір сәтте
жалғыз дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі, мысалы,
басқа адамдармен немесе үлкен топтарда уақыт өткізбеу,
қол жуу және бетті қолмен ұстамау». Осындай сезімдер
өздеріңізді ғана емес, өзгелерді де қорғауға көмектеседі.
«Біз осылайша қоғамның басқа мүшелеріне қамқорлық
көрсетеміз. Бізді қоршаған адамдарды да естен
шығармаймыз».
4. Көңілді басқаға аудару әдістері
«Психологтарға мәлім, ұзаққа созылатын өмірлік қиын
жағдайға түскенде, мәселені екі санатқа бөлудің пайдасы
мол: біріншісіне мәселені шешу үшін қолымыздан келетін
істер, ал екіншісіне біздің бақылауымыздан тыс
құбылыстар жатады.
Қазір көбісі екінші санатқа түседі, бұл – қалыпты жайт.
Бірақ, мәселені шешуге көмектесе алатын әдіс бар –
көңілді басқаға бұру әдісі. Күнделікті өмірде сабырға келу
және тепе-теңдікке жету үшін келесі тәсілдерді ұсынады:
үй шаруасымен айналысу, сүйікті фильмді көру немесе
төсекте жатып роман оқу.
3. Достармен байланыста болудың жаңа жолдарын
табыңыздар
Егер әлеуметтік алшақтық әдісін қолдана отырып,
достарыңызбен бірге уақыт өткізгілеріңіз келсе, әлеуметтік
желілер – керемет байланыс тәсілі. Шығармашылық
қабілеттеріңізді паш етіңіздер: мысалы, #қауіпсізқолдар Tik-
Tok ойынына қатысыңыздар.
«[Алайда] үнемі монитор алдында және/немесе әлеуметтік
желілерде отыра беру – жақсы шешім емес. Бұл
денсаулыққа зиян, тиімсіз және үрей сезімін өршіте түсуі
мүмкін», - деп жалғастырады д-р Дэймур және
жасөспірімдерге ата-аналарымен бірге отырып, компьютер
алдында өткізетін уақыт кестесін жасауға кеңес береді.
5. Өздеріңізге көңіл бөліңіздер
Жаңа бір істі үйренгілеріңіз келіп пе еді? Жаңа кітап
оқығыларыңыз келе ме? Әлде музыкалық аспапта ойнап
көргілеріңіз келе ме? Қазір – ең қолайлы уақыт.
Өздеріңізге көңіл бөлу және пайда болған бос уақытты
өздеріңізге пайдалы етіп өткізу жолдарын іздеу –
психикалық денсаулықтарыңыздың қамын ойлаудың
жемісті жолы.
5. Сезімдеріңізді толығымен сезініңіздер
Адам достарымен бірге түрлі шараларға қатыса алмаса, сүйікті
ісімен айналыса алмаса немесе спорт сайыстарына бара алмаса,
қатты түңіліп кетеді. «Бұл – жасөспірімдердің көңілін шынымен
түсіретін ауқымды тауқымет», - дейді д-р Дэймур. Түңілуді
жеңудің үздік тәсілі қандай? Өздеріңізге түңілу сезімін
толығымен сезініп көрінуге рұқсат етіңіздер. «Жанға жара
салатын уайым сөз болғанда, жағдайдан шығар жалғыз жол – сол
эмоцияны толығымен сезіну. Егер мұңайып тұрсаңыздар,
өздеріңізге мұңаюға рұқсат беріңіздер, сонда өздеріңізді тезірек
жақсы сезінетін боласыздар».
6. Өздеріңізге және өзгелерге мейірімді болыңыздар
Кейбір жасөспірімдер коронавирус жұқпасына байланысты мектепте
қудалауға және зорлық-зомбылыққа тап болады. «Осындай жайттарға
куә болғандардың белсенді ұстанымы қудалау нысанына айналған
балалар мен жасөспірімдер жәбірлеушілеріне қарсылық көрсетеді деп
күтпеген жөн; керісінше, сондай балаларды достарынан немесе
ересектерден көмек пен қолдау сұрауға ынталандыру қажет».
Егер әлдекімнің достарыңызға жәбір көрсеткеніне куә болсаңыздар,
онымен сөйлесіп, қолдау көрсетуге тырысыңыздар. Әрекетсіздік
адамды бүкіл әлем оған қарсы шықты және ешкімнің онымен шаруасы
жоқ деп ойлауға мәжбүрлейді. Сіздердің сөздеріңіз жағдайды жақсы
жағына қарай өзгертуге көмектеседі.
Әрі, есте сақтаңыздар: қазір біз бөліскен ақпарат немесе біз айтқан
сөздер басқа адамдардың жанына бұрын-соңды көрмеген жара салуы
мүмкін екенін ескеру қажет.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz