Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі




Презентация қосу
Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген
кезеңінде пайда болады. ерекше білім беру қажеттіліктерін
бағалау –оқу процесі барысында оқушыны қолдаудың түрін,
формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда
болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу. Оқу процесі
барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың
ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге
асырылады. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау
көрсетудің бірінші деңгейі. бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім
жүргізеді.
Оқушының табысты болу ресурстарын да
анықтайды. тексеру нәтижелері бойынша маман
мыналарды белгілейді:
оқушының қысқартылған оқу бағдарламасына

мұқтаждығын;
қандай мамандар оқушыға қиындықтарды еңсеруге

көмектесе алады (психолог, логопед, арнайы педагог); -
оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері ең тиімді
болады;
оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек.[
ҚР «білім туралы» заңының 49 бабына сәйкес білім беру
ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға беріледі. ата-аналар
тұрғылықты жердегі мектепті таңдаған кезде, мектеп оқушыға
мұғалімнің және қолдау көрсету мамандарының көмегін пмпк
ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс. Маңызды
жалпылама ақпарат:
1.Оқушылардың ерекше білім беру қажеттілігін бағалау
мектеппен (мұғалім және психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсету қызметімен), сондай-ақ психологиялық-
медициналық-педагогикалық кеңеспен жүзеге асырылады.
жалпы немесе арнайы сыныпта ақыл-ойы кем балаларға
арналған жеке немесе арнайы бағдарлама бойынша (мжмбс-ға
бағдарланбаған) баланы оқыту туралы шешімді пмпк-дің
кешенді тексеру негізінде ғана қабылдайды.
2.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі
немесе мектеп кеңесі қажет болған жағдайда дербес (пмпк
ұсынымынсыз) жалпы білім беру бағдарламаларын қысқарту
(бейімдеу), психолог, логопед, педагог-ассистент қызметтерін
көрсету туралы шешім қабылдай алады, бірақ тек белгілі бір
кезеңге – бір-үш оқу тоқсанынан аспайтын. егер балаға оқу
бағдарламасын меңгеруде мұндай көмек көрсету жеткіліксіз
болса, онда ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін баланы
пмпк-ге бағыттау қажет.
3. Баланың мектептегі оқу үлгерімі мен мінез-құлық
нәтижелері негізінде қандай да бір маманның қызметіне мұқтаж
еместігі туралы шешімді қолдау көрсету қызметі және/немесе
мектеп кеңесі қабылдайды.
4. Пмпк-дің ерекше білім беру
қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі
ұсыныстары бастауыш мектепте (бірінші
және төртінші сыныптарда) оқу уақытында
кемінде екі рет жаңартылуы тиіс. мектеп
қолдау көрсету қызметінің және/немесе
мектеп кеңесінің шешімі бойынша
қажеттілік туындаған жағдайда баланың
ебҚ-н бағалау мен ұсыныстар алу үшін
пмпк-ге жібере алады.
5. Ерекше білім беру қажеттіліктерін
бағалау тек ата-аналардың келісімімен
әпкк-нің мамандарымен жүргізіледі
Бағалаудың міндеті – өзбетінше қиындықтардың
сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының
қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау.
Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының
сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады
(жекелік тәсіл).
Мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері:
оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану;
- сабақта жеке оқу материалдарын қолдану;
-оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту;
-бақылау материалдарын өзгерту;
-сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу;
Қажеттіліктерді бағалауды мектептің
психологиялық-педагогикалық қызметінің
мамандары жүргізеді (психолог, логопед,
арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-
аналарын кездесуге шақырып, балалардың
оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру
қажеттілігін бағалау туралы мұғаліммен бірге
хабардар етеді.
Біз әр баланы өз бауырымыздай
көруіміз керек!

Ұқсас жұмыстар
ЕББҚ Бар балаларды ППҚ
АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Инклюзивті білім беру жағдайында ЕББҚ бар балаларды психологиялық - педагогикалық сүймелдеуді ұйымдастыру
Критериалды бағалаудың құралдары
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытудың тұғырлары
Дарынды балаларды психологиялық қолдау және дамыту
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері
Оқушының шығармашылық кітапшасы
ҚОНАҚ ҮЙЛЕР МЕН МЕЙРАМХАНАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер