Жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу пәні мен әдістері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТУТЫ

ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Такырып:Жас ерекшелік психодиагностикасы. Нәрестелік кезеңдегі психиканың дамуы. Сәбилік кезеңдегі психиканың дамуы.

Тексерген:Бейсенова Ж. Ж.

Орындаған:”6B01508-Химия-Биология”

мамандығының 2-курс студентті Бердиматова Умида

Алматы 2021

Slide 2

Жоспар

Кіріспе:

1. 1. . Жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу пәні мен әдістері.

Негізгі бөлім

2. 1. Жас кезеңдері бойынша даму проблемалары

2. 2. Бала психикасының даму факторлары

2. 3. Баланың нерв психикалық дамуының көрсеткіштері

2. 4. Нәрестенің шартсыз рефлекстері

2. 5. Нерв жүйесі зақымдалған кездедегі менингеальды симптомдары

2. 6. Баланың нерв жүйесін объективті зерттеу

III. ҚОРЫТЫНДЫ:

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Slide 3

«Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмір бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.

Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы - даму қарқынына басым көңіл бөлінуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» - шығу тегі, қалыптасу) деп атайды.

Slide 4

Жас ерекшеліктер психологиясы психологияның басқа салаларымен:

Жалпы психологиямен

Тұлға психологиясымен

Әлеуметтік педагогикалық және дифференциялдық психологиясымен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер -қабылдау, ойлау, сөйлеу тілі, ес, зейін, қиял зерттеледі.

Жас ерекшеліктер психологиясы

Slide 5

Жас ерекшеліктері психологиясы - баланың даму үдерісін қарастыра отырып, ол әртүрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданылады.

Жас немесе жас кезеңі дегеніміз - бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл.

Психологиялық жас жекелеген баланың оның туылу туралы куәлігінде, кейінірек төлқұжатында жазылған хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзінің қайталанбас мазмұны - баланың тұлғасы мен психикалық қасиеттерінң даму ерекшеліктері, оның айналасындағы адамдармен өзара қатынастарының ерекшеліктері және ол үшін басты болып табылатын іс-әрекеті бар жас кезеңінің белгілі бір шектері бар.

Slide 6

Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әдістері

Slide 7

Кесінділер әдісі - Балалардың айтарлықтай үлкен топтарында нақты әдістемелердің көмегімен дамудың белгілі бір аспектісі, мысалы, ақыл-парасаттың даму деңгейі зерттеледі. Нәтижесінде балалардың осы тобына-бір жастағы балаларға немесе бір оқу бағдарламасыбойынша оқытылып жатқан мектеп оқушыларына тән мәліметтер алынады.

Салыстырмалы әдіс - Әр топ бойынша мәліметтер өзара салыстырылып, бұд жерде дамудың қандай үрдістері байқалатындығы және олардың немен байланысты екендігі туралы қорытындылар жасалады.

Slide 8

Лонгитюдтік әдісі көбінесе «бойлық зерттеу» деп атайды. Бұл жерде сол бір баланың ұзақ уақыт бойына дамуы қадағаланады. Мұндай зерттеу дамудың дәйектірек үрдістерін, «көлденең» кесінділермен қамтылмайтын аралықтардағы кішігірімөзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау - кез келген жастағы балалардың дамуын зерттеу кезінде қолданыла алатын болса да, кішкентай балалармен жұмыс істеу кезінде таптырмайтын әдіс. Бақылау күрделі әдіс, оны қолдану бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс.

Slide 9

Социометриялық әдіс - Балабақша тобында немесе мектеп сыныбында қалыптасқан балалардың арасындағы қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді.

Интеллектуалдық даму әр алуан әдістемелердің, бірақ негізінен стандартталған сынамалардың көмегімен зерттеледі. Балалар психологиясы тарихындағы алғашқы сынама -Бине-Симон сынамасына вервалды (ауызша) түрде берілген және берілген және белгілі бір жас кезеңіне арналған бірқатар тапсырмалар кірген.

Slide 10

4-16 жастағы балаларға арналған Векслер сынамасы ауызша және көрнекті(бейнелі) түрде берілген тапсырмаларды қамтиды. Оны қолдану кезінде екі көрсеткіш -ауызша және ауызша емес көрсеткіш, сондай-ақ жиынтық «жалпы интеллектуалдық көрсеткіш» алынады. Жалпы, әртүрлі сынамалармен жұмыс істей отырып, психолог интеллектуалдық коэфицент - IQ-ді есептеп шығарады:

ақыл-ой дәрежесі бойынша

IQ= жасы х100

хронологиялық жасы

Slide 11

Егер бала өз жасына арналған барлық тапсырмаларды шешсе, оның IQ-і 100 ұпайға тең. 120 ұпайдан астам жинаған балалар - дарынды, өз жас нормасынан айтарлықтай артта қалған балалар ақыл-ой дамуында артта қалған балалар ақыл-ой дамуында артта қалған балалар болып есептеледі.

Әр түрлі айқындаушы тәжірибелермен қатар, жас ерекшеліктері психологиясында қалыптастырушы тәжірибе қолданылады. Арнайы жағдайларды жасау арқылы онда белгілі бір психикалық қасиеттің даму қарқыны қадағаланады. Л. С. Выготский осылайша балада ұғымдардың қалыптасу үдерісін бақылаған (тәжірибелік-генетикалық әдіс) . Қазіргі уақытта күрделі қалыптастырушы тәжірибелер, негізінен - бір немесе бірнеше жыл ішінде мектепкедейінгі жастағы балаларда-қабылдау, бастауыш мектеп оқушыларында теориялық ойлау дамитын оқытып-үйретуші тәжірибелер құрылады.

Slide 12

Адам өмірінің кезеңдері

Slide 13

Жаңа туған бала /туған сәттен бір-екі айға дейін/ бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез--құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе, оның соматикалық /дене/ қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады.

Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері

Slide 14

Онтогенезде тең уақыт

ішінде адам психикасы дамуы жағынан

әр түрлі

"қашықтықтан" өтеді.

Бала психикасында алғашқы үш жылда

болатын сапалыққайта өзгерістер айтарлықтай қомақты

болады. Ерте сәбилік шақта бала мен ересек адамның бірлескен іс-әрекеті

қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын

өзіне алады. Ол өзара түсінісуді ұйымдастырады.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің

қажетті шарты - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы.

Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе,

оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол,

оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек

қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары

анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады.

Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан а

луан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды.

Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн таматану

қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады.

Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан

шартты рефлекстер жасалады.

Slide 15

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетитерінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектенуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады.

Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс- әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды.

Slide 16

1 жасқа дейінгі балалардағы психо-моторлық дамудың орташа мерзімдері мен ықтимал шекаралары

Қозғалыстар мен дағдылар

Орташа мерзім

Мерзім шекаралары

Езу тарту, жымю

5 апта

3-8 апта

Үілдеу

7 апта

4-11 апта

Бас ұстау, мойын қатаюы

3 ай

2-4 ай

Қолдың бағытталған қозғалысы

4 ай

2, 5-5, 5 ай

Аунау

5ай

3, 5-6, 5 ай

Отыру

6 ай

4, 8-8 ай

Еңбектеу

7 ай

5-9 ай

Еркін шап беру, ұстап алу

8 ай

5, 5-10, 5 ай

Түрегелу

9ай

6, 5-12, 5 ай

Қол ұстап жүру

9, 5 ай

6, 5-12, 5 ай

Өз бетінше тұру

10, 5 ай

8-13 ай

Өз бетінше жүру

11, 5 ай

9-14 ай

Slide 17

Баланың нерв психикалық дамуының көрсеткіштері

1 жасқа дейінгі баланың нерв - психикалық

дамуының көрсеткіштері

1. Қозғалыс дағдылары (жалпы қозғалыстар, статикалық функиялар, локомоторлық дағдылар, заттармен әрекеттену, жүру)

2. Сенсорлық даму (көру және есту бағдарлау реакциялары, эмоциялар және әлеуметтік мінез-тәртіп)

3. Сөйлеудің дамуы (сөйлеудің бастапқы сатысы, сөз түсіну, белсенді сөйлеу)

4. Тамақтандыру кезіндегі дағдылар

Slide 18 Slide 19

1, 5 - 2 айдан бастап бала гуілдейді - бұл болашақ сөздердің негізі. Тіл дыбысқа еліктеуден, басталады, сол себепті балаға бұрмаламай сөйлеген дұрыс. Туғаннан бастап бала сергек кезінде онымен сөйлескен дұрыс,

3-4 айында бала ұзақ уілдейді, өз дыбысын өзі тыңдайды,

6-айында әртүрлі буындар айта бастайды -ба, -ма, -па;

7-8 айында буындарды қайталайды: -ба, -ба, -ба, - ма-ма-ма, -ма-ма, -па-па-па;

9-айында аты аталған заттарды көзімен көрсете алады.

10-айында жануарларды өзінше атайды: сиырды «му», мысықты «мәу», күшікті «ав-ав» дейді;

11-айында бірінші сөздерді атайды;

1- жасында 8-10 сөз біледі;

2-жасында 300-ге жуық сөз біледі.

Сергек кезінде баланы қозғалысқа еліктіру оның қимыл дағдыларының қалыптасуына жақсы әсер етеді.

1, 5-2 айында бала басын өз бетімен ұстай алады, осы кезде оны манежге етбетімен салу, массаж жасау қажет,

3айында бала етбетімен жатып басын көтеріп жан-жағына бұрады

4, 5-5 айында шалқасынан жатқан бала қырынан және етбетінен аударыла алады,

6-айында ойыншықтарын өзі алып ойнай алады, отырады, қасықпен тамақ ішіп үйретуге болады,

7-айында еңбектейді,

8- айында сүйеніп тұра алады,

9-10 айында жатқан бала отырып, онан кейін ұмтылып тұра алады, қайтадан отыра алады, диванда, орындықты айналып жүреді.

11-айында өзі тұрып,

12-айында өзі жүре алады.

Slide 20

2 жастағы баланың нерв - психикалық дамуының көрсеткіштері

1. Сөз түсіну

2. Белсенді сөйлеу

3. Сенсорлық даму

4. Ойын, заттармен әрекеттену

5. Қозғалысттар

6. Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары

Slide 21

3 жастағы баланың нерв - психикалық дамуының көрсеткіштері

1. Белсенді сөйлеу

2. Сенсорлық даму

3. Ойын

4. Бейнелеу және құрастыру жасау іс-әрекеттері

5. Қозғалыстары

6. Өзі-өзіне қызмет көрсету дағдылары

Slide 22

Мектеп жасына дейінгі баланың нерв - психикалық дамуының көрсеткіштері

1. Ықылас, зейін

2. Жад, есте сақтау қабілеті

3. Қабылдау қабілеті, зеректік

4. Әлеуметтік қатынастар

5. Өзі-өзіне қызмет көрсету дағдылары

Slide 23

Мектеп жасындағы баланың нерв - психикалық дамуының көрсеткіштері

1. Ықылас, зейін

2. Жад, есте сақтау қабілеті

3. Қабылдау қабілеті, зеректік

4. Жігер, ерік, ықтияр

5. Интеллектуальды іс-әрекет

6. Әлеуметтік қатынастар

7. Мінез - құлқы, мінез тәртібі

Slide 24

Нәрестенің шартсыз рефлекстері.

Шартсыз рефлекстерді бағалау үшін жылы, жарық бөлмеде үстөл үсінде жүргізіледі. Бала ояу, құрғақ және тоқ болуы керек. Шартсыз рефлекстер арқасынан, ішінен жатқанда және вертикальды іліп ұстап тұрғанда бағаланады.

Шартсыз рефлекстерді 3 түрге бөлуге болады:

а. тұрақты өмірлік автоматизмдер


Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясы
ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ САТЫБАЛДЫ АЙБЕК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК
Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Жас ерекшелік кезеңнің тарихи қалыптасуының мәселелері
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Балалар психологиясына кіріспе
Балалар психологиясының даму тарихы,теориялар туралы негізгі түсініктер
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz