Ұрт аймағы


Slide 1

Төменгі жақсүйекке қарасты жасушалық кеңістіктердің абсцесстері мен флегмоналары. Емдеу және диагностикалау қағидалары.

Орындаған: Балтабеков М. М.

Қабылдаған: Ажибеков А. С.

Slide 2

Жоспары:

Этиологиясы, патогенезі.

Клиникалық көрінісі.

Диагностикасы.

Емдеу принциптері.

Slide 3

Төменгі жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.

1. Иекасты аймағы.

2. Ұрт аймағы.

3. Жақасты үшбұрыштығы.

4. Жақ-қанатша кеңістігі.

5. Жұтқыншақ маңы кеңістігі.

6. Меншікті шайнау бұлшықеті астының кеңістігі.

7. Меншікті шайнау еті-құлақмаңы аймағы және жақарты шұңқыры

Slide 4

Иек аймағының абсцесі мен флегмонасы

Аймақтың шекаралары: ұстіңгі - иек-ерін қатпары, астынғы - төменгі жақсүйектің астыңғы қыры, жан-дарынан - езуден төмен жүргізілген тік сызық.

Slide 5

Иек аймағының абсцесі мен флегмонасы.

Инфекцияның негізгі көздері мен ену жолдары:

Төменгі 3, 2, 1 I 1, 2, 3 тістерінің одонтогенді инфекциялық ошақтары;

Терінің іріңді қабыну аурулары (фолликулит, шиқан көршиқан) ;

Инфекцияланған жарақаттар;

Қан ұйығыны іріңдеуі;

Басқа аймақтардан енген екіншілік іріңді қабыну аурулары (төменгі ерін, иекасты аймақтары) .

Slide 6

Иек аймағы абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгілері.

Иегінің солқылдауы;

Дене қызуының көтерілуі;

Иек аймағы тіндерінің ісінуі;

Терісінің қызаруы;

Қатпарға жиналмауы;

Пальпациялағанда тығыз инфильтраттың анықталуы;

Slide 7

Иекасты аймағының (regio submentalis) абсцесі мен флегмонасы.

Иекасты аймағының шекаралары:

алдыңғы - төменгі жақсүйектің денесі;

артқы - тіласты сүйегі (os hyoideus) ;

жоғарғы - жақсүйек-тіласты бұлшықеті (m. mylohyoideus) және мойынның меншікті шандыры (fascia colli propria) ;

төменгі - мойынның беткей шандыры (fascia colli superficialis) ;

екі бүйірінен - екі қосқарыншалы бұлшықеттің (m. diqastricus) алдыңғы қарыншалары

Slide 8

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.

Төменгі алдыңғы тіс түбірлері аймақтарында шоғырланған одонтогенді инфекциялық ошақтары.

Төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарынан тарайтын (тіндерді бойлай немесе лимфогенді жолмен) екіншілік инфекция.

Slide 9

Иек астының жұмсақ тіндері домбығып ісінуінен, беттің төменгі ⅓ бөлігі ұзарғандай болып көрінуі;

Инфильтрат үстінің терісі ісініп керіліп тұруы, қатпарға жиналмауы, қызаруы;

Пальпацияда ауырсыну сезімінің болуы;

Тіндердің ісінуінен науқастың тілі жоғары көтеріліп, сөйлеуіне, тамақ қабылдауына кедергі келтіруі;

Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгілері.

Slide 10 Slide 11

Ұрт аймағының абсцестері мен флегмонасы.

Ұрт аймағының шекарасы:

жоғарғы - бетсүйектің төменгі қыры;

төменгі - төменгі жақсүйек денесінің астыңғы қыры;

алдыңғы - бет-самай сүйектерінің жігі мен ауыздың бұрышын байланыстыратын деңгейі немесе ауыздың дөңгелек бұлшықеті (m. orbicularis oris) ;

артқы - меншікті шайнау бұлшықеттің (m. masseter) алдыңғы шеті.

Slide 12

Ұрт аймағының абсцестері мен флегмонасы

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары:

Жоғарғы және төменгі кіші және үлкен азу тістері аймақтарының одонтогенді инфекциялық ошақтары;

ұрттың терісі мен шырышты қабығының инфекцияланған жараларының қабынуы;

Ұрт аймағы терісінің немесе шырышты қабығының бүтіндігінің бұзылуы (тіс сауыты-ның өткір қырларымен немесе ортопедиялық аспаптармен жарақат-тануы, тамақ ішкенде ұртты тістеп, жарақаттау)

Slide 13

Ұрт аймағының терең бөлімінің шел тіндерінде (ұрттың кілегей қабығы мен ұрт бұлшықеті аралығы) өтетін жайылмалы іріңді қабыну процесінің жергілікті клиникалық белгілері.

Беттің симметриясы бұзылады;

Инфильтрат үстінің терісі қызарады, жылтырап тұрады;

Қатпарға жиналмайды;

Жұмсақ тіндердің ісінуінен көз саңылауы жартылай немесе толық жабылады;

Мұрын-ерін қатпары тегістеледі;

Шайнау қызметі бұзылады;

Ұрт аймағының шырышты қабығы қыза-рып, ісінеді;

Slide 14

Ұрт аймағының беткей шел тіндерінің (тері және ұрт бұлшықеті аралығы) шектелген іріңді қабыну процесінің жергілікті клиникалық белгілері.

Ұрт аймағының ауыруына, аузын ашқанда және тағам шайнағанда ауырсыну сезімінің үдей түсуі;

Қабыну инфильтратының ұрт аймағындағы тіндерінің ісінуі;

Беттің симметриясының бұзылуы;

Инфильтрат үстінің терісі қызарып, қатпарға жинақталмауы;

Пальпациялағанда тығыз инфильтарттың анық-талуы;

Slide 15

Ұрт аймағында іріңді қабыну процесінің шоғырлану орын-дары: 1 - беткей шел кеңістігінде (m. buccinator үстінде) ; 2 - терең шел кеңістігінде (m. buccinator астында) ; 3 - m. buccinator

Slide 16

Меншікті шайнау бұлшықетіасты кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы.

Меншікті шайнау бұлшықеті астының (массетерасты) кеңістігі төменгі жақсүйек бұтағының сыртқы беті мен меншікті шайнау бұлшықеті және шандыр табақшасы аралығын қамтиды. Кеңістіктің артқы жағы үшінші үлкен азу тіс артының (үлкен азу тіс арты аймағы, ретромолярлық кеңістік немесе ретромолярлық үш-бұрыш деп те аталады) шырышты қабығымен шектеледі

Slide 17

Меншікті шайнау бұлшықетіасты кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы.

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.

Төменгі үлкен азу тістерінің, солардың ішінде үшінші үлкен азу тістің одонтогенді инфекциялық ошақтары;

Ұрт, самайасты аймақтарының, құлақ маңы сілекей безінің қабыну ауруларынан туындаған екіншілік қабыну аурулары;

Slide 18

Меншікті шайнау бұлшықетасты кеңістігінің абсцесі мен флегмонасынның жергілікті клиникалық белгілері.

Құлақ маңы-шайнау аймағының сыздап немесе солқылдап ауруы;

Ауызының мүлдем ашылмауы;

Тағам шайнауының бұзылуы;


Ұқсас жұмыстар
ТІС АНАТОМИЯСЫ
Ерін және тіл ісіктері
Қатерсіз ісіктер
Қатты таңдай
Жануарлардың асқорыту жүйесі
Топқа біріктіру
Көз жүйкесі
Бас және мойын бұлшық еттерінің топографиясы
Тіс қағы немесе тіс Тазалық жағдайы тасының көрсекіштері
Приматтар отряды- Primates
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz