Үшкіл нерв



Бет және үшкіл нерв зақымдануы, ақаулары. Клиникасы, диагностикасы, емі. СТЖБ қабыну және дистрофиялық аурулары. СТЖБ ауру сезімді дисфункциясы
Қабылдаған: Сапарбекович А.
Тапсырған: Балтабеков М.
Факултет:стоматология
Топ:503Б
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
2021 ж

Кіріспе
Медицинаның методологиялық принциптерінің бірі болып жекелену болып табылады. Оның орындалуының маңызды түрі болып науқастың психологиялық тексерілуі болып келеді, жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерттеу, аурудың дамуы кезінде оның өзгеруі, ауру дағымына психологиялық статустың әсер етуі. Науқастың тұлғасы ауру дамуын әсер етуі. Адамның тұлғасы ауру дамуына шешуші роль болып келеді. Көбінесе стомалгиямен, өз-өзіне сенімсіз адамдар ауырады, көпшілікпен араласа алмайтын адамдар. Әртүрлі психогенді ауру түрі өз ағзасының сезу сезімталдығы жоғары адамдар ауырады. өз уақытына қарай ауру дамып адамның тұлғасына әсер етеді, көбінесе оны өзгертеді. Сонымен қоса патология қауым жағдайына әсер етеді, сыртқы жағдайларға субъективті және обеъктивті әсер етеді. Осы уақытта науқаста ауруға адекватсыз қатынас түзіледі және оның ағымына және аяғына дұрыс емес болжам қояды.

Үшкіл нерв
N. Trigeminus, үшкіл нерв, бассүйектің V жұп нервісі, аралас, қимылдатқыш және сезімтал талшықтардан тұрады. 4 ядросы бар: 2 сезімталдық және 1 қимылдатқыш ядролары мидың артқы бөлімінде, ал 1 сезімталдық ядросы мидың ортаңғы бөлімінде жатады.
Нервтің қымылдатқыш тармақтары Варолиев көпірінің алдыңғы бөліміндегі ядродан, nucleus motorius шығып, самай сүйек пирамидасының алдыңғы-үстіңгі бетінің батыңқысында жататын Гассер түйінге барады.
Нервтің сезімталдық талшықтары қозғалтқыш тармағының жанынан өтіп, Гассер түйініне жеке өзі енеді.

Үшкіл нерв
Бірінші тармағы үңгірлі қойнаудың, sinus cavernosus, қабырғасынан өтіп, үстіңгі көзұялық саңылауы, fissura orbitalis superior, арқылы көз ұясына көз нервісі, n. ophtalmicus атауымен барады.
Екінші тармағы, n. maxillaris, бассүйектің түбінде ашылатын дөңгелек тесіктен, f. rotundum, шығып алға-төмен қарай барады
Үшінші тармағы, n. mandibularis, қозғалтқыш нерв тармағы бола тұра, аралас нерв болып табылады.

Үшкіл нерв
І тармағы
N. ophtalmicus, көз нерві Гассер түйінінің ішкі бөлімінен шығып, үңгірлі қойнаудың қабырғасынан өтеді және үстіңгі көзұялық саңылаумен fissura orbitalis superior, көзұясына барады.
Үстіңгі көзұялық саңылауға кірер алдында көз нерві 3 тармақ береді:
n. frontalis (маңдай нерві)
n. lacrimalis (көзжас нерві)
n. nasocilliaris ( мұрын-кірпіктік)

Үшкіл нерв
ІІ тармағы
N. maxillaris, жоғарғы жақсүйек нерві Гассер түйінінің дөңестеу тұсынан басталып, бассүйек түбіндегі дөңгелек тесіктен, f. rotundum, сыртқа шыгады. Дөңгелек тесіктен шыққан соң қанат-таңдай шұңқырының алдыңғы қабырғасына (жоғарғы жақсүйек) барып, көзұясының төменгі саңылауы арқылы көзұясына кіреді. Осы арада canalis infraorbitalis арқылы n. infraorbitalis атауымен жоғ. жақсүйектің алдыңғы бетіне шығады. Көзұяасты тесігінен шыққан нерв бірнеше тармақтарға бөлініп, “кіші қазтабанды”, per anserinus minor, құрайды.

Үшкіл нерв
Қанат-таңдай шұңқырының төменгі тұсында бет-жақ аймағындағы ең ірі парасимпатикалық қанат-таңдай түйіні g. pterygopalatinum, жатады.
Қанат-таңдай түйінінің жасушалары импульсті қанат-таңдай шұңқырында жатқан n. canalis pterygoidea қабылдайды. Аталмыш нерв 2 бөлімнен тұрады:
Бет нервтен келіп қосылатын парасимпатикалық нерв, n. petrosus major, n. petrosus superfasialis major
Ішкі ұйқы артерия бойымен келетін симпатикалық нерв тармақтарының өрімі, plexus coroticus internus, n. petrosus profundus,

Үшкіл нерв
Түйіннен мұрынның кілегей қабығына f. sphenopalatinum арқылы нерв тармақтары барады. Сондай-ақ мұрынның аралық, бүйір қабырғасына нерв тармақтарын береді.
Нерв тармақтары арасындағы ең ірісі - мұрын-таңдай нерві n. nasopalatinus, мұрынның аралық қабырғасынан төмен қарай қиғаш өтіп, күрек тіс өзегінен өткен соң қатты таңдайдың алдыңғы бөлімінің кілегей қабығын нервтейді. Өзекке кірмей тұрып алдыңғы тіс ұяшық нервтерімен байланыс құрады.

Үшкіл нерв
Таңдай нервтері, n. palatini, қанат-таңдай түйінінің төменгі бөлімінен шығып, қанат-таңдай өзегі арқылытаңдайға барады. Өзектің ішінде алдыңғы ұсақ тесіктерден нерв тармақтары n. palatinus anterior, мұрын қуысының төменгі жолынабарады. Алдыңғы таңдай нервтің негізгі тармағы үлкен таңдай тесіктен шыққан соң, қатты таңдайдың алдыңғы жағының кілегей қабығын, жартылай қызылиекті нервтейді. Ортаңғы және артқы таңдай нерв тармақтары n. palatini medius et posterior, таңдайдың ұсақ тесіктерінен шығып, жұмсақ таңдайдың кілегей қабығын нервтейді.

Үшкіл нерв жүйесінің невралгиясы
Бұл симптомкомплекс (белгілер жинағы) ішінде өте ауыр, азапты ауру. Клиникалық практикада қаталдығы, қауіптілігі, азаптылығы жөнінде үшкүл нервтің невралгиясына тең келетін белгі жоқ. Осымен қатар, бұл дерт организмдегі нервтер дертінің ішінде бірінші орын алады (Л. И. Луссен 1936) .
Үшкүл нерв неврологиясының негізі афференттік, анималдық, вегетативтік нерв тіндерінің бұзылуынан болады. Оның бұзылған жерінен қозу (ирритация) диэнцифалды аймаққа (гипоталамус) және ми қабығындағы сезіну ядросына тарап, онда қозу ошағы пайда болады. Сыртқы ауыру туғызатын күштердің салдарынан ирригатация ошағы қозады және ол бұзылған нерв жүйесіне тарайды.

Үшкіл нерв
Үшкіл нервтің екінші тармағы тек қанат-таңдай түйінімен ғана байланыс жасап қоймай, сондай-ақ, жолында көптеген нерв тармақтарын таратады. Олар мына нерв тармақтары:
1) n. zygomaticus (бетсүйек нерві)
2) rami alveolares superiores posteriores (үстіңгі-артқы альвеолалық нерв)
3) ramus alveolares superior medius (үстіңгі-ортаңғы альвеолалық нерв)
4) ramus alveolares superiores anteriores (үстіңгі-алдыңғы альвеолалық нерв)

Үшкіл нерв
ІІІ тармағы
N. mandibularis, төменгі жақсүйек нерві, аралас қызмет атқарады (сезімталдық және қозғалтқыш), Гассер түйінінің дендриттерінен және үшкіл нервтің қозғалтқыш ядросының нейроциттерінен қалыптасады.
Басқа нервтермен салыстырғанда жуан және қысқа, себебі бірден самай сүйек пирамидасының батыңқысынан, impressio trigemini, басталып, сопақ тесіктен шыққан соң самайасты шұңқырында бірнеше нерв тармақтарын береді.


Үшкіл нерв невралгиясы
Ұстамалы мазасыздандыратын аурумен көрінетін, үшкіл нервтің бір немесе бірнеше бұтақтарының иннервациялы зонасында орналасатын симптомокомплекс.

Үшкүл нервтің қабынуы (неврит)
Бұл дерттің себептері жарақаттану, нерв маңындағы тіндердің қабынуы, одонтогендік қабыну, көптеген инфекциялық дерттер, организмнің жалпы улануы және аллергиялық жағдайлар болып есептеледі.


Этиологиясы мен патогенезі.
Топикалық диагностикасының қойылуына байланысты „бет нервісінің невриті" терминінен көрі бет нервісінің салдануы (парез, паралич) деген дүрыс. Өйткені нерв жүмысының бұзылуы тек қабынуға байланысты емес, басқа этиологиялық себептерден де болады.
Неврит нерв тіндерінің бүтінділігі сақталғанда және олардың зақымдануына байланысты. Нерв тіндерінің сақталуына байланысты невриттердің себебі инфекция (грипп, ангина), қатты тоңу (мұздау), қанмен қоректенуінің бұзылуы, гипертония, атеросклероз болуы мүмкін.

Неростоматологиялық аурулардың және синдромдардың, патогенетикалық топиялық принциптеріне негізделген ЖІКТЕЛУІ (В. Ю. Курляндский, В. Е. Гречко, В. А. Карлов, 1974 г. )
1 - сезімтал нервтердің невралгиясы мен невриті кезінде беттің ауырсынуы;
2 - ганглионит кезінде беттің ауырсынуы;
3 - стомалгия;
4 - артрогенді және вертеброегенді түзілімдер кезіндегі беттің ауырсынуы;
5 - бет ауырсынуы қантамырынан дамыған;
6 - бейнеленген беттің ауырсынуы;
7 - невропсихогенді беттің ауырсынуы;
8 - одонто-, оторино- и офтальмогенды аурырсыну.


Үшкіл нерв невралгиясы симптомдары (екінші және үшінші тармағы)
Сол жақ ісінуінің нәтижесінде бет аздаған асимметриясы;
Беттің сол жағында ұстамалы ауырсыну;
сол жақ ұртының қолмен, сүлгімен, киіммен және т. б заттармен тиген кезде ұстамалы ауырсынуы, және ол 3-4 секундқа созылады;
Күйдіру сезімі бар ауыру;
Ауырсыну самайға және шүйдеге беріледі;

Үштік нерв невралгиясы кезіндегі өзгерістер
Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, СОЭ жылдамдығы, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы анықталады, ал бұл процесстің нормергиялық сипатын көрсетеді.

Барлық үшкіл нерв невралгиясының орналасуы бойынша жақ бет аймағының қабыну ауруларының ішінде 31% құрайды;
Диагноз клиникалық мәліметтер негізінде қойылған 80%;
Диагноз қою кезіндегі диагностикалық қателіктер 10-15% құрайды;
Адекватты көмек негізінен аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін көрсетіледі

Летальділік кезеңі
Дәрігердің ақпаратының аз болуы;
Емхананың техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;
Науқастың кеш келуінен емдеуді таңдайдың күрделілігі (аурудың жағымсыз болжамы туралы науқастың білмеуі) .

Ажыратпалы диагностика
Үшкіл нерв невралгиясы
(екінші және үшінші тармағы)
Одонтогенді гайморит
Ауырсыну ұстамалы, үшкіл нервтің қандай да бір бұтағының инервация зонасымен шектелген, ауырсыну нүктесі немесе аймағы анықталады, боль приступообразная, ограничена зоной иннервации одной из ветвей тройничного нерва, «курковым зонам» сәйкес бет терісінің сезімталдығы бұзылады.
Мұрынның бітелуі;
Көзасты және ұрт аймағында ауырсыну, иррадация береді;
Мұрыннан шырыш бөлінеді.

Емі. Емдеу әдістері консервативті және хирургиялық болып бөлінеді.
1. Дәрілер арқылы емдеу тәсілдерінде тырысуға қарсы (финлепсин, тегретол, стазепин), антидепресанттар, седативті препараттар, ми қан айналымын күшейтетін, спазмалитиктер, қан тамырларын ұлғайтатын, никотин қышқылы, алоэ т. б. дәрілер қолданылады.
2. Физикалық тәсілдер: Дарсонвализация, Бернар тогі, электрофорез, иглорефлексотерапия.
Консервативтік тәсілдер нәтиже бермеген жағдайда хирургиялық тәсілдер қолданылады.
1. 0, 5-1% новокаин немесе тримикаин ерітінділерін нерв шығатын тесіктерге жеткізу арқылы инъекциялық емдеу. Ол үшін 5 мл ерітінді жетісіне 2-3 рет, курсына 15-20 инъекция жасау.
2. Гемоновокаин блокадасын Жасау. Ол үшін гепаринделген 20 мл шприцпен тамырынан 10 мл қан алып оған 0, 5% новокаин ерітіндісін қосады. Осыдан кейін өткізгіштік жансыздандыру тәсілін қолданып ауырған сүйектен шығатын жеріне инъекция арқылы жеткізеді. Жетісіне 2 рет, курсына 5- 10 инъекция. Бұл әдіс өте жақсы нәтиже береді.
3. Алкоголизация. 2% новокаин ерітіндісін 80% спирт ерітіндісіне қосып ауырған нервті шығатын жерде химиялық әдіспен күйдіру. Ескерте кететін жағдай, бұл әдісте нервтің химиялық күйдірген жерінде біртіндеп фиброз тінімен қатар, нерв тіні пайда болады, сондықтан келесі жіберілген дәрілер нерв өткізгіштігіне әсер етпей ауыру қайталанады.
4. Гидротермиялық деструкция. Бұл әдісті біздің елде бірінші болып Изаков қолданды. Екі рет дистилляция жасалған ыстықтығы 95-100° суды үшкүл нервтің жалпы ядросы жатқан Меккель қойнауына, рентген сәулесі арқылы қадағалап, инъекция арқылы жібереді.
5. Қазіргі кезде нерв шығатын сүйек тесіктерін кеңейту операциясы кеңінен қолданылып келеді. Ал нерв бағанын кесу операциясын өте қажет болғанда ғана нейрохирургтер жасайды.

N. facialis (n. intermedio facialis), бет нерві - аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшықеттерді-барлық мимикалық (бет қимылы) және тіласты бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті (қозғалыс) талшықтары мен сол бұлшықеттердің рецепторларынан шығатын эфферентті (проприоцептивті) талшықтар болады. Сондай-ақ оның құрамында аралық, n. intermedius, нервке жататын дәм сезу (афферентті) және секреттік (эфферентті) да бар.

Құраушы бөліктеріне сәйкес n. facialis-тің көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс ядросы-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секреттік ядросы - nucleus salivatorius superius. Соңғы екі ядро nervus intermedius-ке жатады

Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, linea trigeminofacialis-тен шығады. Содан кейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без өзегіне canalis facialis енеді. Нерв өзекте алдвмен горизонтальды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқы қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum арқыл бассүйектен шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі (тізешік-geniculum) . Оның сезімтал (дәм сезу) бөлігі кішкене нерв түйіншесін - ganglion geniculi (тізешік түйінін) түзеді. Бет нерві foramen stylomastodeum-нен шыққаннан кейін шықшыт безі қабатына еніп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.

Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді:
1. N. petrosus major (секреттік нерві) -иін аймағынан басталып, hiatus canalis n. petrosis majoris арқылы шығады, содан кейін самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде аттас жүлгемен sulcus n. petrosi majoris жүріп, симпатикалық нервпен, n. petrosus profundus-пен бірге canalis ptergoideus-қа өтіп, ол нервпен бірге n. canalis ptergoidei түзіп, ganglion ptergopalatinum-ге жетеді. Нерв түйінде үзіледі де, оның талшықтары rami nasales posteriores пен nn. palatine құрамында мұрын мен таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады. Талшықтардың бір бөлігі n. zygomaticus құрамында, оның n. lacrimalis-пен байланысы арқылы көзжасы безіне жетеді.
2. N. stapedius (бұлшықеттік) - m. stapedius-ты нервтендіреді.
3. Chorda tympani (аралас тармақ) -бет өзегінің төменгі бөлігінде бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына өтіп, сол жерде дабыл жарғағының медиалды бетінде орналасып, содан кейін fissura petrotympanica арқылы шығады. Ол саңылаудан сыртқа шыға, төмен және алға қарай түсіп, тіл нервіне қосылады.

Дамыл шегінің сезімтал (дәм сезу) бөлігі тізешік түйінінде жатқан жасушалардың шеткі өсінділері тіл нервінің құрамында тілдің шырышты қабығына келіп, оның алдыңғы 2/3 бөлігін дәм сезу талшықтарымен жабдықтайды. Секртеттік бөлігі ganglion submandibulare-ге келіп, ондағы үзілістен кейін төменгі жақссүйекасты және тіласты сілекей бездерін секреттік талшықтарымен жабдықтайды.
Foramen stylomastoideum-нен шыққаннан кейін n. facialis мынадай бұлшықет тармақтарын береді:
1. N. auricularis posterior, m. auricularis posterior және venter posterior m. epicranii-ді нервтендіреді.
2. Ramus digastricus арқылы m. digastricus артқы құрсақасты мен m. stylohyoideus-ті нервтендіреді.
3. Беттің мимикалық бұлшықеттеріне баратын көптеген тармақтар шықшыт безінде өрім, plexus parotideus, түзеді. Бұл тармақтар безден шығып, жалпы алғанда арттан алға қарай радиарлы бағытта таралады.

Олар бетке және мойынның жоғарғы бөлігіне барып, үшкіл нервтің теріасты тармақтарымен кеңінен анастомозданады.
Ол тармақтардың ішінде мыналарды ажыратады:
a) rami temporales, олар: mm. auricularis anterior et superior, venter frontalis m. epicranius және m. orbicularis oculi-ге барады;
ә) rami zygomatici, олар: m. orbicularis oculi және m. zygomaticus-ке барады;
б) rami buccales ауыз шеңбері мен мұрын бұлшықеттеріне барады;
в) ramus marginalis mandibulae - төменгі жақсүйек жиегімен жүріп, иек және төменгі ерін бұлшықеттеріне баратын тармақ;
г) ramus colli - мойынға түсіп, теріасты бұлшықетін нервтендіреді.

Бет нервісінің сыртқы невроны зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бұлшық еттері сал болып қалады. Осыған байланысты беттің әжімдері тұтасып, көз аясы кеңіп, қабағы қозғалмай, көзі жұмылмай қалады (“қоянның көзі” тәрізді белгі), көзін жұмғанда көз алмасы жоғары қарай ауытқып, үстіңгі және төменгі кірпіктерінің арасынан көздің ағы көрініп тұрады (Белл симптомы) .

Тістерін ақситқанда ауыз зақымданған жаққа қисайып леп белгісіне ұқсайды- “шарко леп белгісі”. Екі ұртын томпайтқанда зақымдалған жақтағы ұрт томпаймайды.

Зақымдану симптомдары.
Мийяр -Гублер айқасушы синдромы.
Ми бағанында бет нервінің ядросымен қоса пирамида жолы зақымданғандықтан зақымданған жақта бет бұлшық еттері сал болып қалады да, қарама-қарсы жағында сіреспелі гемиплегия немесе гемипарез болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz