Корпоративтік нормалар
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
Министрлігі
Қазақ Инновациялық Гуманитарлық – Заң
Университеті
СӨЖ
(4-апта)
Орындаған:Әсен Еркеназ
(ЮР-909)
Тексерген:Смагулова Акмарал
Семей “2021ж”
СӨЖ №1
Тақырыбы: Корпоративтік нормалар
Негізгі сұрақтар:
1. "Корпоративтік заңнама" және "корпоративтік құқық қайнар
көздер" ұғымдарының байланысы
2. Корпоративтік құқықтың қайнар көздерінің ерекшеліктері
3. Корпорацияның ішкі документтері
Қазақстандық құқық ғылымы үшін корпоративтік
құқық ұғымы жаңа ұғым болып табылады.
«Корпоративтік құқық» түсінігінен оның реттеу
пәні болып корпорациялары құру және олардың
қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар
табылатындығын айтуға болады. Корпоративтік
құқық отандық құқық үшін жаңа болғандықтан
оның құқық саласы, ғылым саласы және оқу пәні
ретіндегі мәнін анықтау өте маңызды.
Корпоративтік құқықтың құқық саласы, ғылым саласы және оқу пәні ретіндегі
түсінігін анықтамас бұрын «корпорация» сөзінің түсінігін ашу қажет.
«Корпорация» термині американдық және европалық құқықтық жүйеде жиі
қолданылатын түсінік. Оған сәйкес, шетелдік құқық ғылымында корпорация –
заңға сәйкес тұлғалардың ұйымы ретінде құрылған заңды тұлға түсініледі. Яғни,
корпорация заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанының бір түріне
жатады.
Қазақстандық құқықта корпорация заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының бір
түрі ретінде көрсетілмеген. Отандық құқықта корпорация акционерлік қоғамдармен
теңдестіріледі. Сондықтан, Қазақстандағы корпоративтік құқық ұғымын қарастырған
кезде бұл құқық саласын акционерлік қоғамдардың қызметімен байланыстыру қажет. Өз
қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға
акционерлік қоғам деп танылады .Жалпы корпоративтік құқықты екі мағынада түсіндіруге
болады. Кең мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз – шаруашылық субьектілерін құру
және қызмет ету тәртібін реттейтін, олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құқықтық
нормалардың жиынтығы. Тар мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз – коммерциялық
ұйымның әкімшілігі немесе меншік иесі бекіткен, сол ұйымның ішкі құқықтық
қатынастарын реттеуге бағытталған ережелер жүйесін білдіреді.Бұдан корпоративтік
құқыққа келесідей анықтама беруге болады: корпоративтік құқық дегеніміз –
шаруашылық субьектілерін құру және олардың қызмет етуімен байланысты туындайтын
қоғамдық қатынастарды жеке-басқарушылық әдістер негізінде құқықтық реттеуге
бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының
мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды ,
жалпыға міндетті мағына беру.Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән , оларды
мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі
жолмен беріледі:
Құқықшығармашылық жол арқылы; 1.Санкциялау жолы арқылы ; бұл жағдайда
бұл жағдайда нормативтік мемлекеттік органдар белгілі бір түрде
құжаттарды құзіретті мемлекеттік әлеуметтік нормаларды(әдет-
органдар қабылдайды, яғни, тікелей ғұрып,корпоративтік нормалар) қолдап ,
мемлекет шығарады. оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын , құқық
нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған
ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет
қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи қалыптасқан жүріс - тұрыс
ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды орындауды өзінің
мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет – ғұрып нормаларына заңды мағына беретін
мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде
тану арқылы.
3 ) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға
міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік
шешім.
4) Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға
міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы ,
заңнамалық норма , міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда
заңгерлер әділеттілік , ар – ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына
негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6) Діни мәтіндер – бұлар , әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен , бұл Құран
мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері , өсиеттері және ақылдарының жиынтығы
түріндегі қасиетті кітап . Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz