Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі




Презентация қосу
«ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ»
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС №1

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой

Қабылдаған: Алия Бейсенова
Орындаған: Оран Н.
Жоспары:

• Кіріспе бөлім
• Негізгі бөлім
Қоғамдық және саяси қайраткерлердің, жазушылар мен ақындардың әлеуметтанулық
көзқарастары: М. Жұмабаев, М.Дулатов, С.Мұқанов, С.Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы
Бөкейханов А., Байтұрсынов А. ұлттық жаңғыру және мемлекеттілік туралы

• Қорытынды бөлім
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ХX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық
саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық
саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені
аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру
аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна»
(Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру
басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы
деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер
қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп
соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір
көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет
еді.
«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады.
Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-
дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең
құнарлы деген жерлерге иелік етті
Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты
болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа
жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни
орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа
бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П.
Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ
өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак
шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды
және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін
тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.
• Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін
берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910
жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде
орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті.
Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті.

• 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн
десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер
негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4
млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.
XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба
байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197
өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса
бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген
өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті
металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел
кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші»
акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары
Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз
кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт
Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.
Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады.
Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың
саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге
айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.

XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр
еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар
жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ
жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс
басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей
алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды.
Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­жабдықтармен қамтылмаған күйде
жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның
бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
Негізгі бөлім
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша
құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз.

Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт
ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына
әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ
қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен
мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді.
Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін
болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол түста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа
жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет
өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп
келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа
күшпен жаңғыруы.
Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын
қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз
мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін
қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі
Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ
зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын
қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш
зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих
толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық
бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау
міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала
ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының
ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» - деп көрсеткен болатын.
Тәуелсіздіктен кейінгі Алаш туралы ой-толғаулар
Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ қоғамында ұлттық идея жөнінде әңгіме басталып, ол толастар емес. Бұл заңды да. Заңды болатын
себебі, үзақ уақыт отарлық құрсауында қамалған, егемендігін енді орнықтырған, жаһандану алдында түрған халықтың есті ұрпағы ұлтын
ұйыстырар идея іздемек. Бұл жөнінде қазіргі қоғамда әрқилы көзқарастар өріс алып отырғаны мәлім. Осы орайда бұл мәселеге қатысты
көрнекті алаштанушы М.Қойгелдиевтің мына бір пікірін келтіре кеткен жөн. Ғалым былай деп жазады: «Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде
қорытындылап, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен үетанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал
Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына
күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер
үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті».
Әлбетте, Алаш қозғалысы кезеңі мен бүгінгі кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар екендігін жақсы түсінеміз. Айтпағымыз, Алаш қайраткерлері ту
еткен ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі
мәселеде Алаш зиялыларының сан-салалы мұрасынан, олардың ерш іс-қимылдарынан алар тағылым мол. Сондықтан да Алаш қозғалысына
өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманымызбен үндес өміршең көзқарастар жиынтығы ретінде бағалап, яғни бүгінгі
тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығына мөн беріп, одан өрісті өнеге, ғұмырлы ғибрат алғанымыз ләзім. Бұған мемлекеттік
деңгейде де, зиялы қауым тарапынан да ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп ойлаймыз. Сондай-ақ Алаш қозғалысының қарқынды жүруіне ерекше
еңбек сіңірген, тіпті оның дүниеге келуіне атсалысқан бірқатар тұлғалардың есімдері арагідік болмаса, өз деңгейінде айтылмай да, бағаланбай
да келе жатқанына назар аударуымыз қажет. Өйткені Алаш қозғалысы дегенде, көбінесе, біздің есімізге бірнеше белгілі қайраткерлер ғана
түседі.
Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің бір кезеңі болған Алаш қозғалысына бір ғасыр толып отыр. Ақпан
төңкерісінен кейінгі кезеңдегі қазақ зиялыларының Уақытша үкіметтің билік орындарына тартылуы, ұлттық қоғамдық - саяси ұйым –
Қазақ комитеттерінің өмірге келуі, «Алаш» партиясы мен оған оппозиция ретіндегі «Үш жүз» партиясының құрылуы, мұсылман
комитеттерінің әрекеттері, қазақ өлкесіндегі буржуазиялық және социал-демократиялық партиялар комитеттерінің қызметі біртұтас
демократиялық өзгерістердің орныға бастауының кепілі болатын. Аталмыш партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алға қойған
мақсаттары алуан түрлі болды. Алаш партиясы мен қазақ комитеттері мүшелері Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар
іріктеуде, Құрылтайға аманат мәселелерін анықтауда халық сеніміне ие болды. Сайлау жақындаған сайын олардың беделі арта түсті.
Мұсылмандық қозғалыс өкілдері де Құрылтай жиналысында жалпымұсылмандық фракция құрамында болуды ұрандап, мұсылман
қауымына ортақ мәселелерді талқыға салды. Ал, қазақ өлкесіндегі буржуазиялық және социал-демократиялық партиялар комитеттері
Орталық Ресейдегі идеяларын жергілікті жердегі қалыптасқан жағдайға қарай бейімдеуге тырысты. Бірақ, оңшыл бағыттағы партиялар
көзқарасында ұлы орыстық шовинизм басым болды. Либералдық-демократиялық бағыттағы партиялар комитеттері «Алаш» және
мұсылмандық қозғалыс өкілдерімен келісімге келуге тырысты. «Үш жүз» партиясы большевиктік позицияға ауытқуына байланысты
халық сеніміне ие бола алмады
мазмұндағы әрекетін қайталап отыр. Осы екі тарихи кезеңдегі
халқымыздың мүмкіндігі мен жағдайын өзара салыстыра зерттеу
сөзсіз үлкен практикалық маңызы бар теориялық тұжырымдарға
апармақ.
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына әзірлік қызу жүріп
жатқан кезде Петерборда большевиктер бүлік шығарыпты деген
хабар тарай бастады. Көп ұзамай олардың үкімет билігін өз
қолдарына алғандығы, астаналық газеттердің біртіндеп жабыла
бастағаны туралы да мағлұматтар келіп жетеді. Ал, өздері
жасаған төңкерісті ақтап алуға тырысқан большевиктер бүкіл
Ресей халықтарына үндеумен қайырылады. Онда: «Петроград
қаласында үкімет билігі Петроград кеңесінің әскериреволюциялық комитеті қолына көшті. Керенский үкіметі
құлатылды... жергілікті үкімет билігі жұмысшы, солдат және
шаруа депутаттары кеңестеріне беріледі» - деп жазыла келе,
халықтың бұл әрекетті қолдаған жағдайында Петроград советі
тез арада әділ соғыс бітімін ұсынып, жерді шаруаларға беріп,
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шағыратындығы тілге тиек
етіледі [
Сондай-ақ, 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Ресей империясы көлемінде орын алған саяси оқиғалар мен осы ХХ ғасырдың
соңында, яғни кеңестік империяның ыдырау кезеңінде болып өткен қозғалыстар арасында көптеген ұқсас, өзара сабақтас жайлар бар.
Бұл тарихи сюжеттерді арнайы зерттеп тану, өз ретінде бүгінгі болып жатқан түбегейлі өзгерістердің шынайы мазмұнын тура түсінуге
жол ашары хақ. Өйткені бүгінгі қоғамдық процестердің түп тамыры тарихта. ХХ ғасырдың басында мемлекеттік дербестікке
ұмтылып, қапы қалған халқымыз осы ғасырдың соңында тағы да осы мазмұндағы әрекетін қайталап отыр. Осы екі тарихи кезеңдегі
халқымыздың мүмкіндігі мен жағдайын өзара салыстыра зерттеу сөзсіз үлкен практикалық маңызы бар теориялық тұжырымдарға
апармақ.
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына әзірлік қызу жүріп жатқан кезде Петерборда большевиктер бүлік шығарыпты деген хабар тарай
бастады. Көп ұзамай олардың үкімет билігін өз қолдарына алғандығы, астаналық газеттердің біртіндеп жабыла бастағаны туралы да
мағлұматтар келіп жетеді. Ал, өздері жасаған төңкерісті ақтап алуға тырысқан большевиктер бүкіл Ресей халықтарына үндеумен
қайырылады. Онда: «Петроград қаласында үкімет билігі Петроград кеңесінің әскериреволюциялық комитеті қолына көшті. Керенский
үкіметі құлатылды... жергілікті үкімет билігі жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестеріне беріледі» - деп жазыла келе,
халықтың бұл әрекетті қолдаған жағдайында Петроград советі тез арада әділ соғыс бітімін ұсынып, жерді шаруаларға беріп,
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шағыратындығы тілге тиек етіледі [
• Бұл өзара қайшылыққа толы үндеуді талқыға салған қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси ұйымдар мен партиялар өз пікірлерін де айта

бастады. Өлкедегі жұмысшы және солдат кеңестерінің бірі «Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы таянып қалғанда үкіметті басып алу

әділетсіздік, үкімет құрылымын белгілеу тек Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы құзырында» Ә. Бөкейханов және ұлттық таным мен

руханият әлемі 5 десе, екіншісі «кеңестер үкіметін уақытша түрде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына дейін мойындай тұратындығы»

[2] жөнінде қаулылар қабылдайды.

• Павлодар қаласы мен уезіндегі үкімет және қоғамдық ұйымдардың 1917 жылғы 29-қазанда шақырылған төтенше жиналысы

«большевиктердің Уақытша үкіметті құлатып, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын кешеуілдетуін» айыптай келе, оларға қарсы енді

«сөз орнына іспен» жауап беретін уақыт таянғанын ескертеді [3]. Семей облысы Қарқаралы уезінің барлық ұйымдарынан келген

өкілдері де бас қосып, «большевиктердің үкіметті басып алуына теріс көзқарас білдіре келе, Уақытша үкіметке толық сенім

білдіретіндігін» жария етеді [4]. Большевиктердің шұғыл түрде үкіметті басып алуы жөнінде өз пікірін білдіргісі келген «Туркестанские

ведомости» газеті: «Олардың бұл асығуы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысымен байланысты еді. Себебі, Бүкілресейлік Құрылтай

жиналысы сайлауында көпшіліктің большевиктерді қолдамайтындығы туралы ащы шындықты басқалардан гөрі өздері ерекше сезінді»,

- деп түсіндіреді
Әдебиеттер тізімі:
1. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. — Алматы: " Атамекен" , 1995. 340 бет.
2. Өскембаев Қ.С., Мусина А.Н. және т.б. Қазақстан тарихы. — Алматы: " Мектеп" , 2011. 13–14 бб..
3. Қозыбаев М.. Қазақстан тарихы. — Алматы: " Мектеп" , 1997. III басылым, 240 бет.
4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. — Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1997. 403 бет.
5. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.4—том. — Алматы: " Атамұра" , 2010.

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық идея
Саяси түсіндірме сөздік
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т. б. )
Қазақстанда ұлт - азаттық сананың өсуі
Алматы лагері
Қазақ ұлттық зиялылары
Алаш қозғалысы және ІІ жалпықазақ съезі
Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 жыл
Алаш партиясынын бағдарламасы
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау жайлы
Пәндер