Афтершоктар негізгі дүмпуден соң




Презентация қосу
Жер сілкінісі

Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген
сөз зілзала араб.:‫زلزا ل‬, ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен
Жердің беткі қыртысының тербелуі.Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді.
Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық
құбылыстар деп атайды.
Пайда болу тегіне қарайӨңдеуЖерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып
бөлінеді.Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.Денудациялық
жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары
мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.Тектоникалық
жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт
бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты
болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым
қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен
ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар
түрінде жан-жаққа таралады.Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарайӨңдеуЖерсілкіну Жер
қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),орташа немесе
қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып
жіктеледі.Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20
км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта 10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты
жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600
— 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады.
Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.Жерсілкіну
ұзақтығыӨңдеуЖерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады.
Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады.
Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал
дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4
жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу
болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 – 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы,
Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гобь Алтайында — 1×1024 эрг,

Чилиде — 1×1024 эрг, Ташкентте — 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4×1024 эрг .
Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері Сейсмограф Жерсілкіну үлкен апаттарға
әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды
мәселе.Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2
апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті
жерсілкіну болады.Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған
сейсмикалық стансаларда зерттеледі.Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу
алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын
аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.Осының негізінде сейсмикалық
аудандау жүзеге асырылады.Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып,
басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс
және шығыс жағаларын айнала орналасқан.Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі,
Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су
асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс
шеттері, Алеут , Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб , т.б.
теңіздер) кіреді.Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы
орналасқан.Жерорта теңіздік белдеу — Еуразияның оңтүстік арқылы,
батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады.Бұл
белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан.Жерсілкіну ошақтарының
белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму
ерекшеліктеріне байланысты.Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату
әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12
балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол
басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын
болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін
тапқан жоқ.Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен,
олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші
аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші
бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында
болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз,
ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан
және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.Егер сіз
көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр
сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.Егер сіз автомобильде
болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.Есте сақтаңыз:
жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады.
Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар: • ғимараттың
жекелеген бөліктерінің сынуы; • сынған шынылардың құлауы; • үзілген электр сымдары;
• пәтердегі ауыр заттардың құлауы; • өрт;Жер сілкінісінен кейін:Қажет жандарға медициналық
көмек көрсетіңіз.Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды
талап етпесе.Радиоқабылдағышты қосыңыз.Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және
энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.Ашық отты пайдаланбаңыз.Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған
ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін
тыңдаңыз.Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын
болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат
табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер
сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.Крэш-синдром деп аталатын
ұзақ уақыттағы жанжу синдромы - ең қауіпті жарақаттардың бірі. Ауыр заттардың: құырылыс
жиынтықтарының сынықтары, сынған ағаштардың діңгектері, массивті жиһаз бен сол тектес заттардың
адамның қолы немесе аяғына ұзақ уақыт бойы жаншуы кезінде - аяқ-қолдардағы қан айналымы тоқтап
қалады. Бұл адам ағзасындағы зат алмасуының бұзылуына әкеледі. Крэш-синдромның салдары
ампутациямен көп жағдайда байланысты.Зардап шеккен адамда ұзақ уақыттағы жаншу синдромы бар
екенін анықтаған уақытта, зардап шеккенді қарап шығыңыз; ауруды басатын дәрмек беріңіз; жаншылған
жерінен жоғары бұрау қойыңыз; кеңістікті босатып алып, оны жылытыңыз. Есте сақтаңыз, бір минутты да
жоғалтпау керек. Адамды ауруханаға дереу жеткізіңіз.
Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажетТерең демалыңыз, дағбырға бой
алдырмаңыз, ең маңыздысына ойыңызды жинақтаңыз, кез-келген жолмен тірі
қалуға тырысыңыз, көмектің міндетті түрде келетініне сеніңіз. Мүмкіндігінше
өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Болған жағдайға икемделуге
тырысыңыз және жан-жағыңызға қараңыз, мүмкін жолын іздестіріңіз. Сіз қайда
екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз: тыңдаңыз,
дыбыс білдіріңіз. Адам энергиясын бекерге шығындамаған жағдайда шөл мен
аштыққа ұзақ уақыт бойы шыдауы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Қалтаңыздан
немесе жақын арадан жарық немесе дыбыс сигналдарын беруші (мысалы, қалта
шамы, айна, сонымен қатар құбырды немесе қабырғаны ұруға мүмкіндік беретін
металл заттар, сол арқылы назар аудару) заттарды іздестіріп көріңіз. Егер жалғыз
шығу жолы болып тар тесік табылса - сол арқылы өтіңіз. Ол үшін
бұлшықеттеріңізді босаңсытыңыз және шынтағыңызды денеңізге бүркеп
қимылдаңыз.

Ұқсас жұмыстар
ЖЕР СІЛКІНІСІ ТУРАЛЫ
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай
ЖЕР ЖӘНЕ ТЕҢІЗ СІЛКІНУІ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ӨЗГЕРІСІ
Этнос әлеуметтік жүйе ретінде
Эндогендік процестер
Бокс-Уилсон әдісі туралы
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Жай ұнтақтар технологиясы
ДЖИМ УОЛТОН
Пәндер