Жүзімді көбейтудің биологиялық негіздері


Slide 1

Орындаған: Жұмағұл А.

Тобы: ПВ-309

Қабылдаған: Мажитова Р.

Тақырыбы: Жүзімді көбейтудің биологиялық негіздері. Аналықтарды ұйымдастыру және отырғызу материалдардың сапасына қойылатын талаптар.

Slide 2

Жүзім дақылдарын табиғи жағдайда тұқым арқылы және вегетативті түрмен көбейеді. Тұқым арқылы көбейту негізінен жаңа будан (гибрид) және келешекте олардан іріктеп сорт шығару үшін қолданады (негізінен селекцияда телітуші үшін) . Мәдени сортты көбейту үшін бұл тәсіл қолданбайды, себебі өсімдіктерде тұқымдық өзгерістер болады, алынған себінділерде бір тектік, сорттық қасиеттер сақталмайды, өйткені тұқымнан алынған өсімдік будан болады. Сонымен қатар себінділер өнімді кеш береді (4-8 жылы), олар онтогенезднгі ювенильный - жастық кезеңде болады, сол себептен кеш береді. Бірақта жоғарыда айтылғандай селекция үшін пайдаланады, сонымен қатар бұл тәсіл жүзімнің жабайы түрлерінің сақталуында және де басқа аймақта өсуіне себебі мол (алынған өнімнің сапасы, өнімділігін айту керек) .

Slide 3

Осындай жағдайларға байланысты мәдени жүзім дақылдарының сорттары негізінен вегетативті тәсіл арқылы көбейтеді. Вегетативті тәсілдермен көбейткенде жүзім сорттарының барлық қасиеттері (өнімділік, сапа, органикалық заттардың құрамы, т. б. ) сақталады. Кейбір жағдайларда клонды пайда болуы мүмкінғ бірақта оларды сорт үшін пайдалы немесе зиянды жақтары кездеседі. Вегетативті тәсіл арқылы жүзімнің сорттарын көбейту негізінен жүзімнің биологиялық ерекшеліктерінің басымы регенерацияға байланысты - ол өсімдіктің жоғалтқан мүшелерін, қайтадан қалпына келтіру немесе өсімдіктің әр мүшеден қалпына келуі, мүшенің бөлігінен қайталанылатын жағдай.

Slide 4

Вегетативті тәсіл арқылы жүзім сорттарын көбейтудің бір ерекшелігі, алынған тікпе көшеттер 2-3-ші жылдары өнім береді

Бұл тәсіл арқылы жүзімді көбейткенде келесі жағдайлардың маңызы зор.

Сорттардың тамырлану және өну жағдайы, қабылеті.

Тамырланып, өніп-өсіп болғанша сыртқы қоршаған ортаға шыдамдылығы, толығымен өсіп жетілгенше.

Жақсы өскін (өркен-шыбық) бере алатын алынған шыбықта көзшенің - бүршіктің барлығы.

Slide 5 Slide 6

Сүректелген қалемше арқылы көбейту. Сүректелген қалемше арқылы көбейткенде күзде немесе ерте көктемде жүзім аналықтарынан бір жылдық піскен сабақтан (шыбықтан), сүректелген қалемше дайындалады, оларда 1-2 немесе 4-5 көзшелер болғаны жөн. Оларды күзде немесе көктемде арнаулы жерге (жеттіктіргішке) отырғызады да жақсы дамыған сабақтары, тамыр жүйелері бар 1-2 жылдық тікпе көшеттер алады. Осындай тікпе көшеттермен жүзімдіктер, немесе арнаулы аналықтар құрады. Аналықтардан апробация өткеннен кейін сүректелген немесе жасыл қалемшелер дайын- далады.

Slide 7

Жасыл қалемше арқылы көбейту. Жасыл қалемше арқылы көбейту жазғы айларда бір жылдық өскіндер - шыбықтардан өсіріледі, жүзімнің тіршілік кезеңінде орындалады. Бұл тәсілмен көбейту үшін, жасыл шыбықтарды пайдаланады. Жүзім түптері гүлдеген кезде сабақтардың үдемелі өсу кезеңінде, жоғары ұшынан дайындайды, дайындалған жасыл сабақтар бір-екі жапырақшаларымен кесіп, қажетті болсы жапырақ тақталарын жартылай, бас жүйкелеріне көлденең қияды себебі жүзімнің жапырақтары ірі, аумақты келеді, олардың булану процестері мол.

Slide 8

Сұлатпа сабақтар арқылы көбейту. Жүзім сабақтарының аналық түптерден піскен біржылдық сабақтардың бөлінбей тұрып тамырлануы. Бұл тәсіл негізінен өз тамырындағы өсірілген жүзімдіктерде қолданады. Негізгі мақсат өз тамырындағы жүзімдіктен бір жылдың ішінде жақсы тамыры және де сырт мүшелері дамыған көшет алу. Сондай-ақ, сүректелген қалемшелері жақсы өнбейтін сорттарды көбейту үшін қолданады. Және де жүзім планта- циясын (1-3 жылдық) қайта жөндеу үшін қолданады. Жүзімнің жылдық сабақтары аналық түптен бөлінбей тұрып тамырланады

Slide 9

Ұластыру арқылы көбейту. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты филоксе- рамен зақымданған аймақтарда жүзім дақылын өсіру үшін қолданады (Аме- рика, Еуропа, Украина, Молдавия, Россия) . Филоксерамен зақымданбайтын телітушілерге жүзім сорттарын ұластыру арқылы көшет алады. Ұластыру тәсілі жеміс дақылдарын көбейту сияқты. Бұл тәсіл қиындау, қымбат, көп қаражатты қажет етеді. Қазақстанда, Орталық Азия мемлекеттерінде қолдан- байды.

Көбейтудің тәсілі ретінде ұластыру дегеніміз көбейтілетін сорттың (телінуші) піскен сабағының бөлігін басқа өсімдікке (телітуші) өзара бірік- тіру үшін бір-бірімен ұластырады. Бұл жұмыс арнаулы жүзім шаруашы- лығының бір бөлімі - жеттіктіргіште орындалады.

Slide 10

Жабық тамыр жүйесі арқылы көбейту. Белгіленген аналықтан күзде, көктемде шыбықтар дайындалып арнаулы жылы жай немесе жеттіктір-гіштерге отырғызады. Отырғызу үшін шыбықтарды, арнаулы қапшықтарға іші құнарлы топы-рақпен толтырып отырғызады. Отырғызу орны жылы жай, ылғалдылығы: 65- 85%, t - 20-250С.

Slide 11

In Vitro арқылы көбейту. Бұл тәсіл негізінен қиын, күрделі. Бұл тәсіл арқылы көбейтуде алды-мен арнаулы барлық қажетті жаб-дықтарымен өте таза лабораторияқажет. Бірақта болашағы мол. Қазіргі кезде ауыл шаруашы-лығында көптеген өсімдіктер, малдар осы In vitro арқылы көбейтіледі. Негізінен бұл тәсіл өсімдіктердің меристемасы арқылы көбейтіледі

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
ВЕГЕТАТИВТІ КӨЮЕЙТУ ТӘСІЛДЕРІ
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар жайлы
Биологиялық препарат түрлері
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар
Биопрепараттар мен диагностикумдардың жіктелуі
Жүзім шаруашылығы
Орталықазиялық кептіру әдісі
Кептірілген жемістер мен қауын
Ашық сабақ
Биологиялық препараттар, биопрепараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz