Табиғи ресурстар мониторингі




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Факультет: Инженерлік- технологиялық
Кафедра: «Химиялық технологиялар және экология»

Семинар
Тақырыбы : «Қайта қалпына келетін
табиғи-шаруашылық мониторинг»

Орындаған: Маратбек А.С.
Тобы: Эл- 801
Тексерген:Мурзалимова А.К.
Семей 2021ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Табиғи ресурстар мониторингі
2.2 Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды
пайдалану
2.3 Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету
проблемасы.
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық
игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Адамдар
ерте заманнан табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып келеді.
Кесілген ағаш орнына бірнеше жылдан соң басқа ағаш өсіп, ауланған балық
орнын уылдырықтан өскен басқа балықтар толтырып, лайланған сулар өзен,
көл, теңіз суларымен араласыптазарып жататын.
Адамдардан келген залалды табиғат өз күшімен жойып, біртіндеп
қалпына келетін. Қазір жағдай мүлдем өзгерді. Ғылым мен техника
жетістіктерімен қаруланған адамдар үлкен күшке айналды. Оның үстіне
адамдардың саны көбейіп, табиғат байлықтарын пайдалану да бірнеше есе
өсті.
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар
атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар,
энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу
ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.
Табиғат ресурстары 4 топқа бөлінеді:
1. Сарқылатын:
А) қалпына келетін;
Ә) салыстырмалы қалпына келетін;
Б) қалпына келмейтін;
2. Сарқылмайтын;
3. Басқа ресурстармен алмастыруға болатын (мысалы, металдарды
пластмассалармен);
4. Алмастыруға болмайтын (мысалы, су, атмосфера).
Табиғи ресурстар мониторингi

Табиғи ресурстар мониторингi мынадай түрлердi қамтиды:
- жер мониторингi;
- су объектiлерi және оларды пайдалану мониторингi;
- жер қойнауы мониторингi;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингi;
- таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингi;
- орман мониторингi;
- жануарлар дүниесi мониторингi;
- өсiмдiктер дүниесi мониторингi.
2. Табиғи ресурстар мониторингiн Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiне сәйкес арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге
асырады.
3. Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды
бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын
алу және жою жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жер қорының
сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік
байқаулар, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін
пайдалана отырып жүргізілген байқаулар жүйесін білдіреді.

4. Су объектiлерi мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау,
олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-
шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн
айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің
гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-
химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және
токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған
ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді ғарыштан
қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді.
5. Пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы
анықтау, теріс процестер салдарларын бағалау, олардың алдын алу
және жою
үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан
қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін
білдіреді.
Жер қойнауы мониторингінің деректері Жер қойнауының мемлекеттік
кадастрында жинақталады.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi - табиғи
процестердiң қалыпты өтуi мен қоршаған ортаның жай-күйiндегi
өзгерiстердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық
жүйелерiне әсерiн зерттеу үшiн бақылау жасау жүйесi. Ерекше
қорғалатын
табиғи аумақтар мониторингiнiң деректерi Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың мемлекеттiк кадастрында қорытылады.
7. Таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингi –
шөлейттену мен
оның зардаптарына және таулы экожүйелердiң жай-күйiне
бақылау жасау.
8. Орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану
және
орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен
экологиялық
функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару
мақсатында орман
қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау,
оның ішінде
Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана
отырып байқау,бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi. Орман
9. Жануарлар дүниесiнiң мониторингi жануарлар дүниесiн
қорғау,
молықтыру мен пайдалану және биологиялық
әралуандықты сақтау
саласындағы мемлекеттiк басқару мақсатында жануарлар
дүниесi
объектiлерiнiң жай-күйi мен динамикасын бақылау,
бағалау және болжау
жүйесi болып табылады. Жануарлар дүниесi
мониторингiнiң деректерi
Жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрында
қорытылады.
10. Өсiмдiктер дүниесiнiң мониторингi өсiмдiктер дүниесiн
зерттеу,
қорғау, молықтыру және тұрақты пайдалану мақсатында
олардың объектiлерi
жай-күйiнiң бағалануын бақылау жүйесiн бiлдiредi.
Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану қоршаған ортаның ластануы типіне
байланысты болып келеді. Ластану әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);
пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспортттық және т.б.; ә) нүктелік
(өнеркәсіп орнынынң құбыры), обьектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе),
трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам
бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының
ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар, мен элементер), физикалық (радиоактивті,
радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық
(микробиологиялық және т.б.);
әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәіп орындарының қалдықтары), екінші
ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және
басқа инертті газдар), тұрақты 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз ( су буы, көміртегі
тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
Кез-келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,
улылығына, және тұрақтылық дәрежесіне қарай.
Қазақстан табиғат ресурстарының басты
ерекшеліктері
көлемі алуан түрлі, кешенді таралған,
жоғары сапалы.
елдің қажеттіліктерін өтейді, экспорттық
әлеуеті мол.
қаржылық түсімдердің негізгі көзі.
ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған.
Қорытынды
Табиғатты қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу,қайта
түлету,сол сияқты бүліну,ластану жолдарына қарсы бағытталған халық аралық,мемлекеттік жəне қоғамдық
ауқымдағы іс шаралар жатады. Табиғатты қорғаудың негізгі мақсаты оның байлығын тиімді пайдалана отырып,
болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу.Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет. Адам мен
табиғат арасындағы қарым- қатынас мəңгілікті жəне сонымен қатар тұтас күрделі
мəселе. Халықтың өмірлік əрекетіне, əсіресе денсаулығы мен өсіп өнуіне тікелей немесе
əлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары
мен олардың жинақтығы атмосфералық ауа, табиғи сулар,топырақ жамылғысы,
геологиялық құрылым, өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылыстар
мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат
өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Адам күрделі «Табиғат-қоғам» жүйесінің бір бөлігіне жатады.Қоғамның материалдық,
мəдени тағыда басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе
болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи
құбылыстары табиғи рессурстар деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ,
кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар əлемі, жер
қабатындағы жылу энергиясы т.б. жатады.
Пайданылған әдебиеттер
1. Чигаркин А.В. Введение прикладную
экологиию. Уч.пособ. Алматы. 2002.
2. Чигаркин А.В Геоэкология и охрана
природы Казахстана уч.пособ.-Алматы
2003.
3. .Карлович К.А Геоэкология учебник для
вуза М.:2005.
4.Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. Алматы.
2012ж.
5.1.4 Джусупова Д.Б. Экологиялық
биотехнология. Алматы.2013ж
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Орман мониторингі
Санитарлы экологиялық мониторинг
СУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ
Жобаның құнын басқару
Экологиялық мониторинг
Антропогендік əсер тигізетін көздерді бақылау
Антропогендік əсер факторларын бақылау
ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Жерге орналастыру
Ақпараттық - аналитикалық жүйенің компоненттері және құрылымы
Пәндер