Шаруалар көтерілістері


Slide 1

1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір

Slide 2

Жоспар

I. Қасіретті жылдар.

1931-1933 жылдардағы аштық.

Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы. Шаруалар көтерілістері.

II. Жазалау шаралары.

Қазақстанда лагерьлер жүйесі.

Зиялы қауымды жаппай қудалау.

III. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның мәдениеті.

1. Ағарту ісі.

Slide 3

Қамтыған уақыттары

Мақсаты

Нәтижесі

Кемшіліктері

Жаңа экономикалық саясат

1921-1925

РКП(б) -ның Х съезі

Елді азамат соғысынан кейінгі бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін ауыл шаруашылығын жетілдіру

Ақша тұрақтанды. Ауыл шаруашылығында табыстарға жетті. Сауда дамыды. Өнеркәсіпті қалпына келтірді.

Ауыр өнеркәсіп нашар дамыды. Одақтық маңыздағы экономика қалыптасты. Басқарудың әміршілдік әдісі енгізілді.

Қазақстандағы индустрияландыру

1926-1941

Ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру.

Қазақстан Одақ бойынша өндірістің жалпы өнімінің көлемі жөнінен 7-ші, электр қуатын өндіруде 6-шы, тас көмір және мұнай өндіруде 3-ші, қорғасын өндіруде 1-ші орынға шықты.

Ауылдағы өндірістік күштердің күйреуі. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты. Кәсіби мамандардың басқа аймақтардан келуі

Қазақстандағы ауыл шаруашылыған ұжымдастыру

1927ж желтоқсанда БК(б) П ХV съезі

1929-1938

Халықты күштеп ұжымдастыру, Ұжымдық шаруашылық- тың әр түрлі типтерін енгізу.

Аштықтан 2 млн 100 мың қазақ қырылды.

Ауыл шаруашылығының құлдырауы. Жеке шаруаны жою. Шаруалар көтерілістері. Халықтың жаппай қоныс аударуы.

Slide 4

1931-1933 жылдардағы аштық.

1929-1930 жылдардың қысында жұт болды. 1931 жылы көктемде Алматыға жер-жерден аштық жөнінде мәліметтер келіп түсе бастады. Алайда өкмет оларды жоққа шығарып, әкімшілік қысымды қатайтты.

Аштық пен қуғын- сүргіннің қысымымен қазақтар бүкіл ауыл болып шектес облыстарға, республикаларға көше бастады.

Бірнеше жүз мың қазақ Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғаныстанға қоныс аударды.

1931-1933 жылдары аштықтан, суықтан, аурулардан 2, 1 млн-дай қазақтар мен 200-250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты.

Slide 5

Шаруалар көтерілістері.

Slide 6

Көтеріліс болған уақыты

Көтеріліс қамтыған аумақ

Көтерілістің барысы

Нәтижесі

1929 жылы 27 қыркүйек

Сырдария округі, Бостандық ауданы.

Көтеріліс бүкіл ауданға тез тарап, 500-ге тарта мүшелері бар көтерілісшілер отряды құрылды. Оларға Қырғызстандағы көтерілісшілер отряды қосылды.

Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. 70-тен астамы өліп, көпшілігі тұтқынға түсті.

1929 жылы күзде

Қостанай округінде

1 қарашада басталып, Батпаққара ауданының орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін талқандады, түрмедегі-лерді босатты. Қысқа мерзім ішінде 500-ге жуық отряд жиналғаны-мен он көтерілісшінің біреуін-де ғана ату құралы болды.

ОГПУ-дің қарулы отрядтары көтерілісшілерді талқандап, көтеріліс басып жанышталды. 200-дей адам тұтқындалды.

1930 жылы 12 ақпан

Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында

Ірі бой көтеру болды. Көтеріліске 5000-дай адам қатысты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл оқиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталады. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен 225 адамнан тұратын әскери топ жіберілді.

Көтеріліс сол жылы көктемде талқандалды. Көтеріліске қатысқандарды қуғындау 1938 жылға дейін жалғасты.

Slide 7

Көтеріліс болған уақыты

Көтеріліс қамтыған аумақ

Көтерілістің барысы

Нәтижесі

1930 жыл 27 наурыз

Жетісудағы Ақсу ауданында

200 көтерілісші Абакумовканы басып алды. Оларға Кеңес өкіметінің саясатына наразы жергілікті халықтың бір бөлігі қосылды. Келесі күні 40 адамдық қарулы отряд құрған Арасан елді мекенінің тұрғындары көтерілісшілер жағына өтті. Орыстардан 40 адамнан тұратын көтерілісші-лердің жеке отряды құрылды. .

ОГПУ отрядымен алғашқы шайқас 28 наурыз күні өтті. ОГПУ отряды жеңіліске ұшырады. Бірнеше күннен кейін арнайы жіберілген қызыл гвардияшылар отряды көтерілісші-лерді Лепсі түбінде талқандады.

1930 жыл наурыз

Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда

Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс болды. Көтеріліс басталған-нан партизан соғысының сипатында болып, жазалау-шылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік берме-ді. Халық қозғалысын басу үшін 8 атты әскер дивизиясы, ОГПУ отрядтары, милиция, комунистік отрядтар жіберілді. Өкімет қарусыз сарбаздарға қарсы 700 қылыш, 30 пулемет, зеңбірек, ұшақ, бронды техниканы пайдаланды. Сондада көтерілісшілерді талқандай алмады.

Сәуірдің соңында бейбіт келіссөздер басталды. Көтерілісшілер мынандай талаптар ұсынды: Заңсыз тәркі-ленген малды қайтару Ұждан бостандығы; мешіттерді қайтару және дінге сенушілер-дің істеріне өкіметтің араласпауы. Тәркілеуге тиым сала-тын декрет жариялау; күштеп ұжымдасты-руды тоқтату; салық мөлшерін малдың санына қарай белгі-леу; малшылардан астық салығын алуды тоқтату. Өкімет орындауға уәде берді, бірақ уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң тұтқындай бастады.

1931 жылы көктем- жазда

Маңғыстауда

Табын мен адай руларының қазақтары ұжымдастырудан қашып Түркіменстанға, Қарақалпақстанға жаппай көше бастады. Қазақтарды тоқтату қарулы көтеріліске әкеп соқты. Маңғыстау облысының көтеріліс көлемінің артуына алаңдаған Голощекин Мәскеуден көмек сұрады. Маңғыстауға Әзербайжан ОГПУ-нің күштерімоторлы және механикаландырылған күштер жіберді

Екі айдың ішінде адайлықтар мен табындардың негізгі күштері талқандалып, ұйымдастырушылары сотқа тартылды. ОГПУ жендеттерінен қашып шыққандар Түркіменстан арқылы Иран мен Ауғаныстанға қоныс аударды.

Slide 8

Шаруалар көтерілісі

ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адамнан тұратын 31 көтерілісшілер отряды болды.

1930-1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға, 1932-1933 жылдары 3, 2 мың адамға жеткен.

Голощекиннің Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағында 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылады. Республикада 80 мыңдай адам қатысқан шаруалардың 400 -дей бой көрсетулері болып өтті. 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін сотталып, ГУлаг лагерлеріне қамалды, олардың 883-і атылды.

Slide 9

Қазақстанда лагерьлер жүйесі.

Slide 10

Қазақстанда лагерьлер жүйесі.

Степлаг - Далалық лагерь.

Қарлаг - ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.


Ұқсас жұмыстар
Қасіретті жылдар
Қазақстанда ұжымдастыру саясаты
Қызғыш құс
ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру
Қазақстан Қазан төнкерсі мен Кеңес мемлектінің орнауы
Қытай халық республикасы
1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі
Ұлыстардың құрылуы
Тәуелсіздік күні арқыны зымыран
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz