ІШІНАРА БАҚЫЛАУ АГЫБАЕВА ЛИНАРА



ІШІНАРА БАҚЫЛАУ
Агыбаева Линара

Жоспар:
Ішінара бақылаудың теориялық негіздері
Ішінара бақылау қатесі
Ішінара жиынтықты құру тәсілдері
Қорытынды

Ішінара бақылау деп жиынтықтың белгілі бір бөлігін зерттеуді айтады.
Ішінара бақылау - жартылай бақылаудың бір түрі. Ішінара бақылау жүргізгенде зерттелетін жиынтықтың азғантай ғана бөлігі (әдетте 5 -10%-ға дейін) бақыланады.

Ішінара бақылау теориясының қалыптасуына, дамуына орыс математиктері П. Л. Чебышев, А. М. Ляпунов, А. А. Марковтың, сол сияқты швейцар математигі Я. Бернуллидің қосқан үлесі ерекше. Қазіргі кезде ішінара бақылау тәжірибе жүзінде кеңінен қолданылады. Мысалы, шығарылған ӛнімнің сапасын тексеру, үй шаруашылығының бюджетін зерттеу, белгілі бір тауар түріне халықтың сұранысын анықтау үшін ішінара бақылау жүргізіледі.

Ішінара бақылаудың көптеген артықшылықтары бар, атап айтқанда:
ішінара бақылау зерттеуді мұқият ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
алғашқы ақпаратты қысқа мерзімде жинауға болады;
бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді өңдеуге жұмсалатын уақыт қысқарады;
материалдық-техникалық ресурстар (кеңсе тауарлары, оргтехника, т. б) үнемделеді;
зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріне қатысатын еңбек ресурстары үнемделеді;
мәліметтерді жинау және ӛңдеуге жұмсалатын қаржы үнемделеді.

Ішінара бақылау әдісін қолданғанда 2 түрлі жиынтық қарастырылады:
Негізгі (бас) жиынтық деп ішінара бақылауға қажетті бірліктерді іріктеп алатын бастапқы жиынтықты айтады.
Ішінара жиынтық немесе іріктеу жиынтығы деп негізгі жиынтықтың бақылауға алынған бөлігін айтады.

Ішінара бақылау әдісімен әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
ішінара бақылау әдісін қолданудың зерттеу жұмысының міндеттеріне лайықты екенін дәлелдеу;
статистикалық зерттеуді ішінара бақылау әдісімен жүргізудің бағдарламасын құру;
алғашқы мәліметтерді жинау, өңдеу мәселелерін шешу;
негізгі жиынтықтан ішінара бақылауға алынатын бірліктер үлесін анықтау;
ішінара жиынтыққа бірліктерді іріктеп алу тәсілін анықтау және оның дұрыстығын дәлелдеу;
негізгі жиынтықтан бірліктерді іріктеп алу;
іріктеліп алынған бірліктердің зерттеу белгілерін есепке алу;
жиналған мәліметтерді өңдеу, қорытындылаушы кӛрсеткіштерді анықтау;
ішінара бақылаудың қатесін анықтау;
ішінара бақылаудың қорытындылаушы көрсеткіштері арқылы негізгі жиынтықты сипаттау;
ішінара бақылау нәтижесі негізінде ұсыныстар жасау.

Ішінара бақылауда мынадай белгілеулер қолданылады:
N - негізгі жиынтық бірліктерінің саны;
n - ішінара жиынтық бірліктерінің саны;
x - негізгі жиынтықтың орташасы;
x ~ - ішінара жиынтықтың орташасы;
M - негізгі жиынтықтағы зерттеу белгісі бар бірліктер саны;
m - ішінара жиынтықтағы зерттеу белгісі бар бірліктер саны;
p - негізгі жиынтықтағы зерттеу белгісі бар бірліктер үлесі;
w- ішінара жиынтықтағы зерттеу белгісі бар бірліктер үлесі.


Негізгі жиынтықтан ішінара жиынтыққа бірліктерді алу тәсіліне байланысты ішінара бақылау мынадай екі түрге бөлінеді:

Егер бір рет бақылауға алынған бірлік негізгі жиынтыққа қайтадан түсетін болса, ондай бақылауды қайталанатын бақылау дейді. Мұндай жағдайда негізгі жиынтықтағы бірліктер саны тұрақты болады, сондықтан жиынтықтағы барлық бірліктер үшін іріктеуге түсу ықтималдылығы да іріктеу барысында өзгермейді. Қайталанатын бақылауға мысал ретінде маркетинг саласындағы әр түрлі зерттеулерді келтіруге болады. Мысалы белгілі бір дүкендегі тауар сұранысын зерттеу барысында бір сатып алушы бақылауға бірнеше рет қатысуы мүмкін.
Ал іріктеп алынған бірлік негізгі жиынтыққа қайта түспейтін бақылауды қайталанбайтын бақылау дейді. Мұндай бақылауды негізгі жиынтықтың кӛлемі белгілі болған жағдайда жүргізген орынды. Бақылаудың осы екі түрінің нәтижесін салыстыратын болсақ, әдетте қайталанбайтын бақылау дәлдігі жоғарырақ болады.

Репрезентативті іріктеу деп ішінара жиынтықтың қасиеттері мен құрылымы негізгі жиынтықтың қасиеттері мен құрылымына сәйкес келетін іріктеуді айтады. Іріктеу репрезентативті болу үшін негізгі жиынтықтан бірліктерді кездейсоқтық қағидасы бойынша таңдау қажет.

Ішінара бақылау қатесі
Ішінара бақылау жүргізгенде жиынтықтың барлық бірліктері қамтылмайтындықтан және вариациялық белгілер қарастырылатындықтан ішінара бақылаудың қорытынды кӛрсеткіштері негізгі жиынтықтың қорытынды көрсеткіштерімен бірдей болмайды. Негізгі жиынтық пен ішінара жиынтықтың қорытынды көрсеткіштерінің айырмасын бақылау қатесі дейді.

Бақылау қатесінің мөлшері неғұрлым үлкен болса, ол ішінара жиынтықтың қорытынды кӛрсеткіштері негізгі жиынтық кӛрсеткіштерінен соғұрлым алшақтайтынын көрсетеді. Ішінара бақылауға репрезентативті қате тән. Іріктеліп, бақылауға алынған жиынтық бөлігіндегі зерттелетін белгі мәнінің негізгі жиынтықтағы оның нақты мәнінен ауытқуын репрезентативті қате дейді.
Репрезентативті қатені жүйелі және кездейсоқ қате деп екіге бөледі. Жүйелі қате бақылауға алынатын бірліктерді іріктеу барысында кездейсоқтық қағидасын сақтамау салдарынан болады.


Ішінара жиынтықты қандай тәсілмен құру керектігі негізгі жиынтықтың құрамы мен құрылымының ерекшелігіне байланысты болады. Тәжірибе жүзінде ішінара жиынтықты құрудың мынадай тәсілдері кең тараған:
Кездейсоқ іріктеу жүргізілгенде жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігі бақылауға алынады.
Механикалық іріктеу тәсілін пайдаланғанда негізгі жиынтықтан бірліктерді іріктеп алу үшін белгілі бір интервал қолданылады.
Типтік іріктеуде жиынтық алдымен типтік белгілер бойынша топтарға бөлінеді. Мұндай топтарды страталар деп атайды, сондықтан типтік іріктеу стратифицияланған іріктеу деп те аталуы мүмкін.
Сериялы іріктеу жүргізгенде негізгі жиынтықтан белгілі бір топтар, сериялар іріктеліп алынады, содан кейін осы топтардың, сериялардың барлық бірліктері бақыланады.

Құрама іріктеу іріктеудің бірнеше түрін қатар қолдануды білдіреді.
Іріктеуді бір сатылы және көп сатылы деп бөледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz