ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ БОЛМЫСТЫҢ ЖАНА



ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ БОЛМЫСТЫҢ ЖАНА СТРАТЕГИЯСЫ
3-топ

Постмодернизм бағыты болмыстың жаңа ережесін дайындау категориялық тіл мен интеллектуалдық әрекеттің жаңа стратегиясын қалыптастырудағы негізгі міндеттер деп санады.
Олар классикалық философияның негізгі жағдайларын сынаудан бастап, идеалдар мен құндылықтар иереархиясының абсолюттігін қамтамасыз ететін тұрақтылықтың абсолютті кепілі ретіндегі ақыл-ойдың билігін сынаумен жалғастырды.

Әлемге деген постмодернистік көзқарас антропоцентризм, еуропоцентризм, логоцентризм, этноцентризм сынды көптеген центризмдерді орнату арқылы еуропалық әлемнің болмыс стратегиясының жарамсыздығын дәлелдеді.
Постмодерн тұрақсыздық, өзгермелілік, ағымдылық мойындалатын әлем үлгілері өміріндегі эклектизмді насихатады.

Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

ОНТОЛОГИЯ
(грекше on, ontos - болмыс,
logos - ілім)
Бұл термин
философия тарихында
ХҮІІ ғ. бастап қолданылады.
Бірақ жалпы болмыстың
және ол туралы
философиялық ойлардың
қалыптасуы
өте ерте кезеңнен басталады.
Болмыс мәселесі -
діни иллюзиялардан
бас тартқан
философиялық
рефлексиялардың бірі.

Р. Гоклениус
(“Философиялық лексикон”,
1613)
“Онтология” терминін енгізген
И. Клауберг
(“Онтософия”,
1656)
Практикалық қолданыста
ұғымды негіздеген Христиан Вольф.

Шығыстық мәдениетте болмыс мәселесі шынайылық пен өткіншіліктің баламасы ретінде Үнділердің «Ригведа» гимндерінде талданады.
Әлем мен адам тұрақтылығының кепілі - универсалды, толыққанды, абсолюттік ақыл-ой.
Абсолюттік ақыл-ой - абсолюттік болмыстың бейнесі.

Платон “идеалдық әлем” болмысы ойын ұсынып, болмыс парадигмасының екі жағын ашты:
“Феноменалды болмыс”
- пайымдау арқылы жетуге болатын көрінетін деректі болмыс;
“Метафеноменалды болмыс”
- көрінбейтін, түсінілмейтін, дерексіз болмыс.

Аристотель: “метафизика - ойдың эмпирикалық әлем шеңберінен шығып, метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге ұмтылуы”.
Ол милеттіктерден Платонға дейінгі философиялық ой дамуы бағытын түйіндей отырып, метафизиканың 4 анықтамасын берді:
Бастапқы немесе жоғарғы бастаулар себебін зерттеу;
Болмысты тану;
Субстанция туралы білім;
Құдай туралы білім.

метафизикалық
зерттеу
логикалық
зерттеу

Болмыс мәселесі:
Антик философиясында космоцентристік;
Ортағасырда теоцентристік;
Жаңа дәуірде ғылыми сипатқа ие болды.
Гегельше - болмыс формаларын жіктеп сапа, сан, өлшем формаларына бөлді.

Батыстық өркениеттің кеңістіктік-уақыттық өсуі адамзаттың белсенді әрекеті шекарасын кеңейту қажеттілігін барған сайын алға тарта отырып, табиғи және әлеуметтік әлем туралы идеяларды негіздейтін жаратылыстанымдық-ғылыми және философиялық концепцияларды дүниеге әкелді.
Субстанция - абсолюттік бастауды, түпнегізді бейнелеу үшін қолданылатын ұғым.


Мартин Хайдеггер: «Болмыс мәселесі кім үшін маңызды және оның қандай мәні бар?» деген сұрақ қойып, болмысты талдауда ғылыми танымға айрықша мән береді.
Ол адам болмысын «осы-болмыс» деп атап, осы болмыстың болмысы онтологиялық мәселе, осы болмыс әрқашан әлемдегі болмыс, ал әлем «болмыс ішінде де» және «болмысқа қарай» өлшемдерімен беріледі. Осылайша ол «адам өзінің көретін бүкіл нәрселерін ненің арқасында көре алады» деп ой толғайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz